Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр техникасының теориялық негіздері Арыстанов.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26 Мб
Скачать
☆

7.2 Жұлдыз және ұшбұрыш қосылыс

Әрбір фазалық ораманың екі шекті нүктесі немесе екі шегі болады. Олар шартты түрде ораманың басы мен соңы деп аталады. Генератор орамасының қай жағынан оң ЭҚК бағытталса, сол жағы оның басы болып есептеледі. 7.1 суретте генератордің фазалық орамасының біратаулы шықпалары н (басы) к (соңы) әріптерімен белгіленген. 7.1 сұлба суретінде келтірілген үшфазалық генератордің орама қосылысы – жұлдыз деп талады: генератордің фазалық орамаларының барлық ұштары бір ортақ нүктеде байланысқан. Әрі қарай бар істі оңтайландыру үшін біз генератордің фазаларын 120° бұрышта орналастырамыз, ал оларды 7.4,а суретінде бейнеленгендей параллель орналастырамыз. Генератордің фазалық орамаларының ортақ нүктесі – бейтарап нүкте деп аталады. Белгілі бір шартқа байланысты 7.4 суретінде N әрпімен бейнеленген бейтарап нүкте жеке шықпаға шығарылуы мүмкін.

а – сұлба; б – ЭҚК-нің векторлік диаграммасы

7.4 Сурет – Үшфазалық генератордің жұлдыз қосылысы

7.5, а суретіне сәйкес үшфазалық генератордың орамаларын үшбұрыш етіп қосқанда, бірфазалық ораманың басы келесі реттегі фазалық ораманың соңымен қосылғанда, барлық үш орамалар тұйық үшбұрыш түзетіндей етіп орналастырылуы тиіс. Сонда мұндағы үшбұрыш контурындағы ЭҚК-нің бағыттары сәйкес келеді және ЭҚК-нің қосындысы нөлге тең болады. Генератордың қосылысқан орамаларының ортақ нүктелері желілік өткізгіш немесе жүктеме қосылатын шықпаларға шығарылады.

а – сұлба; б – ЭҚК-нің векторлік диаграммасы

7.5 Сурет – Үшфазалық генератордің үшбұрыш қосылысы

Жүктеме болмағанда яғни үшбұрыш қосылысты генератор орамаларындағы бос жүріс режимі кезінде тоқ айналымы жүрмейді, себебі үшфазалық ЭҚК-нің қосындысы 7.5, б суретінде көрсетілгендей нөлге тең болады.

7.4, а және 7.5, а суреттеріндегі сұлбаларды ықшамдау үшін генератордің ЭҚК-сі ғана көрсетілген; орамалар және олардың кедергілері көрсетілмеген.

Үшфазалық тізбекте жүктеме 7.6,а суретінде келтірілгендей жұлдыз қосылыс немесе 7.6, б және в суреттерінде келтірілгендей үшбұрыш қосылыс түзуі мүмкін.

А) жүктеменің жұлдызша қосылуы; б), в) жүктеменің үшбұрыштап қосылыуы

7.6 Сурет

Тәжірибиеде қосылыстың әртүрлі комбинациялары қолданылады, мысалы:

  1. генератор жұлдыз түрінде, ал жүктеме – жұлдыз немесе үшбұрыш түрінде қосылуы мүмкін;

  2. генератор үшбұрыш түрінде, ал жүктеме – үшбұрыш немесе жұлдыз түрінде қосылуы мүмкін.

7.1 суретінің сұлбасы бойынша жүктемені жұлдыз түрінде қосу, барлық үш фазалардың біркелкі жүктемесі кезінде ғана қолданылады. Бірақ фазалардың тең дәрежелі жүктемеленуі тәжірибиеде тұрақты орындалмайды (мысалы, жарықтандыру жүктемесі кезінде). Фазалардағы кедергілердің біртексіз жүктемесі кезінде яғни жүктеменің жұлдызы сәулелерінің кедергісінде біркелкі болмайды. Сонымен қатар, 7.1 суреті сұлбасына сәйкес жүктеменің бір фазасын қосуға немесе өшіруге болмайды. Бұл жағынан жүктемені үшбұрыш қосудың артықшылығы бар: фазалардың яғни үшбұрыш жақтарының бірдей болмауы мүмкін, тіпті шектен тыс жағдайларда бір-біріне тәуелсіз қосылып, ажыратылулары мүмкін.

Егер 7.7 а және б суреттерінде бейнеленген бейтарап нүктелері бейтарап өткізгіш арқылы немесе жер арқылы қосылған болса, генератор мен жүктемені жұлдызды қосу кезінде де мұндай мүмкіндік болады.

а) бейтарап өткізгіші; б) жер арқылы қосылған бейтарап нүктелері бар жұлдыз