Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-tom__1178_aza_1179__1241_debietini_1187_tarik...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Доспамбет жырау

Жыраулық поэзия туралы сөз қозғағанда ноғайлы дәуіріндегі әдебиет мұраларына біржақты қарап, оның ірі өкілдерін қазақ, қарақалпақ, ноғайдың әрқайсысына еншілеп келдік. Ал шын мәнінде, Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жырларын “төрде басы, төскейде малы бір болған, түбі бір туысқан, тілі етене жақын осы халықтардың төл шығармалары дегеннен гөрі ортақ туындылар деп таныған жөн болар еді. Мұның өзіндік тарихи сыры бар: Еділ мен Жайық арасын ноғайлар мен “қара бөріктілер” /қарақалпақтар/, осы өңір мен оған жапсарлас Сарыарқаны қазақтар жайлап, аралас-құралас отырған бауырлас үш халықтың әдебиеті бір арнадан тарады да, XV-XVІ ғасырларда бұл халықтардың ара-жігі соншалықты ашылған жоқ. Үш халық ішінде бәріне ортақ ру аттарының кездесуі де осы туысқандық төркінінен болар.

Сол себепті де ауылы аралас, қойы қоралас, тілі бір, тіпті әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі де бір үш халық арасында Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет аттары бірдей таралып, қазақ, қарақалпақ, ноғайға ортақ тұлғалар болып танылған. Сондықтан да алғаш рет көрнекті қазақ ақыны Ғұмар Қараш “Ғабдолла Мұштақ” деген бүркеніш есіммен құрастырып, 1910 жылы Орынборда шығарған “Шаир яки қазақ ақындарының басты жырлары” жинағында олардың жырларын жариялады да, бұл кейін жыраулар шығармаларының белгілі жазушы ғалым М.Мағауин құрастырған “Алдаспан” /1971/, “Бес ғасыр жырлайды” /1984, 1989/ жинақтарында, “Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет хрестоматиясында” /1993/ жарық көруіне негіз болды. Сонымен бірге Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз шығармалары ноғай әдебиетінің өкілі ретінде М.Османов құрастырған “Ноғай уа құмық шиғырлары” /СПб., 1883/, А.Жәнібек құрастырған “Ауыл поэзиясы иә де ноғай әдебиеті” /Мақашқала, 1935/, “Яшкав соқпақтары” /Черкасск, 1979/ жинақтарына еніп, А.Сикалиевтің “Сынап қарап, сырласып..”. атты зерттеуінде /Черкасск, 1975/ олар ноғай ақындары ретінде, ал К.Мәмбетовтың Некісте шығатын “Әмударья” журналында жарияланған мақаласында /1972. № 9/ қарақалпақ жыраулары ретінде зерттеледі.

Қазақ, қарақалпақ және ноғай халықтары бірге өмір сүрген кез жыраулық поэзияның алтын дәуірі болды. Сол себепті де бөле жаратын ештеңе жоқ екенін айта келіп, “бұл сипаттас біраз сөз үлгілеріне қазақ, ноғай қарақалпақ т.б. халықтардың ортақ еншілігі бар мұра ретінде қарау керек” деген Қ.Өмірәлиев482 пікірі мен бұл нұсқаларды осы халықтарға ортақ туындылар деп тану қажеттігін айтқан Р.Сыздықова483 ойын толық қостаған дұрыс.

Үш халық құраған “ноғайлы цикліндегі” әдебиетте үшеуінің де еншісі бар. Осы дәуірге тән жыраулар поэзиясы қазақ әдебиетінде кең арнамен дамыды да, ата-ана жер үшін, атамекен ел үшін “ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен” қан төгіп, “ақ табан шұбырынды” заманын бастан кешкен халқымыз өлең-жыр өзегін кейінгі ұрпақтарға аман-есен жеткізді. Ғасырлар қойнауынан үзік күйіңде болсын жеткен сондай асыл мұраның бірі – қазақ пен ноғайға да, қарақалпаққа да ортақ Доспамбет жырлары.

Қазақ халқының өз атымен өмір сүруі XV ғасырдың орта шені десек, осы кезден басталатын қазақтың төл әдебиетіне өзіндік үлес қосқан, сол замандағы әлеуметтік іс-шаралардың бел ортасында болып, ерлігімен де, өрлігімен де, хас батырлығымен де, өр рухты жырларымен де ел құрметіне бөленген көрнекті ақын-жыраудың бірі Доспамбет жырау.

Доспамбет – тарихи тұлға. Ноғайлының атақты биі Мамайдың заманында, яғни XVІ ғасырдың орта тұсында Азов теңізі түбінде өз алдына жеке ел болған Азулы ноғайлылардың басшысы, ел қорғаны, қол бастаған батыры немесе Азаулының Аймадет Ер Доспамбет ағасы. Жырау өз есіміне Аймадет пен Доспамбетті екі батыр деп қарастырады,484 ноғай әдебиетінде Доспамбет Азаулы деген сөз тіркесімен ғана шектеледі. Аймадет пен Доспамбеттің бір адам екендігі туралы М.Мағауин: “Бұл оның руының не тайпасының аты болса керек”... Ноғай тайпалары кейде өздерінің билерінің немесе мекен еткен жерлерінің атымен де атала береді екен. Әрине, ондай тайпалардың біраз уақыт өткен соң есімін өзгертуіне тура келеді. “Аймадет” те сондай атаулардың бірі болуға тиіс деп,485 дәлелді пікір айтады. Қазақта да ру атымен қосақтап айтылатын Албан Асан, Әубәкір Кердері т.б. ақындар біршама. Сондықтан да Аймадет, Доспамбеттің бір кісі екенінде еш күмән жоқ.

Жыраудың бүгінге жеткен мұрасы аз ғана – бар жоғы 160 жолдың көлемінде. Осы жыр үзінділерінің өзіне қарап, оның шығармаларының тікелей жорық үстінде, ұрыс майданында туғанына көзіміз жетеді. Себебі оның қазір қолда бар шағын толғауларында жырау өмірімен қоштасар алдындағы адам кейпінде өткен дәуренінің мән-мағынасы туралы терең тебіреніп ой қозғайды. Жаралы жауынгер-жыраудың көркем бейнеленген шұрайлы тіл арқылы өткен өмірімен қимай қоштасуы, ішкі қайғы мен өкініштің атқарылып шыққан зарлы мұңы, кейінгі ұрпаққа арнай сөйлеген жыр аманаты елес береді. Солай болғанмен де оның жырларындағы басты қазық – ақынның туған жеріне, еліне деген ыстық махаббаты, ынта сезімі. Бұл қасиетті ұғым жолында туған жерін жаудан қорғау – жырау үшін басты азаматтық парыз. Сол себепті де ол жауынгерлік жорық жолдарын тебірене еске алып, жырға қосады.

Доспамбет жырлары – майдан, ұрыс кезеңінің жылнамасы іспетті. Оның жырларында ел үшін, жер үшін айқас, жаралы жыраудың өлім мен өмір арасында қиналған арпалысты сәттері ерекше әсер қалдырып, жорық кезіндегі қайсар қылықтармен өршелене жауға ұмтылған ержүрек ерлердің қимыл-әрекеті көркем бейнеленеді. Бұл жырлар қазақтың қаһармандық поэзиясының нағыз бастапқы қайнар бастаулары.

Доспамбет поэзиясына тән үлкен бір ерекшелік – оның өлең толғауларындағы айтылған ой қазақ мақал-мәтелдерімен астасып, ішкі мағынасы жағынан болсын, сыртқы айтылу түрі, ұйқасы, салыстыру ерекшеліктері жағынан болсын үндесіп, қоғамдық құбылыс жөнінде нақты сөз өрнегі беріледі.

Арғымаққа оқ тиді

Қыл майқанның түбінен,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]