Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз. - копия 1.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

Оқы, сұра, жина,ойна етістіктерін ырықсыз етіске айналдырып,сөйлем құраңыз.

2-жаттығу.

Жоғарыдағы мәтіннен ырықсыз етістерді табыңыз.

3-жаттығу.

Мәтіннен түсінгеніңізді айтып,түсініксіз сөздердің баламасын табыңыз.

4- жаттығу

Ырықсыз етістерге мысал келтір.

5- жаттығу

Өзіңіз келтірген мысалдарға сөйлем құраңыз.

6- жаттығу

Етіс категориясының үш түріне сөйлемдер құрастырып, көрсетілген жолдарға жазыңыздар. Етіс категориясы: 1. Негізгі 1.................................... 2. Өздік 2........................................ 3. Өзгелік 3........................................

7-жаттығу

Төмендегі етістерге морфологиялық талдау жасаңыздар. Ү л г і: Аударғызды: аудар – етістіктің түбірі; -ғыз – өзгелік етістің жұрнағы; -ды –етістіктің жедел өткен шағының жұрнағы. Сезінеді, істетеді, бергізеді, айтқызады, қырын, таран, боян, сақтандыр, шошын, теңестір.

8-жаттығу

Берілген етістерді жіктеңіздер. Ү л г і: Сы+зы+су: Мен сызыстым, сен сызыстың, сіз сызыстыңыз, ол сызысты. Біз сызыстық, сендер сызыстыңдар, сіздер сызыстыңыздар, олар сызысты. Жазылу, келісу, киіну, мақтану, ойлану, алысу, қабылдасу, есептесу, жинасу.

9- жаттығу

Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, ырықсыз етістің (страдательный залог) жұрнақтарын тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. Гости приглашены. Письмо отправлено. Белье постирано и выглажено. Квартира убрана. Талгат записался в кружок иностранных языков. Люди собрались на собрание. Дома и деревья покрылись белым снегом. Мы поднялись с первого этажа на второй на эскалаторе. Урок окончен. Я выздоровила. Было выпито много чая. Много книг было прочитано.

10-жаттығу

Етіс түрлерін ажыратыңыз.

Байлат, қыздыр, сөндір, теріс, таран, қысыл, тыйыл, сөгіс, сойыл (-ды), малдыр, шешіл, салын (-ды), қайтарт, сайлат, аударыс, қинал, тарат, қонғыз, бөлгіз, сұран, киін, шашқыз, кетір, қатыр, айтыл (-ды), жайыл (-ды), теріс, жуыс, қалан (-ды), жазыс, қуыл (-ды), көбейттір, санатқыз, ілін (-ді), өсір, түсір, ағарт, жинат.

Сабақтың тақырыбы: Ортақ етіс. Ел ордадағы еңселі сарай.

Сабақтың түрі: теориялық жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Ортақ етістің өзіне тән ерекшелігін меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлей білу қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

Тәрбиелік:

-Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу;

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау: 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту: 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау: 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру: 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою;

Үйге тапсырма беру:

« Елордадағы еңселі сарай» мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Етістігі бар сөйлемдерді жазып , ондағы ортақ етісті табу.

Ортақ етіс