Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМЛ. Учебник. Каз. БЖ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

9 Тақырып Ақындық өнер

Ақын деп музыка мен поэзияны қатар алып жүретін, суырып-салмалық қабілеті зор өнер тұлғасын айтамыз. Ақынның негізгі шығармашылық саласы – айтыс. Соған қоса, ақындар бұрынғы кезде кейбірәдет-ғұрыптарды, мысалы, бет ашар, той бастар, ас беру рәсімдерін атқарған.

«Ақын» сөзінің шығу тегі мен мән-мағынасы туралы зерттеушілердің пікірлері әр-түрлі. Кейбіреулері оны «әнші» деген мағынаны білдіретінпарсы тіліндегі «ахунд» сөзінен шығарса, басқалары суырып-салма мағынасында айтылатын «ағын» сөзімен байланыстырады. Соңғы кезде зерттеушілер «ақын» сөзін көне түркі тіліндегі «жабыл, бас сал, жарыс» сияқты мағыналармен ұштастырады. Қалай болғанда да, келтірілген анықтамалар біріне бірі қайшы келмейтіні анық.Олар кәзіргі кезде қалыптасқан ақын бейнесін жан-жақты толықтыра түседі.

Ақын өнерінің қалыптасу кезін зерттеушілер (мысалы, Е.Турсынов, А.Кунанбаева) жыраулық өнер пайда болғанға дейінгі ертерек заманға жатқызады. Оған дәлел ретінде келесі деректерді келтіреді:

1) Ақындықөнер еркектер мен әйелдергебірдей ортақ, сондықтан ақындық өнердің қалыптасу кезеңін патриархаттық қоғамға дейін орын алған матриархаттық дәуірге жатқызуға болады. Ал жыраулық өнер тек қана еркектердің құзырында болған, сондықтан ол патриархаттық қоғамның туындысы.

2) Ақын өз руының мүддесінқорғаған, жырау болсабірнеше рулардан құрылған тайпаныңнемесе бүкіл халықтың жанашыры болған. Рулық ұйым – тайпалық бірлестікқалыптасқанға дейінгікөне заманның әлеуметтік құрылымы.

3) Ақын дәстүрлі әдет-ғұрыптарға қатысады, солардың кейбіреулерін(мысалы, бет ашар, ас беру рәсімін) өткізеді. Жырау әдет-ғұрыптар мен рәсімдерді атқармайды.

4) Ақындық өнер көне заманның діни нанымы – тотемистік көзқараспен байланысты. Әр ақынның өз пірі болған. Мысалы, Жамбылдың пірі арыстан болса, Сүйінбай ақынның пірі көк бөрі. Айтыс кезінде пірілері ақындарды қолдап жүреді. Жыраулық өнерде аң-жануарлар әлемімен байланысты тотемистік көзқарас жоқ.

5) Ақындық өнердің ертеректе қалыптасқандығын дәлелдейтін ең басты көрсеткіш – айтыс. Алғашқы заманда үйленетін қыз бен жігіт екі рудың өкілдері ретінде арнайы түрде музыкалық-поэтикалық сайысқа түсетін. Айтыс кезінде олар өз руын мадақтап, қарсыласын, керісінше, кемітуге тырысқан. (Осы туралы А.Құнанбаева былай дейді: «Айтысы в отдельных своих чертах сохраняют древние черты, которые отражены в преимущественном восхвалении достоинств своего рода и умалении таковых в другом; отсутствие практики состязания между членами одного рода; обширная типология жанров айтыса, ориентированная на участие в нем молодежи брачного возраста; допустимость ритуальной грубости, оскорбительной и невозможной вне рамок айтыса».3)

Айтыс – екі адамның диалогы, суырып-салма түрінде өтетін жарыс. Айтыстың мақсаты – қарсыласын өткір сөзбен, астарлы оймен, дәл тауып айтылған теңестіру сөздер мен бейне сипаттамалары арқылы жеңу. Жарыс көпшіліктің алдында өтеді, сондықтан айтыскерлердіңжеңімпаздарынанықтайтын – сол көрермендердің өзі. Бұрынғы кезде жеке адамның тағдырынемесе ру аралық дау-дамайлар да айтыс арқылы шешілген.

Әрине, айтыс барысында негізгі назар сөздің мағынасына бөлінеді, ал музыкалық әуен болса, ол мәтінді әрлеп, безендіріп тұратын көмекші құрал ретінде қабылданады. Дегенмен, әсем әуен, оны нақышына келтіріп орындау, ақынның көркем дауысы тыңдармандарға үлкен әсер етіп, сөздің мән-мағынасын жеткізуге үлкен септігін тигізеді.

Ақынның суырып-салмасы табан астынан шығатын сөздер тізбегі сияқты болғанымен, белгілі бір жүйе бойынша өрбиді.Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім –ақынның бастауы. Бұнда ақын жоғарғы дыбыстарды созу арқылы өз дауысының зорлығын, әсемділігін көрсетеді, сол арқылы тыңдармандардың назарын аударады. Бұл туралы ұлы Абай былай деген:

Көбінесе ән басы келеді ащы,

«Кел, тыңда!» деп өзгеге болар басшы.

Осындай кіріспеден кейінәуендетіп айтылатын (речитативтік) негізгі бөлімде ақын өзінің барлық өнерін, суырып-салмалық шеберлігін қарсыласына жаудырады.

Соңғы, қорытынды бөлім – «оу», «ей», «игигай», «даридай» сияқты одағай сөздерге айтылатын қайырма. Одағай сөздердің мағынасы болмағандықтанқайырмада алдыңғы шепкемузыка тілішығады. Бұнда тыңдармандардың назары әсем әуенге аударылады.

Бұрынғы кезде әр ақынның жеке әуені, сарыны болған. Кейбір сарындар өзінің әсемділігінің арқасында ел арасына тарап,жеке ән ретінде танымал болған(мысалы, Нартай ақынның әуені,Иса Байзақовтың желдірмесі, т.б.).

Кәсіби ақындармузыкалық аспаптарды (домбыраны, сырнайды) жақсы меңгерген, өйткені табан астынан шығатын суырып-салмаға аспаптың тигізетін көмегі зор. Айтыс кезінде өлеңнің 7-8 буындық өлшемі 11 буынға ауысып отырады. Соған байланысты өлеңнің әуені де өзгеріп тұрады. Бұндай кездерде аспаптың көмегінсіз орындау қиын түседі, кейде тіпті мүмкін болмайды. Аспаптың рөлі әсіресе шумақтардың арасында орындалатын қайырма кезінде байқалады. Осындай аспаптық қайырмаларда ақынкелесі шумақта айтатын ойын, оның сөздерін алдын-ала жобалап алады. Сондықтан музыкалық аспаптажақсы ойнау – кәсіби ақындарға қойылатын талаптардың бірі.

Дауысы әсем ақындардың репертуры да кең болған. Бұндай ақындар суырып-салма айтысымен қатар, халық әндерін, сал-серілердің шығармаларын, жырау-жыршылардың толғаулары мен термелерін орындап танымал болған.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Ақын деген кім, бұл сөздің шығу тегі неде?

2. Ақындық өнердің көнелігін дәлелдейтін деректер.

3. Айтыс деген не? Ақынның суырып-салмасы немен ерекшеленеді?

4. «Сарын» деген не?