- •Он томдық
- •Алтын орда дәуіріндегі әдебиет
- •Хорезми
- •Бурхануддин Рабғузи
- •Кунгулга дуниада сурур турур30, –
- •Адамның ешбiрiне қылмас жәбiр,-
- •Мысырдағы қыпшақ әдебиеті
- •Осымен атақтымын Мысырда өзім
- •Тарихи шежiре және көркемдiк дәстүр
- •Әбiлғазы БаҺадүрхан
- •Қадырғали Жалаири
- •Захириддин Мұхаммед Бабыр
- •Мұхаммед Хайдар Дулати
- •Түркі сөздерінен тұратын ұйқастар
- •Араб-парсы сөздерінен тұратын ұйқастар
- •Түркі-араб, парсы сөздерінен тұратын ұйқастар
- •2 Шатр (мисраъ) 1 шатр (мисраъ)
- •Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет
- •Ал, қолыңды маларсың
- •Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер?-
- •Қырда жүрген дуадақ
- •Мынау жалған дүние Кімдерден кейін қалмаған!293 –
- •Есім, сені есірткен
- •Керегеге ілінген
- •Атымтай Жомарт секілді
- •Болмашыдай анадан
- •Білегі жуан Бүркіттің Тегеуірініндей Бөгембай! 306.
- •Жыраулық және ақындық поэзияның даму ерекшеліктері
- •Көлден қулар ұшар ма? –
- •Сыпыра жырау
- •Білсе, білмесе бу ишні Сафардау білер бу ишні364, –
- •Суда жүрген ақ шортан
- •Ауылдағы жамандар
- •Көшіп-қонып жүрмеген
- •Сұңқар қайдан табарсың?
- •Жалп-жалп еткен бәйтерек
- •Талайсыз Шалкийіз бұ күнде
- •Доспамбет жырау
- •Аймадетке оқ тиді
- •Той тойлаған өкінбес! –
- •Ат салмай өтер күн қайда?!
- •Тегеурінді болат темірдің
- •Жиембет
- •Мұнан да былай сөйлеуім Маған да болар ауыр күш, –
- •Қаздауысты Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Ақтайлақ би Байқараұлы
- •Бөлтірік шешен
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Жиембет
Қазақтың жыраулық поэзиясы аса бай да мазмұнды болғанымен, кейінгі дәуірге сол бағалы мұрамыздың аз ғана бөлігі жетті. Сонау Ноғайлы дәуірінде, одан соңғы Қазақ хандығы кезеңдерінде ондаған өрелі өнер өкілдері – айтулы шешен, арқалы жыраулар өмір кешкені анық десек те, бүгін тек солардың бірнешеуінің есімін білеміз, санаулы таланттар ғана қазақ әдебиеті тарихының сахнасынан өлмес орын алды. Мәселен XVІІ ғасырда өткен жыраулық поэзия өкілдерінің бізге жеткен белгілісі бірді-екілі болса, соның бірі – Жиембет, яғни екеудің бірі, егіздің сыңары.
Қазақ тарихында үлкен із қалдырған Тәуекел, Есім хан тәрізді ұлық тұлғалардың замандасы Жиембет Бартоғашұлы да өз дәуірінің озық перзенті, ойлы жырауы, белді биі болғаны күмәнсіз. Оның ел қорғау жолында көрсеткен ерліктері, хан қасындағы ақылман би, әскербасы, ұлыс көсемі ретіндегі ерен еңбектері кейінгі ұрпақтарға үлгі боп жеткені мәлім. Соның жарқын дәлелі Жиембеттің екі толғауы 1908 жылы Қазан қаласында бөкейлік әуесқой фольклортанушы этнограф Мақаш Бекмұхамедұлы бастырған “Жақсы үгіт” кітабында500 жарық көрді. Осыдан соң жыраудың осы тектес толғауын алаш азаматы Х.Досмұхамедұлы ел арасынан жазып алып, Ташкент қаласында шығарылған әдеби жинағында жарияланғаны белгілі.501 Кейінірек осы шығармалар бірқатар хрестоматиялық жинақтарда да аз-кем өзгерістермен басылғанын білеміз.502 Сондай-ақ, Жиембет батыр жайындағы ел аңыздары мен оның жыр-толғауларын дер кезінде тауып, жинастырып, тиісті орындар мен жекелеген ғалымдарға тапсырған қазақтың эпик ақындарының бірі Ығылман Шөрекұлы және батыс өңірдің жергілікті фольклор жинаушылары Әділ Таутекенов, Кенжеғали Шатанов, Қазихан Нұртазин сынды азаматтардың есімін де атап өткен ләзім. Әрине, Жиембеттің бірлі-жарым толғаулары табылып, жарияланумен ғана шектелген жоқ. Даңқты жыраудың өмірбаяны мен шығармашылығы жөнінде бірқатар ғылыми зерттеулер жазылып, ақындық таланты лайықты бағаланды және оның есімі қазақ әдебиеті төрінен орын алды. Бұл орайда әдебиет зерттеушілері Х.Сүйіншәлиев, Ғ.Әбетов, Қ.Сыдиықов, М.Мағауин, С.Қасқабасов, С.Дәуітов тәрізді ғалымдардың жекелеген және ұжымдық-монографиялық зерттеу еңбектерінде Жиембет тұлғасы жыраулық поэзия дәстүрімен үндестіріле қарастырылып, толғауларының стильдік-көркемдік жақтарына терең талдаулар жүргізілген.
Жалпы, Жиембет жырау толғауларының шығу тарихы көбінесе, Есім хан есімімен байланыстыра әңгімеленеді. Мәселен, жыраудың поэзияны алғаш рет кешенді түрде зерттеушілердің бірі М.Мағауин “Жиембет – Есімханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы”503- дей келіп, оның өз заманының ірі шонжары, һәм мемлекет істерінде үлкен роль атқарған қабырғалы биі болғандығын жазады. Сонымен бірге, Жиембет батырдың “Еңсегей бойлы Ер Есім” жырындағы басты кейіпкерлердің бірі екендігі де мәлім.
Жиембет жырау Кіші жүздің Алшын бірлестігіне кіретін Байұлының Тана руынан шыққан белді би, белгілі батыр болып саналған. Кейбір шежірелерде Жиембет Тананың немересі ретінде көрсетіледі. Ұрпақтар ауысып, ғасырлар өте жыраудың өзі де бір тайпа елдің атасына айналғанын аңғарамыз. М.Мағауинның деректерінде “Тананың ұраны-Жиембет”504 делінсе де, ертеректе алаш қайраткері М.Тынышбаев жариялаған шежірелік мәліметте “Тана” деп беріліпті.505 Бірақ, М.Мағауиннің “Атақты Сырым батыр да жауға шыққанда өз атасы Жиембеттің атын атап шыққан” дейтін сөздерінің жаны бар тәрізді. Өйткені, жоғарыда айтылған тарихи шежіреде Алаш тарихын зерттеуші Байбақтыдан өрбитін үш ұлдың бірі Тынбақтыны “Тана баласы”деп ескерткен.506 Оның үстіне М.Тынышбаевтың Кіші жүз әулеттерінің шежіресін осы тақырыпты тереңірек зерттеген профессор Х.Досмұхамедұлынан алғанын еске алсақ, Жиембеттің ұрпақтары байбақты руына да сіңіп кетуі мүмкін деп шамалауға негіз бар. Ал, Атырау, Орал өңірінің қазақтары арасында “Сұрасаң біз руымыз – танамыз, / Жиембет тана ішінде атанамыз” деп келетін қара өлең жолдары әлі күнге шейін ұшырайды.
Қазақ шежіресі бойынша Жиембет батыр Тананың өзінен тікелей, немесе оның бір атасы Бартоғаштан тараса керек. /Бартоғаш, Біртоғаш деп те атала береді. – С.Қ./ Сол Бартоғаштан – Жиембет, Жасымбет, Ақымбет туады. Бұл деректің шындыққа бір табан жақын екендігін жыраудың өз інісіне арнаған толғауындағы:
Әй, қыңыр ер, қыңыр ер,
Қыңырайма, біздің ер.
Қыналы бозға мінген ер,
Қыз қалмақты құшқан ер.
Хан жалғыз да, біз үшеу,
Қыңырайма, шіркін, бері кел! –
деуінен-ақ байқау қиын емес.507
Ақиқатында да, Есім хан сарайында әскербасы, әрі кеңесші қызметінде жүрген Жиембеттің өз әміршісімен араздасуы осы айтылған бауырларының cебебінен, атап айтқанда Жолымбет батырдың кесірінен болғаны анық. Аңыз бойынша, қалмақтың бір ханы Есім ханға сыйлыққа жіберген сұлу қызды Жолымбет жолдан олжалап, тартып алып, өзіне жар еткенге ұқсайды. Жиембеттің Есім ханға арнаған атақты толғауы сол оқиғаның ушығып, билеушімен арадағы қатынасы суыған сәттерінде өмірге келген. Аталған толғаудың шығу тарихы жөніндегі халық арасына тараған аңыз-әңгімелер, негізінен “Жақсы үгіт” (1908 ж) “Аламан” (1926 ж.) жинақтарында жарық көрген нұсқаларына қатты ұқсас, олардың жалпы мазмұны бір-бірінен онша алыс емес, сондай-ақ, жырдың көлемі мен мәтіні де пәлендей өзгеріссіз қайталанып отыратынын көреміз. Солардың арасында мына бір аңыздың үзіндісі өзіндік баяндау өрнегімен және оқиға дамуының аздаған өзгешелігімен ерекшеленеді: “Танадан туған Бортығаш. Соның балалары: Жиембет, Жолымбет, Ақымбет – ағайынды үш жігітті Есімхан қолына қаршыға етіп ұстап, үлкені Жиембетпен көңілдес, дос болған екен. Сол кезде Есім ханның бәрі көңілдес қалмақ ханы оған бір қызды отаулап беріп жіберіпті. Аң аулап жүріп Жиембеттің інісі Жолымбет сол қызды алып келе жатқан елшілерге кездеседі. Сұрастырып қарағанда, ол қыз Есім ханға қалмақ ханның сыйлығы ретінде жіберген қызы екендігін біледі де: “Хан қазір ордада жоқ, мен табыс етемін”, – деп елшілерге бір-бір ат мінгізіп жөнелтеді де, қызды алып қалады. Күндер өте береді, қызды өзіне жар етіп, Жолымбет жата береді”508 Одан арғы болған жағдай барлық нұсқаларда бірдей баяндалған. Аңыз бойынша, әлгі оқиғадан соң, Жиембет інісіне ренжіп, көрместей болыпты. Әйткенмен, Жолымбет жастайынан сыйлас жеңгесі Есенғызбен қарым-қатынасты үзбей, ағасы жоқта келіп-кетіп жүреді. Сондайда бір күні Жиембеттің үйіне келіп, жабықтан қараса, ағасы төрде отырғанын көріп, кейін қайтады. Осы сәтте Жиембеттің бәйбішесі екі ағайынды жігітті татуластыру мақсатымен:
Би, бұрынғыдан қалған сөз бар-ау,
…Екі жақсы бас қосса,
Жамандар кіреді араға.
Жаманды жаман демеңіз,
Жаман да шығар қараға, –
деген емес пе еді?, – дейді.509 Осы сөзге тоқталып, бауырын жаманатқа қимай, Жиембет інісін шақырып алып, татуласады. Мұны естіген Есім хан жыраумен қатынасын үзіп, оған жауыға бастайды. Арада біраз уақыт өтеді. Күндердің күнінде Жиембет “Қой, бүйтіп жүргенім болмас, ханға көзбе-көз жолығып, не татуласып қайтайын, не болмаса айтарымды айтып, көрмейтіндей болып кетейін” деп, хан арасына келеді де, Есімге арнап өзінің жұртқа әйгілі толғауын айтып беріпті.
Еңсегей бойлы, Ер Есім,
Есім сені есірткен
Есіл де менің кеңесім, –
деп еспелей, төкпелей басталатын, өте екпінді де асқақ рухты жыр жолдарынан Жиембеттің ханның кеңесшісі ғана емес, кезінде қазақ жерін жоңғарлардан қорғау жолында аянбай шайқасқан, қанды ұрыстарда ерекше көзге түсіп, қалың қолды басқарған батыр қолбасшы болғандығын аңғарамыз. Кейбір деректерге қарағанда, және жыраудың өз толғауынан байқайтынымыз, Жиембет атақты Тәуекел ханның тұсында белгілі би болып, кейін оның ұлы Есімді ақ киізге көтеріп, хан сайлайтын беделді бектердің бірі болғанға ұқсайды. Әрине, Есім хан заманы қазақ пен қалмақ жұртының арасындағы бітпес жаулық басталған, тынымсыз, әрі ұзаққа созылған қанды соғыстардың кезеңі болатын. Міне, Жиембеттің билігімен қоса батырдың даңқы да осы тұста – Есім хан әскеріне және оның өз әулетіне қол ұшын беруімен шыққаны күмәнсіз. Жыраудың:
Ағбұтпа, ханым, күннен соң,
Сіздің естен кеткенмен
Біздің естен кеткен жоқ;
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Соқыр бурыл байталға
Сонды бір жайдақ мінгенсің... –
дейтін сөздерінен де сол дәуірде қазақ хандығы басынан кешірген алмағайып оқиғалардың елесін сезгендей боламыз. Жиембет жыраудың жай ғана өнер иесі емес, Еңсегей бойлы ер Есімнің кеңесшісі болуы, қол бастап, қазақ жерін жаудан тазартуға қосқан ерен еңбегі айрықша қастерлеуге лайық. Жорық жырауының қазақ елінің тәуелсіздігі жолында, әсіресе, Түркістан, Ташкент қалалары үшін өткен зор майдандарда көрсеткен ерліктер туралы ғалым-жазушы М.Мағауиннің510 академик С.Қасқабасовтың511 еңбектерінде жан-жақты талданып жазылған.
Аталған зерттеушілер Жиембет жыраудың тарихи тұрғысын тиісті деңгейде дәріптей отырып, оның қазақ хандығына жартылай бағынған ірі дала феодалы ретіндегі сеператистік ниеті болғандығын да жасырмайды. Әрине, бұл арада кесімді пікір айту қиын. Бір жағына мұндай қайшылықтар Кіші жүз тайпаларының қазақ ордасының құрамына толық қосыла қоймағандымен де туындаған сияқты. Осы арада Жетісу жерінде өткен шешуші шайқаста Есімнің атасы Салқам Жәңгірге Самарханнан сапар шегетін Кіші жүз билеушілерінің бірі Жалаңтөс баһадүр де, беріде Тәуекел, Есім хандардың өзіне көмектескен Жиембет батырдың да Алшындарға қарасты жекелеген ұлыстардың, тіпті, Орта Азияның ірі хандық дәрежесіндегі қалаларының әміршісі болғандықтарын естен шығармаған жөн сияқты. Қалай дегенмен де, жыраудың артында арқа тұтар қалың жұртының бары рас. Жиембеттің өзі де Есім ханға:
Қайратым қанша қайтса да,
Мұныңа, ханым шыдаман.
Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін.
Ат құйрығын кесермін,
Ат саурысын беремін.
Алыста дәурен сүрермін.
Қарамасаң, ханым, қарама,
Сенсіз де күнім көрермін, –
деп күшіне сенген қайсар да намысты ердің кейпін қапысыз танытады. Жырау өмірінің осы бір дағдарысты кезеңі туралы белгілі тарихшы М.Тынышбаев: “Мысалы, Есім ханға ашуланған тана руының батыры Жиембет оған “Алашыма ұран десермін” деп сес көрсетеді. Бұл жолдар Алшындардың Есім хандығына жақын уақыттарда ғана қосылғандығын, екіншіден, “алаш” ұранының осы кезеңде көбіне-көп Алшындарға тән екендігін айқын аңғартады”512 – деп жазған болатын.
Тағы бір назар аударатын нәрсе, “қайратым қанша қайтса да” дегеніне қарағанда, сол оқиғалар өткен ХVІІ ғасырдың 30-шы жылдарында Жиембет жыраудың жасы ұлғайыңқырап қалған сияқты. Соған қарамастан, әлі бойынан қайратты қайтпаған батыр өзінің хан алдындағы биік дәрежесі мен бағасын түсірмейді. Есімге: “Мен жоқ болам, Есім хан, // Ит түрткіні көресің. //Жиембет қайда дегенде, //Не деп жауап бересің?” – дей келіп, өзінің батырлық тұлғасын былайша сипаттайды:
...Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай513.
Жиембет шығармашылығынан сонау Асан Қайғы тұсындағы, одан берідегі жыраулар ғұмыр кешкен қазақ ордасындағы хандар мен билердің, сұлтандар мен батыр, шешен, жыраулардың арасындағы бірде тату, бірде қату қарым-қатынастардың қайшылықтарын ғана емес, сол арасапыран жылдары халық басынан өткен тарихи, қоғамдық, саяси және әлеуметтік жағдайлардың іздерін де жыға танимыз. Түптеп келгенде халық иесі хандар мен оларға ерген, есті кеңесі мен есіл күштерін қосқан ұлысбасы батыр, би, жыраулардың басты мақсаттары бір арнада тоғысып, осы ортақ мүдде – ел тәуелсіздігі, жұрт бірлігі, ұрпақ болашағы үшін тағы да “теріс мінез” танытып, оның соңы тіпті, өкпе-ренішке, ерегіске ұласып жатты. Біз бір кездері Әз-Жәнібек пен Асан Қайғының, Тарғын мен Ақша ханның, Доспамбет пен Мамайдың, Шалкиіз бен Темірдің арасында өтетін тартысты сәттердің ұқсас белгілерін енді Еңсегей бойлы Ер Есім хан Жиембет сынды батыр, жыраудың арасынан көреміз. Демек, бұл да алдыңғы толқын жыраулардың ізін жазбай жалғастырған, соңына қалған мұрасы қаншалықты аз болғанмен, соншалықты қымбат асыл сөздері мен жасын жырлары жұртының жүрегін жаулаған жойқын талант иесі. Бір сөзбен айтқанда Жиембет Бортоғашұлы қазақ әдебиетінің тарихында үлкен орын алатын хас дарын, ХVІІ ғасырдағы поэзиямыздың көрнекті өкілі. Ол қол бастаған батыр, сөз бастаған би ғана емес, өз заманының озық тұлғасы, халқын сүйген кемеңгер, қоғам қайраткері деуге лайық жампоз жырау.
Бұқар жырау
Әдебиет тарихынан елеулі орын алып, артына өшпес мұра қалдырған көрнекті жыраулардың бірі – Бұқар Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып-аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейтесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы-жыршысы бола білді. Оның жыр-толғауларының үнемі әлеуметтік өткір мазмұнға құрылып отыруының басты себебі де осыдан.
Тарихта “Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған аумалы-төкпелі заманға душар болған ел-жұртқа “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып” басқыншы жаудың бетін қайтарып, өз тәуелсіздігін қорғап қалу, немесе жау табанында біржола жаншылып құрып біту мәселесі көлденең тұрды. Жырау, ең алдымен, осындай жауапты сәтте шоғырланбай шашырап жатқан халықтың басын тас түйін біріктіру арқылы қанқұйлы жауға тойтарыс беру ісін ұйымдастыра алатын аса алғыр, қолбасшы-көсемнің қажеттігін ерте түсінді, сөйтіп, осы ұлы мақсатқа орай ол әйгілі Орта жүз ханы Абылайға зор сеніммен қарады. Абылай да тәуелсіздік үшін жан сала күрескен, халық мүддесін терең түсініп, өзін бірыңғай сол күрес жолына арнады. Мұндай ақылы мен айласы астасқан кемеңгер басшының үлгілі істері мен оның төңірегіндегі белгілі батырларының жанқиярлық ерліктерін жырау үнемі асқақ жырлап, солардың өшпес бейнесін жасауға күш салды. Осының бәрі, түптеп келгенде, жыраудың туған халқының бірлігі мен болашағын ойлу мақсатындағы ерлікке барабар іс-әрекеттерін аңғартады.
Бұқар жыраудың ұзақ жасаған жасындағы өмірлік деректері бізде көп сақтала бермеген. Тек саналы ғұмырының бәрі түгелдей дерлік Абылай ханның қасында, соның оң тізесін басқан қабырғалы да сәуегей биі, ақылшы-кеңесшісі ретінде өткені мәлім. Өз өлеңдерінде келтірілген деректерге қарасақ, жыраудың жоқшылықтың зардабын көп тартқан адам болғаны көрінеді.
Бұқар жыраудың асыл тегі туралы қолда бар деректер мынадай: Арғыннан-Қодан, одан-Дайырқожа (Ақжол), одан-Қара (Қарақожа), одан-Мейрамсопы, одан-Сүйіндік, одан-Қаржас, одан-Алтынторы, Құлыке, Бегім. Алтынторыдан-Мәмбетәлі, Жолымбет-Келімбет, Бегімбет, Артық. Жолымбеттен-Қойсары, Қалқаман, Рымбет, Назар. Қалқаманнан-Бұқар жырау. Бұқардың да үрім-бұтақтары аз емес, бұлардың көбі сол Бұқар жырау дүниеге келген атамекенді қоныс етіп отыр.
Бұқар жырау қазіргі Қарағанды облысына қарайтын (бұрынғы Баянауыл) Ульянов ауданының Далба тауы бойында дүниеге келіп, сол мекенде қайтыс болады. 1993 жылы жыраудың туғанына 325 жыл толған мерекелі тойында оның басына үлкен күмбез орнатылып, Қарағанды қаласында осы мерекеге арнап ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармаларын қалың көпшілікке насихаттау мақсатында бір топ мерекелік мақалалар мен бір кіші-гірім зерттеу кітапша жарық көрді. Сондай-ақ, сол жылы тұңғыш рет жырау жырларының жеке жинағы екі рет басылды (бірі-“Жалын” баспасынан шыққан “Әй, Абылай, Абылай”, екіншісі – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты дайындап, “Мұраттас” орталығы бастырған жинақ). Бұған жыраудың бұрыннан мәлім жыр, толғауларынан тыс, ертеректе А.Сейдімбеков жариялаған кейінгі нұсқа енді. Алайда, әлі күнге дейін жыраудың туған, өлген жылдары бір ізге түспей, әркім тарапынан әр түрлі пікір-болжамдар ұсынылып келеді. Бұл орайда Қ.Жұмалиев өзінің қазақ әдебиеті тарихының екінші томындағы Бұқар туралы жазған тарауында жырауды 6193 жылы туып, 1787 жылы 94 жасында қайтыс болды деп көрсеткен еді. Ал, Х.Сүйіншәлиев пен М.Мағауин жыраудың Тәуке хан тұсында жасап, Абылайдан кейін өлген деген тұжырымына орай Бұқарды 1668 жылы туып, 1781 жылы 113 жасында өлген дейді. Бұл мерзім Абылай хан қайтыс болған жылға тұстас келеді.
Ал енді, жоғарыда айтылған ескі болжам-тұжырымнан тіпті өзгеше, яғни алғашқы кездегі 94 жаста қайтыс болды деген дәйектемеге біршама ұқсас пікірді кезінде Қ.Мұхамедханов ұсынған болатын-ды (“Қазақ әдебиеті” газеті. № 31, 32, 1982). Автор Бұқардың замандасы Үмбетей жыраудың “Бұқардың асында, зиратының басында отырып Үмбетей жыраудың жырлағаны” деген жаңадан табылған толғауы бойынша ой қорытып, Бұқар жырауды 92 жасында қайтыс болды деген пікір ұсынады. Сонда жырау, бұл кісінің айтуынша, 1685 жылы туып, Абылай өлімінен (1781 ж.) 4 жыл бұрын, яғни 1777 жылы қайтыс болған деп тұжырымдалады. Сол Үмбетей айтты деген бір жырдың алғаш 7-8, кейін 11 буынды өлең өлшемімен жазылғанына күдіктенбесек, негізінен, осы ойдың көңілге қонатынын, дәйектілігін айтқан жөн. Бұқар жыраудың Абылайға айтқан бір жырында:
Менің жасым тоқсан үш,
