Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-tom__1178_aza_1179__1241_debietini_1187_tarik...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Бурхануддин Рабғузи

Орта ғасырлық жазба әдебиет ислам өркениетінің аясында пайда болды. Түркілердің шығыс мұсылман әдебиетімен жақыннан танысатын тұсы қарахандықтар билігінде басталып, Алтын Орда мемлекеті кезінде кемеліне келді. ХІІІ–ХІҮ ғасырларды қамтитын бұл дәуірдегі әдеби мұраларға Құтыбтың “Хұсрау уа Шырын” (1342 ж.), Сәйф Сараидың “Гулистан бит-түрки” (“Гүлістанның түрікшесі”)”, Әлидің “Қиссаи Жүсіп”, Рабғұзидың “Қиссаи Рабғұзи” (1310 ж), Хусам Кәтибтің “Жұмжұма” (“Бас сүйек”), Махмуд бин Ғалидың “Наһджул Фарадис” (“Жұмаққа баратын жол”), Хорезмидің “Мухаббатнама” (1353 ж.), Сиди Ахметтің “Ташшуқнама” (“Ғашық жыры”) (1435 ж.), Мухаммед Хорезмидің “Тарджума шаһнама” (“Шахнаманың тәржімесі”), сондай-ақ, авторлары белгісіз “Сиражул қулуб” (“Жүрек шырағы”), “Рахатул қулуб” (“Жүрек рахаты”) (1257-1258 ж.ж.) “Муғинул мурид” (1313 ж.) секілді шығармалар жатады.

Алтын Орда әдебиеті, негізінен екі өрісте дамыды: Біріншісі, Алтын Орда – Хорезм аймағы болса, екіншісі, Алтын Орда – Египет жерінде19. Осы дәуірдегі әдеби ескерткіштер туралы А.Қыраубаева: “Бұл дәуірдегі көркем әдебиет, негізінен екі түрлі. Біріншісі, аударма-нәзиралық шығармалар: Құтыбтың “Хұсрау уа Шырыны”, Сәйф Сараидың “Гүлістан”, Әлидің “Қисса Жүсібі”, Рабғұзидың “Қисас-и Рабғузи”, Махмуд бин Алидің “Неһдж ул Фарадис” (“Жұмаққа апарар жол”), Хусам Катибтың “Жумжума” кітабы, тағы басқалар. Екіншісі – тыңтума әдебиет: “Махаббатнама”, – деп екіге бөліп қарастырған20. Ғалым бірінші топқа араб, парсы әдебиетінен түркі тіліне жасалған еркін аудармаларды яғни, назирашылдықты жатқызса, соңғысына таза түркілік рухпен жазылған еңбекті атаған.

Алтын Орда тұсында дүниеге келген шығармалардың бірі – Насируддин Бурхануддин Рабғұзидың “Қисасул Рабғузи” атты туындысы. Бұл шығарма кейде “Қисасул әнбия” деп те аталады. Оған себеп, мұсылман халықтарында пайғамбарлар өмір тарихына арналған “Қисасул әнбия” деп аталатын тарихи-танымдық шығармалар көп болғандықтан, еңбекті автор өз атымен қоса берген. Пайғамбарлар өмір тарихына арналған Рабғұзидың бұл шығармасы хижри санағы бойынша 709 (бүгінгі жыл санақ бойынша 1309-1310 ж.) жылы жазылған. Сол кездегі қалыптасқан дәстүр бойынша автор еңбегін сол кездегі сұлтанға арнаған. Бұл туралы шығармада былай делінген: “…бұл кітапты түзген, тағат жолында төзген, мағсият жабанын кезген, аз азықты, көп жазықты (жазушы) Рабат оғызының қазысы Бұрхан ұлы Насреддин ұрығы, сатараллаху әләйхи әссәламата уә рахима шиябаху21 былай айтар. Тәжул-умара уә мухиббул улама бектер ұрығы, жігіттер тазасы, ұлы атты, құтты затты, ізгі құлықты, ислам жарығы, моңғол текті, мұсылман дінді, адамзаттар сенімі, мүміндер қуанышы, мәртебесі жоғары, ақылы шексіз бегіміз Насреддин Тоқбұға сабаталлаху әлә динил-ислам уә саламуху22”.

Бұл шығарма Насреддиннің тікелей өтініші бойынша жазылған. Ол пайғамбарлар қиссаларына өте қызығатынын, өкінішке орай сол замандағы кейбір кітаптардың қате жазылып жүргендігін, дұрыс жазылғанның өзінде де өте қысқа екенін айтып, “Енді сенің қолыңнан шыққан, қаламыңнан туған, сенің кітабың, сенің үлгің бойынша “Қисасул әнбия” болса, оқуға қажет, үйренуге жарайтын болар еді”, – деп өтініш жасаған. Содан Рабғұзи бұл шығарманы жазуға кіріскен.

ХІV ғасырда дүниеге келген Рабғұзидың “Қисасул әнбиясы” қазақ ғаламдары тарапынан біраз зерттелді. Солардың қатарында Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, А.Қыраубаева, Н.Келімбетов, Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов, М.Томанов, Н.Сағындықов секілді ғалымдардың әдеби һәм тілдік тұрғыдан зерттеген еңбектерін атауға болады. Әсіресе, А.Қыраубаева осы әдеби жәдігерді зерттеп, ғылыми диссертация жазғанын ерекше айта кеткен жөн. Ғалымның “Ғасырлар мұрасы” (1988) деген кітабында бұл шығарма алғаш рет әдеби тұрғыдан толық қарастырылды.

Тәуелсіздік алған соңғы жылдары Н.Сағындықовтың аударған “Рабғұзи қисасынан” жекелеген үзінділер “Ежелгі дәуір әдебиеті” атты Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған хрестоматияға енгізілсе, Р.Мұқанованың жасаған тәржімасы “Қисса-сул-Әнбия” деген атпен жарыққа шықты (2001).

Қолжазбаның ХV ғасырда жазылған ең ескі нұсқасы Лондондағы Британия музейінің кітапханасынан табылған. ХVІ ғасырда көшірілген нұсқасы Ленинградтағы М.Е.Салтыков-Шедрин атындағы көпшілік кітапханасында сақталған. Шығыстанушы К.Гренбек Лондондағы нұсқасын 1948 жылы Копенгагенде бастырып шығарған. Толық мәтіні 1859 жылы Н.И.Ильминскийдің атсалысуымен Қазанда басылған. Жекелеген үзінділерін 1897 жылы М.Мелиоранский, 1930 жылы С.Малов секілді ғалымдар жарыққа шығарған. Сонымен бірге Л.Будагов пен В.Радловтың белгілі сөздіктерінде де бұл шығарманың лексикалық материалдары берілген. Бұлардан басқа да Қазандағы Шамсуддин Хусаинов пен Ташкенттегі Хасан Арифжанов баспаханаларында да Рабғұзи шығармасы бірнеше рет басылған23. Сондай-ақ, “Қиссасул әнбияның” кейбір үзінділері Н.П.Остроумовтың (1874), Н.Ф.Қатановтың (1894) зерттеулерінде де қамтылған24.

Рабғұзидың “Қисасул әнбиясы” кеңес үкіметі құрылғанға дейін сол кездегі Қазан, Ташкент секілді белгілі қалалардағы баспаханаларда бірнеше рет жарық көрген. Сондықтан да бұл шығарманың құрастырушысы да, бастырушысы да көп болған. Мысалы, 1907 жылы Қазан шаһарында Исмағил Шәмсуддиновтің баспасында басылған “Қисасул әнбияны” шығарушы Ахмеджан Жалмұхамедов болса25, 479 беттен тұратын 1914 жылы Қазандағы Каримовтар баспасында жарыққа шыққан нұсқаны көшіріп бастырған Имамолла Салахбан молла Шәріп “Қазақылары” деген азамат26.

Осы аталған нұсқалардың ішіндегі ең толық әрі көнесі – Лондонда сақталған мәтін болып есептеледі. Ал, Ресей ғылым академиясы Шығыстану институтының Ленинград бөлімінде С–245 шифрімен сақталған нұсқасының алғашқы және соңғы бірнеше беттері жоғалғандықтан, кейінірек басқа мәтіндер негізінде қайта толықтырылған. Соның өзінде де бір нұсқа мен екінші мәтіннің арасындағы айырмашылықтар кездесіп отырады. Қазаннан шыққан кітаптар бір-бірінен онша алшақ кете қоймағанымен де, кейбір жекелеген өлеңдер мен хикаялар басталуы мен баяндалуы тұрғысынан өзгерістерге ұшыраған. Мысалы, 1873 жылы жарыққа шыққан Қазан нұсқасында мына өлең жолы:

Бу куңлум мурадға тикмак тилар,

Қаму халқ ара у кунмак тилар27,–

деп берілсе, 1899 жылы Қазандағы Университет баспаханасында басылған “Қисасул әнбияда” бұл өлең жолдарының алғашқы “Бу” яғни “бұл” деген сөзі түсіп қалған да, тек:

Кунглум мурадға тикмак тилар,

Қаму халқ ара у кунмак тилар28,–

деген жолдар ғана көрсетілген. Ал, ғылымдағы ең толық нұсқасы саналатын Британия музейіндегі нұсқа негізінде шығыстанушы К.Гренбектің 1948 жылы құрастырған “Қисасул әнбияда” бұл өлең жолы жоғарыда берілген 1873 жылғы Қазан үлгісімен бірдей үлгіде жасалған29. Сондай-ақ, Рабғұзи қиссаларының ішіндегі Жүсіп пайғамбарға арналған жеріндегі мына өлең 1899 жылғы нұсқада:

Ұғыл-қыз ахырадта кузга нур турур,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]