- •Он томдық
- •Алтын орда дәуіріндегі әдебиет
- •Хорезми
- •Бурхануддин Рабғузи
- •Кунгулга дуниада сурур турур30, –
- •Адамның ешбiрiне қылмас жәбiр,-
- •Мысырдағы қыпшақ әдебиеті
- •Осымен атақтымын Мысырда өзім
- •Тарихи шежiре және көркемдiк дәстүр
- •Әбiлғазы БаҺадүрхан
- •Қадырғали Жалаири
- •Захириддин Мұхаммед Бабыр
- •Мұхаммед Хайдар Дулати
- •Түркі сөздерінен тұратын ұйқастар
- •Араб-парсы сөздерінен тұратын ұйқастар
- •Түркі-араб, парсы сөздерінен тұратын ұйқастар
- •2 Шатр (мисраъ) 1 шатр (мисраъ)
- •Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет
- •Ал, қолыңды маларсың
- •Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер?-
- •Қырда жүрген дуадақ
- •Мынау жалған дүние Кімдерден кейін қалмаған!293 –
- •Есім, сені есірткен
- •Керегеге ілінген
- •Атымтай Жомарт секілді
- •Болмашыдай анадан
- •Білегі жуан Бүркіттің Тегеуірініндей Бөгембай! 306.
- •Жыраулық және ақындық поэзияның даму ерекшеліктері
- •Көлден қулар ұшар ма? –
- •Сыпыра жырау
- •Білсе, білмесе бу ишні Сафардау білер бу ишні364, –
- •Суда жүрген ақ шортан
- •Ауылдағы жамандар
- •Көшіп-қонып жүрмеген
- •Сұңқар қайдан табарсың?
- •Жалп-жалп еткен бәйтерек
- •Талайсыз Шалкийіз бұ күнде
- •Доспамбет жырау
- •Аймадетке оқ тиді
- •Той тойлаған өкінбес! –
- •Ат салмай өтер күн қайда?!
- •Тегеурінді болат темірдің
- •Жиембет
- •Мұнан да былай сөйлеуім Маған да болар ауыр күш, –
- •Қаздауысты Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Ақтайлақ би Байқараұлы
- •Бөлтірік шешен
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Тегеурінді болат темірдің
Тегеуріні өзіңсің! –
деп Темір биді мадақтайды. “Жалғыз жүрмей, қасына батыр жию, Бойды билеген күшті сынамай балуандармен күреске түспеу, Жақсы мен жаманның парқын айыра білу” секілді насихатқа толы ғибратты сөздерді Шалгез жырау өмір жиынтығы ретінде ұсынады.
Марғасқаның бізге жеткен жалғыз өлеңі Тұрсын ханға арналғаны белгілі. Бұл 13 жолдық шағын өлең. Жыраудың “Еңсегей бойлы Ер Есім” деген жыр жолдарында антқа тұрмайтын, жазықсыз елді жылатқан аяусыз деп Тұрсын ханды суреттейді. Оның алтын тақта отырып, құрығы ұзын, азулы да айбатты хан екенін білсе де, жырау қорықпай тура айтып, батыл түрде айыбын бетіне басады. Ажалы жеткенін өжет те, қасқиа тұрып айтқаны айбынды ақын екендігін аңғартады.
Жыраулар поэзиясында ханға шындықты айту кейде байыппен, жұмсақ сөздермен білдірсе, бірде ашына тура сынау үрдісін Марғасқа жырау жалғастырды: “Ақын, жыраулар қаншама хан қасында болып, оның мәртебесі мен мерейін асыруға қызмет еткенмен өмір шындығын жырламай отыра алмаған, реті келгенде хан мен бектің ұнамсыз қылық, ыңғайсыз істерін де ашық айтып, батыл әшкерелеп отырған”498.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген ақындар шығармашылығында арнау өлеңдер алдыңғы орынға ие. Олардың сөздері хан мен қарапайым халық арасын жалғастыратын көпір іспетті. Жоғарыға жете алмаған халық даусын сол қалпында еш өзгеріссіз қаймықпай жеткізіп отырған. “Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ” деген қағиданы жалау етіп ұстанған жыраулар мен ақындар айналасында болып жатқан келеңсіз жағдайларды, ел билеушілердің әділетсіз істерін нақты бедерлей суреттейді. Демек, олар шығармаларына гуманистік ой-толғамдарды арқау еткен.
Сонымен арнау өлеңдер көне ғасырдан басталып, бертін келе жыраулар дәуірінде де өз жалғасын табады. Ақындар кейде көлемді дастан, кейде шағын өлеңдерін өз әміршілері мен билеушілеріне құрмет ретінде арнап отырған. Ерте дәуірден бастау алатын ақындар туындыларын қатар өмір сүрген билеушілеріне арнауы кейінгі ақын-жырауларда өз жалғасын тапты. Асан қайғыдан бастап барлық жыраулар бір ғана адамға ғана емес, көпшілікке арнап өлеңдер жазған. Оларға үлгі-насихат айтып, рухани тазалыққа шақырып отырады. Мұндай арнау өлеңдер арқылы бірде ақын, шайырлардың аты тарихта қалса, бірде белгісіз ел басшыларының есімін білуге мүмкіндік туғызады. Мұндай бағалы рухани мұралардың болашақ ұрпақ үшін пайдалы екені де даусыз.
Марғасқа жыраудың шығармасында адам мінезін, батырдың жай-күйін суреттеу шебер қиюластырылған. Ол жеке тұлғаның бойындағы жаман қасиеттерді ашып айтпаса да, өркөкірек, тәкаппар ханның бейнесін мына жолдар арқылы көз алдымызға әкеледі:
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.
Яғни, ақын әрбір сөзін құбылтып, ажарлау арқылы айтар ойын нақты бере білген.
Марғасқа жыраудың “Еңсегей бойлы Ер Есім” өлеңінің құрылысы жайында айтатын болсақ, бізге жеткен 12 жол өлең 7 және 8 буындардың алмасып келуімен жасалған. Алғашқы буыны 8 буынды, екінші тармақтағы буын саны 7. Олардың буын сандарының біркелкі болмауы жыраулық поэзияға тән құбылыс. Бұл жайында М.Мағауин өз зерттеуінде былай деп пікірін білдірген: “Жырау поэзиясында тармақтардағы буын саны үнемі біркелкі болып отырмауы – кездейсоқ құбылыс емес. Бұл – жырау поэзиясының ішкі мазмұнына сәйкес табылған форма”499.
Қорыта келгенде айтарымыз, Марғасқа жырау өзі өмір сүрген ортадағы, сол кезеңдегі атақты басшыларының әдеби кейпін, өшпес бейнесін жасады. Болып жатқан тарихи оқиғаларды поэзиялық тілмен жырлап, Қазақ хандығы тұсындағы әдебиеттің жандануына өз үлесін қосқан ақындардың бірі. Демек, Марғасқа жырау ХҮІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясында өзіндік орын алған аса талантты жырау болып саналады.
