Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр техникасының теориялық негіздері Арыстанов.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26 Мб
Скачать
☆

1.10 Компенсация принципі

Компенсация принципінің маңызы келесіде: тармақтың кез-келген кедергісін ЭҚК алмастыруға болады және оның мәні сол кедергідегі кернеудің кемуіне тең, ал бағыты кедергідегі токтың бағытына қарама-қарсы болады және де бұл кезде электр тізбектегі токтың таралуы өзгермейді.

Күрделі электр тізбегінде r кедергісі бар тармақты белгілейміз, ал тізбектің қалған бөлігін 1.40, а суретінде бейнеленген активті екіұштықпен алмастырамыз.

а) б) в)

1.40 Сурет

Кедергісі бар тармаққа шамалары бойынша бірдей және бағыттары бойынша қарама-қарсы екі ЭҚК Е қосамыз. Олардың мәндері I тогынан кедергідегі кернеудің кемуіне тең (E = rI, 1.40, б сурет). Бұл кезде I тогы өзгермейді. 1.40, б суретінің схемасындағы а және с нүктелері арасындағы кернеу Ом заңы бойынша анықталады және нөлге тең болады

.

φa=φc болғандықтан, а және с нүктелерін біріктіруге болады, сәйкесінше 1.40, в суретіндегі схеманы аламыз.

Бұл схемада r кедергісінің орнына E = rI ЭҚК қосылған және оның бағыты тармақтағы I тогына қарама-қарсы.

Тізбектің кез-келген резистивті элементін алмастыратын Е ЭҚК көзі – бұл қарапайым идеалды тәуелді қорек көзі, оның ЭҚК токтан белгілі заң бойынша тәуелді болады. Тәуелді қорек көзі туралы түсінік сызықты және сызықты емес тізбектердің режимдерін есептеу және талдау үшін қолданылады.

Кез-келген тармақтың I тогын ток көзімен алмастыруға болады J = I және тізбектегі токтың таралуы өзгермейді.

1.11 Электр тізбектеріндегі сызықты қатынастар

Сызықты электрлік тізбектің бір тармағында ЭҚК немесе кедергі өзгерген кезде сол тізбектің кез-келген екі тармағының кез-келген екі шамасы өзара сызықты тәуелділікпен байланысады

y = a + bx, (1.43)

x – бір тармақтың тогы немесе кернеуі;

y –басқа тармақтың тогы немесе кернеуі.

j тармағының тогы контурлық токқа сәйкес, (1.42) формуласымен анықталады. Егер схемада бір ғана тармақтың ЭҚК Ek өзгерсе, онда Ekgkj көбейтіндісінен басқа, (1.42)- гі барлық қосылғыштар тұрақты болады. Сондықтан, барлық тұрақты қосылғыштарды Aj бір тұрақты шамасымен ауыстырамыз.

Осыдан

Ij = Aj + Ekgkj. (1.44)

Басқа тармақ үшін

Im = Am + Ekgkm. (1.45)

(1.45) формуласынан Е аламыз

,

және (1.44) формуласына қойып келесіні аламыз

Ij=aj+bjIm, (1.46)

мұндағы және .

aj және bj коэффициенттері теріс немес оң бола алады және де коэффициеттің біреуі нөлге тең болу мүмкін.

(1.46) өрнегінен, ЭҚК Ek өзгерген кезде Ij және Im токтары сызықты тәуелділікпен байланысатынын көруге болады.

aj және bj коэффициенттерін тәжірибелік түрде анықтау үшін (1.46) формуласында Ij және Im токтардың мәндері тізбектің екі әр түрлі режимінде алынады да екі теңдеуден тұратын жүйе есептелінеді.