- •Он томдық
- •Алтын орда дәуіріндегі әдебиет
- •Хорезми
- •Бурхануддин Рабғузи
- •Кунгулга дуниада сурур турур30, –
- •Адамның ешбiрiне қылмас жәбiр,-
- •Мысырдағы қыпшақ әдебиеті
- •Осымен атақтымын Мысырда өзім
- •Тарихи шежiре және көркемдiк дәстүр
- •Әбiлғазы БаҺадүрхан
- •Қадырғали Жалаири
- •Захириддин Мұхаммед Бабыр
- •Мұхаммед Хайдар Дулати
- •Түркі сөздерінен тұратын ұйқастар
- •Араб-парсы сөздерінен тұратын ұйқастар
- •Түркі-араб, парсы сөздерінен тұратын ұйқастар
- •2 Шатр (мисраъ) 1 шатр (мисраъ)
- •Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет
- •Ал, қолыңды маларсың
- •Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер?-
- •Қырда жүрген дуадақ
- •Мынау жалған дүние Кімдерден кейін қалмаған!293 –
- •Есім, сені есірткен
- •Керегеге ілінген
- •Атымтай Жомарт секілді
- •Болмашыдай анадан
- •Білегі жуан Бүркіттің Тегеуірініндей Бөгембай! 306.
- •Жыраулық және ақындық поэзияның даму ерекшеліктері
- •Көлден қулар ұшар ма? –
- •Сыпыра жырау
- •Білсе, білмесе бу ишні Сафардау білер бу ишні364, –
- •Суда жүрген ақ шортан
- •Ауылдағы жамандар
- •Көшіп-қонып жүрмеген
- •Сұңқар қайдан табарсың?
- •Жалп-жалп еткен бәйтерек
- •Талайсыз Шалкийіз бұ күнде
- •Доспамбет жырау
- •Аймадетке оқ тиді
- •Той тойлаған өкінбес! –
- •Ат салмай өтер күн қайда?!
- •Тегеурінді болат темірдің
- •Жиембет
- •Мұнан да былай сөйлеуім Маған да болар ауыр күш, –
- •Қаздауысты Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Ақтайлақ би Байқараұлы
- •Бөлтірік шешен
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Сыпыра жырау
Жыраулық – әрісі оғыз-қыпшақ, берісі ноғай-қазақ дәуірінен бері қарай үздіксіз жалғасып келе жатқан көне әдеби дәстүр. Қазақтағы “жыр”, “жыршы”, “жырау” сөздерінің арғы тегі бір, мұның бәрі “жыр айту”, “жырламақ” ұғымымен терең астасып жатыр.
Жыраулардың, көбінесе, елдік, қоғамдық мәні зор әлеуметтік мәселелер төңірегінде ой толғап, бүгінгі мен болашақты болжап айтатын мақал-мәтел іспеттес түйінді тұжырымдар арқылы табиғат пен адам өмірін өзара астастыра, шендестіре жырлайтыны мәлім. Бұл пікірді қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтан бастап, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, Е.Сүйіншәлиев, Ә.Дербісалин т.б. әдебиет тарихына қалам тартқан зерттеушілеріміздің бәрі де түгелдей мақұлдайды.
Жырау – белгілі бір дидактиалық не әлеуметтік тақырыпқа орай жыр үлгісімен ауызекі суырып салып айтатын қалыпты суырыпсалмалық дәстүрдің өкілі. Жыраулар, академик Ә.Марғұлан атап көрсеткендей, қоғамдық өмірдің барысы мен болашақты болжап айтушылар ғана емес, көптеген эпикалық жырларды тікелей жасаушылар да болып табылады. Сондай-ақ сол жыраулардың көпшілігінің аты-жөні мен жырлары өзге фольклорлық туындылар секілді түбегейлі өзгерістерге ұшырап із-түзсіз ұмытылып кетпей, авторлығы халық жадында сақталып отырған. Сондықтан жырауларды ұстанған дәстүрі мен көркемдік, стильдік сипаттары жағынан фольклор мен жазба әдебиеттің аралығында тұрған даралық әдебиеттің (индивидуальное творчество) бірден-бір профессионалдық өкілдері деп бағалаған жөн.
Қазақ жырауларының сан ғасырлық мұрасын, негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруға болар еді. Бірінші топқа жыраулық дәстүрдің негізін салған Ұлық жыршы, Сыпыра жыраулар жатады. Бұл кезең XІ–XІV ғасырларды қамтиды. Жыраулықтың қалыптасуын белгілейтін екінші кезеңге Асан Қайғы, Қазтуған, Шәлгез (Шалкиіз), Доспамбет, Ер Шобан шығармалары кіреді. Мұның кезеңі XV–XVІ ғасырлар. Үшінші кезеңді жыраулықтың әбден толысып кемелденген тұсындағы өкілдері Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулар құрайды. Бұған ХVІІ–XVІІІ ғасырлар жатады.
Әрбір жанрлық туындылардың пайда болып қалыптасуы оның авторларының аренаға шығуымен тікелей байланысты десек, толғау жанрының (жыраулық жанрлардың кейінгі атауы – М.Ж.) алғашқы танымал өкілдерінің бірі деп Асан қайғыны айта аламыз. Өйткені оның жырлары бізге тұңғыш рет бірыңғай өз атынан сақталып жетті. Соның өзінде әйгілі Асанның жартылай аңыз кейіпкері екенін де атап айту қажет.
Көне дәуірлерге неғұрлым тереңірек бойлаған сайын, соғұрлым жыраулардың аты мен жырларының әр алуан хикая, аңыз, әңгімелерде ұшырасатынын көреміз. Айталық, Ұлық жыршының Жошы хан өліміне байланысты туған естірту жыры да қара сөзбен келетін аңыз ішінде жүр. Осылардан бізге жақынырақ тұрған Сыпыра жыраудың өзі бірыңғай аңыз бен эпос кейіпкері ретінде сипатталады. Сондағы Сыпыра атынан берілген жыр, толғауларды жыраулықтың көне дәстүрін белгілейді десек, тек бұларды жыраудың бірден-бір өз авторлығымен сақталған жырлары деп айта алмаймыз. Бұл, сөз жоқ, туған әдебиетіміздің өркендеп дамуындағы тек өзіне тән белгі-сипаттары мен өзге де қайталанбас табиғи ерекшеліктері еді.
Алайда Сыпыра әлгіндей аңыз бен эпос кейіпкері еді деп, оның тарихи тұлға екеніне нұқсан келтіруге болмайды дер едік. Әсіресе, көне аңыз, әңгімелер (“Құбағұл”, “Тоқтамыс ханның хикаяты” т.б.) мен батырлар жырында (“Ер Тарғын” т.б.) сөз болатын Сыпыра Тоқтамыс хан мен Едіге тұсында жасаған тарихи адам. Шоқан Едігені “Темірланның әзірейілдерінің бірі, Тоқтамыс ханның замандасы” деп көрсетеді. Шоқан Едіге жырының 1841 жылы Жұмағұл ақыннан жазып алынғанын айта келіп, бұл жырды XІV ғасырдың ақыры мен XV ғасырдың бас кезінде туған деп жазады352. Осыған ұқсас деректер Б.Д.Греков пен А.Ю.Якубовскийдің еңбектерінде де бар. Мұнда: “Едігенің Тоқтамыс ханнан ең соңғы рет қол үзуі 1391 жылдан аз кейін болды. Тоқтамыс ханның тарих сахнасынан біржолата кетуі 1405 жылдың қаңтар айында еді”353, – деп дәйектеледі. Бұл тарихи деректер жоғарыда аталған аңыз, әңгімелермен де өзара үндесіп, бірін-бірі толықтыра түсетіні аңғарылады. Біз атаған аңыз, әңгімелер де Сыпыра жырау Тоқтамыс хан мен Едігенің соңғы айырылысу сәтіне куә болып, Едігенің ел ішіндегі әр алуан бүліншілікке бас болатынын дұрыс бағалай білгені баяндалады. Ал, біздегі “Ноғайлының ауыр жұрт” деп аталатын жырда хан мен Едігенің арасындағы наразылыққа орай Сыпыраның Едігені есебін тауып өлтіру қажет деген шешімі де жыраудың бұқара мүддесін көздеген болжағыш, кемеңгерлігін танытады. Бұл – Сыпыраның 180 жасқа келіп, “сұм аяқ, сұпа бөрікті қарт” атанған кезі еді. Осы аса мәнді, елеулі оқиға туралы Ә.Марғұлан: “Біздің дәуірге жақындаған сайын көне заман жыршыларының бейнесі айқын сипатқа ие бола бастайды. Қыпшақ руынан шығып, аты аңызға айналған Сыпыра жырау бейнесін XІV ғасырға жатқызған жөн… Ол XV- XVІІІ ғасырдағы көптеген қазақ ақындарының көш басшысы және ноғай-қазақ эпостарын (“Ноғайлы жыры”) бірден-бір жасаушы кісі… Қарт жырау ел аңыздарына қарағанда, ең соңғы рет (“халық толқуларына орай”, (1393) Тоқтамыс ханның шақыртуымен Маңғыстаудан әдейі келіп, хан сарайында келелі жыр толғаған”354, – деп жазады.
Сыпыра жырау туралы сан қилы аңыз, әңгімелер мен жырлардың кезінде жарық көріп зерттелуіне Ш.Уәлиханов, В.В. Радлов, И.Н.Березин, Г.Спасский, М.Османов (құмық ақыны), С.Сейфуллин, Ә.Диваев, Қ.Сәтбаев сияқты жинаушы-фольклористердің елеулі үлес қосқаны мәлім. Айталық, В.В.Радлов өзінің халық әдебиетінің үлгілеріне арналған көп томдық еңбегінде барабы, құрдақ, қырым татарларында кең тараған әр алуан аңыздарды жазып алып жариялады355. Ал, М.Османов өзінің “Ноғай уа құмық шығырлары” деген кітабында “Тоқтамыс ханның хикаяты” атты жыр аралас көлемді аңыз-әңгімені бастырып шығарды356. Сондай-ақ кейінгі кезеңде С.Сейфулиннің “Қазақ әдебиеті” деген жинағына Сыпыра атынан айтылған әйгілі “Ноғайлының ауыр жұрт” атты толғауы еніп жарық көрді357. Бұлардан тыс осы тақырыптағы аңыз, жырлар әртүрлі хрестоматия, жеке жинақтарда да үздіксіз басылып келеді358.
Әсіресе, осылардан 1927 жылы Қаныш Сәтбаев көлемді алғы сөз жазып бастырған “Тоқтамыс” атты жырды айрықша атауға болар еді. Өзінің негізгі ғылымы саласында артына мәні өшпестей жарқын еңбектер қалдырған атышулы ірі ғалым Қ.Сәтбаев халқымыздың мәдениеті мен әдебиетінің дамуына да айтарлықтай ат салысқаны мәлім. Сондықтан ол осы жинаққа жазған кіріспе сөзінде қазақ халқының тарихы мен ескі әдеби мұрасы туралы бағалы да байсалды тұжырымдар айта келіп, бұл жырдағы ұмытылып бара жатқан, бірақ әлі де кәдеге жарап, тіл қорын байыта алатын көне сөздерге жанашырлықпен зер сала қарап, оларды жаңа дәуірде жаңғырта қолдануға алғаш назар аударады. Ал, сондағы Сыпыра жырауды автордың халқымыздың даналық, шешендік үлгісінің кемеңгер өкілі ретінде жоғары бағалап: “Көсемдік, даналық майданында ел қиялының төрешісі еді”, – дей келіп, тағы да оны: “Топ бастайтын көсемдік, сөз бастайтын даналық, көптен үздік даралық, қажусыз еңбек, қайтымсыз жігер, мұқаусыз қайрат”359 деуін де әдебиет тарихы үшін аса қажетті пікір дей аламыз.
Сыпыра жырау қазақ пен ноғай, қарақалпақ пен башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына бірдей ортақ, әдеби тұлға. Мәселен, қазақтар оны “Сыпыра”, “Сыпыра жырау” (Шоқан жазуы байынша) деп атаса, ноғайлар “Сыбыра иырау”, қарақалпақтар “Соппаслы Сыпыра жырау”, башқұрттар Сыбырай иырсы, барабы татарлары “Сафардау”, құрдақ татарлары “Сұрғантайұлы Сұпыра”, ал, қырым татарлары “Сыпыра жырау” деп атап кеткен. Сондықтан Сыпыра жырау туралы пікір айтқанда, оның өзге туысқан әдебиеттерде жасалған бейнесіне де зер салып салыстыра зерттеуге тиіспіз.
Осы орайда туысқан елдер әдебиетіндегі Сыпыра жырау бейнесінің жасалуында біздегі жырлармен көптеген үндестіктері бары байқалады. Сыпыра оларда да біздегі секілді бірыңғай аңыз, әңгімелер мен эпос кейіпкері болып сипатталады. Айталық, қарақалпақ зерттеушісі Н.Дәуқараев Сыпыра жырауды дастаншылық мектебінің ұлы ұстазы, қарақалпақ жырауларының атасы деп бағаласа360, Қ.Мақсетов Сыпыраны әлгіндей ерекшеліктерінен тыс, қарақалпақ, қазақ, ноғай, башқұрт және басқа ұлттарға ортақ аңыз кейіпкері ретінде алып зерттейді361. Ал, башқұрт зерттеушісі Ғ.Хусайынов оны бүкіл Орал мен Алтайдың даңқты жыршысы дей келіп, Сыпыраның өздеріндегі “Ідекей мен Мұрадым” дастанында басты кейіпкер болып сипатталатынын атап көрсетеді. Мұнда ол Сыпыра жырау атынан берілген “Ей, Оралтау, Оралтау” атты толғаудың құрылысы жағынан өзгеше болып, ерлік пен ездікті, әділдік пен жауыздықты, шындық пен көлгірлікті шендестіре жырлайтынын айтады362. Дәл осы іспеттес пікірлер ноғай әдебиетшісі Ә.Сикалиев еңбектерінен де ұшырасады363.
Сыпыра жыраудың болжағыш-білгірлігі мен көрегендігін баяндайтын барабы татарларының, құрдақ татарларының, қырым татарларының, ноғайлардың аңыз, әңгімелерінің мазмұнында көптеген ұқсастықтар бар. Бұлардың бәріне тән ортақ мазмұн төмендегіше болып келеді: Тоқтамыстың әкесі Тойқожа ханның (кейде бір ханның) Құтлықия деген уәзірі бір аяулы лашын құсты (енді бірде сол құстың жұмыртқасын) ханға айтпай Сәтемір ханға (бірде Ақсақ Темірге) жасырып беріп жібереді. Хан мұны біліп қалып, уәзірін дарға асып өлтіреді. Құтлықияның баласы Едіге (Құба ұл) бір сенімді досының қолында өсіп ер жетіп, кейін Тоқтамыс ханның малын бағып жүреді. Сол бала жас кезінен-ақ ел ішіндегі не бір қиын дау-шарларды тапқырлықпен шешіп, кемеңгер би де атанады… Жалшысы үйге кіріп келгенде, хан өзінің шошып орнынан ұшып тұрғанын білмей қалады екен. Мұны әйелі ханға айтса, ол бұған сенбепті. Сол үшін әйелі бірде ханның етегін инемен жастыққа түйреп қойыпты. Содан барып хан өз жағдайын біліп, Құба ұлдың кім екенін анықтау үшін, әдейі төтенше кеңес шақырыпты. Ешкім бұл мәселеде жөнді жауап айта алмай, жұрт дал болып отырғанда, уәзірі Жанбай (кейде Янбай, бізде Кеңестің ұлы Көк Жанбай) көне көз Сыпыра жырауды алдырып, ақыл-кеңес сұрауды ұсынады. Қарттықтан қажып жібекпен жағын тарттырған Сыпыраны алтын күймеге отырғызып алып келеді. Жырау ханға, ең алдымен, Құба ұлдың кім екенін айтып, оның ертеде өлген әкесі үшін (Құтлықияны Тоқтамыстың әкесі Тойқожа өлтірткен), ескі кегі бар екенін ескертеді. Хан төңірегіндегілермен кеңесіп оған у беріп өлтіртпек болады. Құба ұлдың досы Жанбайдың (біздегі жырда Аңғысын баланың) ақылымен ол бұл өлімнен де құтылып, Сәтемір ханға сапар шегеді. Хан оны кері қайыруға Жанбайды жібереді, бірақ ол алған бетінен қайтпайды…
Осындай хандық үшін болғалы тұрған қанды қырғын талас-тартыстарға орай ел ішінің бүлінбеуін көздеген Сыпыра бұл істе де көрегендік танытады. Сондықтан жоғарыда аталған әңгімелердің бәрінде де ол көп жасап, көпті көрген сәуегей, дана қарт бейнесінде көрінеді. Жырау тіпті бір әңгімеде 120 жас, екіншіде 180 жас, тағы бірінде 390 жас жасаған еді делінеді. Айталық, барабы татарлары әңгімесінде Қыпшақ деген би Сыпыра туралы:
Ханым, ием төрем,
Мен де білбес иш иган,
Сенде білбес иш иган,
Камнаулай бажы кашқайған,
Кундіздей тіжі сарғайған,
Азулар тіжі божаған,
Юз иигирма яшаған,
