Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз. - копия 1.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

2. Көсемше арқылы:

а) -а, -е, -й жұрнақтары:

Мысалы : Микрофон дауысы шыға бере, отырғандартынышталды.

ә) -қалы, келі,- ғалы, -гелі жұрнақтары:

Мысалы : Нұржан осы әңгімені қозғағалыбері, жолдасы да қызыға тыңдайтын болды.

б) -ып, -іп, -п жұрнақтары:

Мысалы : Бір уақытта олардың дауыстары да естіліп,иағасының шапаны көзіне оттай басылды.

3.Шартты рай арқылы:

Мысалы : Оспан артына қараса,көш те жақындап қалғанекен.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың мағыналары.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастардағы оқиғаның орындалу барысы бір мезгелде де, ір мезгіл шеңберінде де өтеді.Осындай ерекшелігін негізге алып,оларды екі түрге бөлуге болады:бір мезгілдес сабақтас,әр мезгілдес сабақтас.

Баспа

Баспа (ангина)дегеніміз-гректің бату,қысу деген сөзінен шыққан, әр түрлі микроорганизмдер,көбінесе стрептококтар мен стафилококтар туғызатын өте жұқпалы ауру.Бұл кесел ағзаға суық тигенде, өте суық сусын ішкенде пайда болады.Салқын тиген кезде ағза әлсіреп,микробтар ауруды қоздырып,тамақты қабындырады.

Ауру басталғанда дене қызуы көтеріліп,жұтынғанда тамағы ауырады;науқастың жалпы жағдайы нашарлайды. Әдетте астыңғы жақ лимфа түйіндері үлкейеді. Ауру 5 күннен 7 күнге дейін созылады.Асқыну болмаған жағдайда сауығып кетеді.

Емдеу. Науқасты оңаша ұстау қажет.Сульфаниламидтік препараттар ішкізеді,тамағын фурацилин натрий гидрокорбанаты ерітінділермен шайғызады.Аурудың интоксикация құбылыстары болып, ауыр тиген жағдайда антибиотиктерді парентералдық әдіспен 7-8 күн бойы енгізеді.Бұл ауру қайталай берсе,созылмалы түрге ауысады. Ал баспа асқынса, қан арқылы жүрекке, бауырға, бүйрекке зардабын тигізеді. Сондықтан баспамен қайталап ауырудан сақтану маңызды, ол үшін тіс жегіні, мұрын мен жұтқыншақты емдеу қажет (ультракүлгін сәуле беру,дәрігердің көрсетуімен аденоидтарды алып тастау).

Сөздік

Туғызу-порождать

Жұтынғанда-при глотании

Астыңғы жақ- нижняя челюсть

Түйіндер-узлы

Сауығу-выздороветь

Оңаша-отдельно

Шайғызу-полоскать

Ерітінді-раствор

Енгізу-ввести

Қадағалау- наблюдать

Тіс жегі-кариес

Зардап –последствие

1-Жаттығу

Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Баспа қандай ауру?

2.Ауру қалай басталады?

3.Ауруды немен,қалай емдейді?

4.Баспа асқынса,қандай мүшелерге зардабын тигізеді?

5.Сіз баспамен жиі ауырасыз ба?

2-Жаттығу

Мәтінді бірнеше рет қайталап оқыңыз. Бірінші рет неше минутта оқыдыңыз? Соңғы оқығаныңызға қанша минут уақыт кетті?

3-Жаттығу

Баспа тыныс алу жүйесі мүшелерінің ауруына жатады.Тыныс алу жүйесіне қандай мүшелер жатады?

4-Жаттығу

Мәтінді қаза тіліне аударыңыз.

5-Жаттығу

Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Возбудителями ангины могут быть стрептококки, стафилококки, пневмококки, другие микробы.Больного ангиной надо кормить жидкой пищей, не давать ничего холодного.Слизистая оболочка глотки краснеет,миндалины увеличиваются. Чаще всего при этом страдают сердце,почки,суставы. Больной должен обязательно соблюдать диету.

6-Жаттығу

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді тауып, оған сұрақ қойыңыздар.

1.Мен Қара теңізде демалғанда, Ербол Алматыда еді. 2. Жеңіс автобусқа отырғанда, Сәлима да келіп үлгерді. 3. Перизат үйден шыққанша, машина да келді. 4. Сіз тамақтанып болғанша, біз сізді көшеде күтеміз. 5. Мен шымкент қаласына барғанда, Ғазизаны көрген едім.

Сабақтың тақырыбы: Амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Бронхит.

Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;

-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не ?

2. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

3.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге мысал келтір.

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Амал бағыныңқылы сабақтасқұрмалас сөйлемді басқа түрлерінен ажырата білуге үйрету, сөйлеу дағдысын жаттықтыру. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді пайдаланып, әңгіме-сұхбат құруды, дұрыс сөйлеуді дамыту.

Студент нені білу керек:

  • Амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалуын;

  • Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрауды;

Студент нені меңгеру керек:

  • Амал бағыныңқылы сабақтассөйлем құру дағдысын;

  • Мәтіндегі жаңа сөздерді;

  • Ауызша сөйлеу дағдысын.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Берілген мәтінді тірек ете отырып, өз бетінше 4 амал бағыныңқылы сабақтасқұрмалас сөйлем жасап келу. сөйлем жазып келу. Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді орысшаға аудару.

Амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Бағыңынқы сөйлемде басыңқыда орындалған оқиға, іс-әрекеттің қалай,қандай жолмен жүзеге асқандығы жайында айтылатын сабақтас сөйлем түрі амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады.

Мысалы:Жүрегі дүрсілдеп,түсі бозарып кетті.

Амал бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары