Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-tom__1178_aza_1179__1241_debietini_1187_tarik...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Суда жүрген ақ шортан

Қарағай басын шалмай ма?

Мұны неге білмейсің?

Қош-аман тұр, Жәнібек,

Енді мені көрмейсің445, –

деп, біржолата ат құйрығын кесісуге дейін барады.

Бұл толғау Асан қайғының ертеден жанын жегідей жеген ой-арманы мен мұрат-мақсатын айғақтайды. Мұндағы “ақ шортан” мен “қарағай” бейнесі Асанға дейін де, одан кейін де ешбір жырауда ұшыраспаған тың суреттеме екенін атап айтуға тиіспіз. Рас, жыраулық поэзияда адам өміріндегі көріністі табиғат құбылыстарымен астастыра сипаттау бұрыннан бар, алайда бұлар мұндай күрделі, астарлы мәнге көтеріле қоймаған. Жырау патша өкіметінің отарлау саясатының найза бойламайтын зұлымдығын ашып көрсету үшін, әдейі бір-біріне қарама-қарсы, от пен судай сирек кездесетін таңғажайып құбылыстарды (су мен шексіз шөл дала, ақ шортан мен қарағай) салғастыра алып, алдымен ханға, қала берді халыққа ой салуды, олардың ұйқыдағы сезім-санасына ұмытылмастай әсер етуді мақсат еткен. Бір қарағанда судағы ақ шортанның шөл даладағы қарағай басына ұшып барып қоныс табуы өмірде кездеспейтін құбылыс секілді болып көрінеді, алайда су ішіндегі кейбір балықтардың кезі келгенде бір теңізден екінші теңізге ұшып барып мекендейтіні де мәлім. Қалай десек те, ұлы жырау осы ерекше құбылысты ерте ескертіп жатпай-тұрмай “Жерұйыққа” (Жиделібайсынға) ел болып қоныс аударудың қажеттігін ұсынады. Бұл тақырыпқа Асан қайғы кейін тағы бір оралып, отарлау мен бодандықтың неге әкеліп соғатынына дейін нақтылап ашып береді. Мұнда ол бұрыннан таныс ақ шортан мен қарағайды тағы да мәні зор түйінді бейне ретінде алып суреттейді:

Бұдан соң қилы-қилы заман болар,

Заман азып, заң тозып жаман болар.

Қарағайдың басына шортан шығып,

Балалардың дәурені тамам болар.

Ол күнде қарындастан қайыр кетер,

Ханнан – күш, қарағайдан шайыр кетер.

Ұлы, қызың орысқа бодан болып,

Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер?446

Асан толғауларының саяси-әлеуметтік сипаты оның жоғарыда сөз еткен “ Әй, хан, мен айтпасам білмейсің ” атты жырымен қатар, “Қырында киік жайлаған”, “Алты атанға қос артып” тәрізді жырларында да ұшталып, тереңдей түскен. Әсіресе, “Қырында киік жайлаған” атты толғауы елдің Шу бойына көтеріле көшкен кезеңін бейнелейді. Жырау, неге екені белгісіз, ел-жұрттың Ойыл мен Жем бойынан қоныс аударуын қолайлы көрмеген, қайта бұл мекеннің, сондай-ақ Еділ мен Жайықтың, алтын мен күмістей қымбат, суы мол шүйгінді қонысының асыл қасиеттерін баса айтқан.

Қырында киік жайлаған,

Суында балық ойнаған.

Оймауыттай тоғай егіннің

Ойына келген асын жейтұғын,

Жемде кеңес қылмадың,

Жемнен де елді көшірдің.

Ойыл деген ойынды,

Отын тапсаң тойынды.

Ойыл көздің жасы еді,

Ойылда кеңес қылмадың,

Ойылдан елді көшірдің! –

деп қана қоймай, елге құт болған Еділ мен Жайықты қимай, сол жолғы көші-қонға зор наразылық білдіреді:

Нәлет біздің жүріске,

Еділ менен Жайықтың

Бірін жазға жайласаң,

Бірін қысқа қыстасаң,

Ал, қолыңды маларсың

Алтын менен күміске447.

Жыраулық поэзияда, оның ішінде Асан толғауларында үлгі-өсиеттік, насихаттық, тағылымдық ойларға ерекше мән беріледі. Мұның бәрі айтылар ойдың ұтымдығы мен әсерлілігіне орай қайталаулар (рефрен) мен дыбыс үндестігіне (аллитерация, ассонанс) құрылып отырады. Мәселен:

Көлде жүрген қоңыр қаз

Қыр қадірін не білсін!

Қырда жүрген дуадақ

Су қадірін не білсін!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]