Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр техникасының теориялық негіздері Арыстанов.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26 Мб
Скачать
☆

8.8 Сурет

Берілгені: В; Ом; Ом; Ом; Ом.

Ізделудегі тоқ беттестіру тәсіәлімен табылады, яғни тұрақты қосындылауыш пен тоқ гармоникаларын кезекті есептеу және оларды келесіде қосу арқылы табылады.

Тұрақты тоққа деген кедергі Ом. Тоқтың тұрақты қосындылауышы

.

Негізгі жиілікке арналған тізбектің кешенді кедергісі

Ом.

Негізгі жиілік тоғының кешенді амплитудасы

Үш еселенген жиілікке арналған тізбектің кешенді кедергісі

Ом.

Үшінші гармоника тоғының кешенді амплитудасы

Қосынды тоқтың лездік мәні

.

Қарапайым жағдайда қалыптасқан мерзімді тоқ тек гармоникалар қосындысы түрінде ғана емес, уақыттың белгілі аралығы үшін әділетті аналитикалық өрнектің ыңғайлы формасында да алынуы мүмкін екенін атап кеткен жөн. Бұл аралық үшін классикалық әдіспен немесе Лапластың қайта түрленуінің көмегімен шығарылатын тоққа арналған дифференциалды теңдеу жазылады. Алынған шешімде кейін мерзімнің шартынан табылатын тоқтың белгісіз бастапқы мәні болады.

8.6 Мерзімді синусоидалы емес функцияның әсерлік және орташа мәндері

Мерзімді синусоидалы емес f (t) функциясының әсерлік мәні келесі формула бойынша анықтаады (8.3 параграфты қарау)

.

Егер функция (8.8) түрінде берілсе, онда оны квадраттаған кезде түбір белгісі астындағы интеграл нәтижесінде ( тұрақты қосындылауыштың квадрат қосындысы мен жеке гармоникалар квадраттарының орташа мәнінің (олар 8.3 параграфына сәйкес тең) қосындысын береді, ал әртүрлі ретті гармоникаларының еселенген көбейтіндісінің немесе тұрақты қосындылауыштардың жеке гармоникаларға деген екі еселенген көбейтінділерінің орташа мәнінөлге тең болады.

Кезегінше, мерзімді синусоидалы емес функциялардың әсерлік мәні келесі формула арқылы өрнектеледі

.

– n-дік гармониканың амплитудасы болғандықтан, - гармониканың әсерлік мәні.

Осылайша, алынған өрнек мерзімді синусоидалы емес функцияның әсерлік мәні гармоникалардың әсерлік мәні квадраты мен тұрақты қосындылауыш квадратының түбіріне тең екендігін көрсетеді. Осыдан әртүрлі жиілік гармоникасының қосындысын білдіретін әсерлік функция осы гармоникалардың бастапқы фазаларына тәуелді болмайды, ал жалпы олардың әсерлік мәні түрінде келеді.

Мысалы, симметриялы емес тоқ (8.16) формуласы арқылы өрнектелсе, тоқтың әсерлік мәнімынаған тең

.

Мерзімді синусоидалы емес функцияның әсерлік мәні синусоидалы тоқ кезіндегідей электр өлшеуіш аспап, электр магниттік, электр динамикалық, жылжу және т.б. жүйелердің көмегімен өлшенуі мүмкін.

Мерзімді синусоидалы емес функцияның әсерлік мәні ұғымымен қатар электр техникасы мен радиотехникада абсолюттік мән бойынша алынатын функцияның орташа мәні ұғымы қолданылуда, соңғысы 8.3 параграфына сәйкес келесі түрдегі интегралмен өрнектеледі

.

Бұл интеграл оң мәнді жартылай период бойында f(t) функциясының орташа мәніне тең болады, егер f(t) бірдей оң және теріс жартылай толқынға ие болса

.

Жартылай мерзім бойындағы функцияның орташа мәні түзеткіші бар (түзеткіші жоқ магнит электрлік аспап тұрақты қосындылауышты өлшейді) магнитэлектрлік аспаптың көмегімен өлшенеді.