- •Он томдық
- •Алтын орда дәуіріндегі әдебиет
- •Хорезми
- •Бурхануддин Рабғузи
- •Кунгулга дуниада сурур турур30, –
- •Адамның ешбiрiне қылмас жәбiр,-
- •Мысырдағы қыпшақ әдебиеті
- •Осымен атақтымын Мысырда өзім
- •Тарихи шежiре және көркемдiк дәстүр
- •Әбiлғазы БаҺадүрхан
- •Қадырғали Жалаири
- •Захириддин Мұхаммед Бабыр
- •Мұхаммед Хайдар Дулати
- •Түркі сөздерінен тұратын ұйқастар
- •Араб-парсы сөздерінен тұратын ұйқастар
- •Түркі-араб, парсы сөздерінен тұратын ұйқастар
- •2 Шатр (мисраъ) 1 шатр (мисраъ)
- •Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет
- •Ал, қолыңды маларсың
- •Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер?-
- •Қырда жүрген дуадақ
- •Мынау жалған дүние Кімдерден кейін қалмаған!293 –
- •Есім, сені есірткен
- •Керегеге ілінген
- •Атымтай Жомарт секілді
- •Болмашыдай анадан
- •Білегі жуан Бүркіттің Тегеуірініндей Бөгембай! 306.
- •Жыраулық және ақындық поэзияның даму ерекшеліктері
- •Көлден қулар ұшар ма? –
- •Сыпыра жырау
- •Білсе, білмесе бу ишні Сафардау білер бу ишні364, –
- •Суда жүрген ақ шортан
- •Ауылдағы жамандар
- •Көшіп-қонып жүрмеген
- •Сұңқар қайдан табарсың?
- •Жалп-жалп еткен бәйтерек
- •Талайсыз Шалкийіз бұ күнде
- •Доспамбет жырау
- •Аймадетке оқ тиді
- •Той тойлаған өкінбес! –
- •Ат салмай өтер күн қайда?!
- •Тегеурінді болат темірдің
- •Жиембет
- •Мұнан да былай сөйлеуім Маған да болар ауыр күш, –
- •Қаздауысты Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Ақтайлақ би Байқараұлы
- •Бөлтірік шешен
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Ауылдағы жамандар
Ер қадірін не білсін!
Көшіп-қонып жүрмеген
Жер қадірін не білсін!
Көшсе, қона білмеген,
Қонса, көше білмеген,
Ақылыңа көнбеген
Жұрт қадірін не білсін! –
деп, немесе:
Тұрымтай торғай іле алмас,
Қанаты сынып қайырылса.
Жер таянбай тұра алмас,
Жеткіншектен айрылса448, –
деп келетін Асан қайғы жолдарында оның жекелік сипаттан ұтымды жинақтауларға бой ұрғаны аңғарылады. Бұлары кейде қоғамдық тұрмыстың мән-жайын айтуға байланысты әлеуметтік, азаматтық әуенге құрылады. Осындай өз ара шебер астасқан салыстырулардың жалпы адамгершілік қағидаға сай өмірлік өзекті мәселелерге жауап беру талабынан туғанын аңғару қиын емес. Асан қайғының:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер?!
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер?!449
деп келетін бір ғана шумақ жырынан табиғат пен адам өмірі туралы түйген пәлсапалық толғанысты көреміз.
Жырау – жиған-терген өмірлік тәжірибесі мол, ақыл иесі, парасатты адам, осыған орай бұлар өткенді саралап, електен өткізіп, болашаққа да сеніммен ой жүгірте алады, мұндай болжам, ой-толғаныстарын көбінесе арнау түрінде суырып салып айтады. Ел мүддесі мен жұрт қамын өз міндетім деп санаған жыраулар қашанда өмір шындығынан ой түюге, жинақтаулар жасауға бейім. Мұнда қоғамдық мәні бар ірі мәселелермен қатар, адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынастар мен солар туралы сын-бағалары да қоса жүреді. Мәселен, адамгершілік пен зұлымдық, байлық пен кедейлік, достық пен жаулық, адалдық пен опасыздық, әділдік пен жауыздық, білімділік пен надандық, ізеттілік пен әдепсіздік секілді аса күрделі мәселелер жан-жақты сөз болып сарапталады.
Бұл мәселелерге кезінде Асан қайғы да үлкен мән берген. Жыраудың бұл топтағы жырлары мәселені көбіне-көп тұжырымды пікірлермен нақтылай отырып, мақал-мәтел іспеттес етіп құрады. Сондықтан бұл тұжырымдар дәлелдеуді көп қажет етпейді. Айталық оның “Әділдіктің белгісі” деп аталатын мына бір жырына назар салып көрелік:
Әділдіктің белгісі –
Біле тұра бұрмаса.
Ақылдының белгісі –
Өткен істі қумаса.
Жамандардың белгісі –
Жауға қарсы тұрмаса.
Зұлымдардың белгісі –
Бейбіттің малын ұрласа.
Надандардың белгісі –
Білгеннің тілін алмаса.
Шамаңша шалқып көре бер,
Қабірге әзір қоймаса.
Артыңда қалған атақ жоқ,
Тіріде даңқың болмаса450.
Жыраудың ізгілік, бірлік, татулық, жалпы адамгершілік жайындағы түйген ойлары да сол дәуір талабына сай ақыл-насихат, өсиет үлгісінде келеді. Жаугершілік пен даугершілік үстемдік еткен замандағы мына бір жолдардың дәлдігі мен дұрыстығына нұқсан келтіру қиын өйткені бұлар нақты өмірден алынып қорытылған, жинақталған ойлар:
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа...
Өзің біреу тимесе,
Кейін қарай жылыста.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтып жуыспа!
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа!451
Асан қайғы көп жағдайда өзі көзбен көрген кейбір мәнді де құнды кіші-гірім оқиғалардан үлкен түйіндеу, жинақтаулар жасауға да шебер. Бұл, сөз жоқ, жыраудың алғырлығы мен дарын қуатына тікелей байланысты көрініп отырады. Мәселен, оның:
Ердің құны сөз емес,
Есебін тапқан сабазға.
Төрден орын тимейді,
Патша болсын малы азға452, –
деп келетін жолдарын осының айғағы дер едік.
Жыраулық толғаулардың басты белгісін құрайтын өмірлік салыстырулар мен қайталаулардың ұштала, қорытыла келе мақал-мәтелдік мәнге ауысатын кездері де бар, бірақ бұлар жыр ішінде келетін болғандықтан, сол талапқа сәйкес ой, ұйқас талабына сай тарқатылып айтылады. Айталық, “Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш” делінетін мәтел Асан қайғы толғауында:
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа453, –
деп берілген. Сондай-ақ, “Ашу – дұшпан, ақыл – дос” деген мәтелді де жырау аз-кем түрлентіп:
Ашу – дұшпан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа454, –
деп бейнелейді. Ал:
Өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғарып, –
деп, немесе:
Жас, кәрілер отырып,
Алдынан сабақ алмаса,
Қарамаса жүзіне,
Ғалым да болса сол ғарып455, –
деп келетін жолдардың “өзіңде жоқ болса, әкең де жат”, “шәкіртсіз ғалым тұл” деп келетін мәтелдермен үндес, мәндес екені даусыз. Сондай-ақ, “Өзің білме, білгеннің тілін алма” деген қарғыс мәнді тіркес Асан қайғыда:
Надандардың белгісі –
Білгеннің тілін алмаса, –
деп тұжырымдалған. Рас, реті мен жөніне қарай Асан қайғы тобықтай түйіп айтатын пікірді сан қилы салыстырулар арқылы орағыта, ұзағынан қайырып сипаттауға да мән береді, бұл – жыраулық бейнелеудің көне бір тәсілдерінен саналатыны мәлім:
Арғымағың жамандап,
Тұлпар қайдан табарсың?
Тұйғыныңды жамандап,
