Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-tom__1178_aza_1179__1241_debietini_1187_tarik...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Есім, сені есірткен

Есіл де менің кеңесім!

Ес білгенден, Есім хан,

Қолыңа болдым cүйесін,

Қолтығыңа болдым демесін...

...Менім ер екемді көргенсің,

Әуелден бірге жүргенсің,

Дегенімді қылғансың,

Қайратымды білгенсің 298.

Жиембет жырау хан алдында бас имейді, өктем сөйлейді, өзінің кім екенін, өзі кетсе, ханның "ит түрткі көретінін", "Жиембет қайда деп сұраған елге жауап бере алмай" масқара болатынын айтады. Қыза-қыза келе Жиембет кешегі әміршісіне айбат шегіп, айбар көрсетеді. Осы тұста Жиембет өзінің батыр бейнесін сомдайды, "менің ерлігімді сұрасаң, жолбарыс пенен аюдай, өрлігімді сұрасаң, жылқыдағы асау тайыңдай, зорлығымды сұрасаң, бекіре менен жайындай, беріктігімді сұрасаң, қарағай менен қайыңдай", - деп, өзін жан-жақты мінездейді.

Есім ханға бас ұрмайтынын білдіріп, "тасқан екен мына хан, сенсіз де күнімді көрермін", – деп ашу шақырып, ат құйрығын кесіскен Жиембет жырау айдауда жүріп те қайсарлық көрсетеді:

Керегеге ілінген

Шабылмаған семсер тұр,

Жаудан алмай кегімді,

Есіл де өмір өткен құр!299 –

деп, жырау айдаудағы амалсыздыққа налиды, бірақ өзінің жолынан, ниетінен айнымайды, өрмінез қалпында қалады.

ХVІІ-ХVІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясын тағы бір биікке көтеріп, жыраулық дәстүрді ары қарай дамыта түскен үлкен талант иесі – Ақтамберді Сарыұлы болды. Ол 1675 жылы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан әйгілі Қаратаудың қойнауында ауқатты феодалдар үйінде туған. Ата-анасынан ерте айырылған ол жамағайын туысы Бердіке деген батырдың қолында өседі. Бердіке болашақ жырауды жастайынан соғыс өнеріне баулып, оның мінез-құлқына ерлік, қайсарлық қасиет дарытады. Ақындық таланты ерте білінген Ақтамберді 10-11 жасында-ақ өлең шығара бастайды, ал 17-ге толғаннан соң қазақтардың Моғолстанға, Жоңғарияға жасаған жорықтарына қатысып, ұрыстарда қаһармандық көрсетіп жүреді. "Ақтабан – шұбырынды" уағында Ақтамберді атақты батыр әрі жырау, Орта жүзге қарайтын руларды басқарушы ретінде көрінеді. Батыр жырау қазақтардың жоңғарлықтарға қарсы күресін ұйымдастырғандардың бірі болады, өзі қазақ жасағының алдыңғы сапында шайқасады. Жоңғар мемлекеті күйрегеннен кейін Ақтамберді өзінің зор беделі мен жыраулық сөзі арқасында елді соңына ертіп, жаудан азат етілген ата-мекенге орнықтыруда орасан еңбек етеді. Өзі солармен бірге Қазақстанның шығысына көшіп келеді. Ақтамберді жырау 93 жасында, яғни 1768 жылы, қайтыс болады. Оның күмбезі Шыңғыстаудың "Құндызды" деген жерінде, "Жүрек жота" деп аталатын төбенің басында.

Ақтамберді жыраудың әзірше бізге мәлім 26 шығармасы бар, олар тақырыбы жағынан үш топ құрайды да, осы үш топ жырау өмірінің үш кезеңін бейнелеп, содан хабар береді: жастық шағы, кемеліне келіп, даңққа бөленген кез және қартайған уақыты. Осыдан болу керек, Ақтамберді поэзиясында каһармандық пен лирикаға тән нәзіктік, қатал шындық пен сағым қиял қатар өріліп, аралас жүреді.

Бірінші топқа жататын шығармалар Ақтамбердінің жас кезінде, көңілі жүдеп жүрген шақта туған болуы керек. Ол өлеңдері мен толғауларында тағдырға налу, жалғыздық пен кедейшіліктен торығу, өзінің нашарлығына қорлану, өкіну-өксу бар. Автордың өзі де, оның лирикалық кейіпкері де жалғызілікті, қорғансыз, барлық жерде өзінің әлсіздігін сезеді, зорлық-зомбылық көреді. Ол осындай халін уайымдайды, бірақ келешектен үмітін үзбейді. Жылдамырақ есейгісі, елдің қатарына қосылып, дұшпандарынан кек алғысы келеді, соны армандайды.

Дұшпаннан көрген қорлығым

Сары су болды жүрекке,

Он жетіде құрсанып,

Қылыш ілдім білекке,

Жауға қарай аттандым

Жеткіз деп, құдай, тілекке!300

Міне, бұл – Ақтамбердінің кәмелетке жетіп, өзін-өзі қорғай алатын шаққа келгендегі көңіл-күйі, арманына жеткен сәті. Осыдан бастап Ақтамбердінің тасы өрге домалап, ол атақ-даңққа ие болады.

Ақтамберді өмірінің көбін жорықта, ат үстінде, жортуылда өткізген. Ол өз маңайы ғана емес, алыстағы шет елдерге де сапар шеккен, оларға шабуыл жасаған жасақтардың ішінде болған. Ең бастысы және Ақтамберді үшін ең қиыны сол – қазақтардың жаудан басым түсіп, тізесін бүктіргенін ғана емес, ойраттардан ойсырай жеңілгенін көзімен көріп, басынан өткерген, өз ағайындарының ерлігімен бірге сужүрек қорқақтығының да куәсі болған... Қалай болғанда да, Ақтамберді қорықпай-үрікпей қалың шайқастың ортасында болып, қазақ қолын жеке қаһармандығымен де, жалынды жырымен де жігерлендіріп, қайраттандырған, оларды ерлікке шақырған, жасақтардың жеңіске деген, өз күшіне деген сенімдерін арттырған, оларды жауға тойтарыс беруге жұмылдырған:

Балпаң, балпаң кім баспас,

Басарға балтыр шыдамас.

Батырмын деп кім айтпас,

Барарға жүрек шыдамас.

Жалтара шапсаң, жау қашпас,

Жауды аяған бет таппас.

Уа, жігіттер, жандарың

Жаудан аяй көрмеңіз,

Ғазырейіл тура келмей жан алмас!301.

Қасындағы жасақшыларға арналып айтылған осы шумақта Ақтамберді шайқасқа кірер алдындағы жігіттерді қайраттандыру үшін "батыр–жау" деген оппозициялық ұғымды аллитерация әдісін пайдаланып, алғашқы төрт жолды "б" дыбысынан бастап, "батырлық" деген не, "батыр" қандай болады деп айтса, шумақтың екінші жартысындағы бес жолдың үшеуін "ж" дыбысымен бастап, "жау", "жасқаншақ", "жаман" деген ұғымдарды беріп тұр. Міне, жорықта айтылатын жырау толғаулары осы іспеттес болып келеді.

Осындай ерлік пен табандылықты жырлайтын толғаулар Ақтамберді шығармаларының екінші тобын құрайды. Осы топтағы өлеңдерде Ақтамберді жыраудың арман-аңсары, дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы айқын көрінеді. Оның лирикалық кейіпкері көп нәрсені армандайды. Бірде ол "омырауы есіктей, ойынды еті бесіктей, табаны жалпақ тарланды мініп", "аңдысып жүрген дұшпанның айттырса бермес cұлуын тегін олжа қылуды" армандаса, енді бірде елде тыныштық орнап, жұрттың көңілі өсіп, бейбіт өмір сүруді, алқалы жиын өткізіп, билер мен кеңес құруды мұрат етеді. Осы тектес армандар тізбегінен тұратын "Күлдір-күлдір кісінетіп" деп аталатын толғаудың орны ерекше, мұнда Ақтамберді жауынгер жырау ғана емес, Асан тәрізді ел қамын жеген, халықтың халін жақсартуды көксеген абыз жырау деңгейіне көтерілген. Егер Асан Қайғы елге құтты қоныс іздеп, жер шарласа, Ақтамберді ондай Жерұйықты өзінің поэзиясында бейнелеп, ырысқа кенелген, бақытты елдің утопиялық өмірін арман арқылы суреттейді. Ол "құрап, жанды көп жиып, өз алдына ел қылуды" армандап, сол елдің бақытты, рахат тіршілігін мынадай күйде көреді:

Асқар бір тауды жайласам,

Желілеп бие байласам,

Күнде жиын, күнде той

Қыз-бозбала ойнатсам.

Тентегін түзеп байқа деп,

Ішінен биді сайлатсам.

Құлым бір ұлдай киінсе,

Көркемін көрген cүйінсе,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]