Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМЛ. Учебник. Каз. БЖ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

12.3. Үрлемелі аспаптар

С ыбызғы– үрлемелі аспаптардың ішіндегі негізгі аспап. Ол ұзындығы 500-700 милиметрдей келетін қамыстан жасалады, саусақтармен басып ойнайтын 3-5 тесігі болады. Қарапайым құрылымына қара­мастан сыбызғыда ойнау арнайы дайындықты қажет етеді. Дыбыс алу үшін орындаушы қамыстың тік кесілген жағын өзінің жоғары тістеріне тірейді. Аспаптан шыққан дыбыстар сол тістер арқылы ауыздың қуысына барыпұлғаяды.

Сыбызғының дыбыстары обертондарға бай, қоңыр дауысты, аздап ысылдаған үнімен ерекшеленеді. Күйлерде қолданылатын дыбыстардың қатары екі октавадан астам. Шығыс Қазақстан дәстүрінде орындаушы өзінің тамағымен алынатын төменгі, жуан дыбыстысыбызғының үніне қосып отырады, нәтижесіндекүй екі дауысты болып шығады.

Бұрынғы кезде сыбызғының ағаштан жасалған түрі де болған. Оны жасау үшін түзу таяқты қақ жарып, ішін қуыстап тазалаған. Қуысталған таяқтарды біріктіру үшін оған қойдың немесе ешкінің ішегін тартқан.

Кәзіргі кезде сыбызғыны ұзаққа сақтау үшін аллюминий мен пластикадан жасайды. Бірақ, олардыңдыбыс сапасы қамыстан жасалған сыбызғыға жетпейді.

Сырнайдеген сөз – үрлемелі аспаптардың жалпы аталуы. Жасалатын затына (материалына) байланысты сырнайдың түрлеріқамыс сырнай, мүйіз сырнай, саз сырнай, қос сырнай, қағаз сырнайдеп бөлінеді. Саз сырнай – саз балшықтан жасалған жұмыртқа тәрізді аспап; қос сырнай – екі қамыстыңқосақтала біріктірілгентүрі; қағаз сырнай деп қазақтар бұрынғы кезде гармонды айтқан.

Мүйіз сырнайдыңте­мірден жасалған мундштугыболған, сондықтан оның дау­ысы қатты шыққан, көбінесе мүйіз сырнайды жорықтар мен аңшылықта қолданған.

Қ амыс сырнай мен қос сырнайдың дауысы нәзік, әсем болғандықтан оларды көбінесе жастар пайдалан­ған.

Үскірік Саз сырнай

Саз сырнай, үскірік, тастауық аспаптары саз балшықтан жасалады, содан соң ыстық пеште күйдіріледі. Сырт бейнелері әр-түрлі құс-жануарларға ұқсас болғандықтан олардың бірі «тастауық» деп аталып кеткен. Сырнайдың келесі түрініңүскірік деп аталу себебі – дыбыстары қатты аяздағы үскірік желдіңдауысын еске салады.

Керней– үрлемелі аспаптардың ең үлкен түрі. Ол ұзын таяқтан жасалады, қуысталған таяқтың екі жағын біріктіру үшін оған түйенің ішегін кигізеді. Кернейдің дауысы қатты болғандықтан оны алыс жерге белгі беру үшін пайдаланған.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Сыбызғының құрылысы мен дауыс ерекшеліктері.

2. Сырнайдың түрлері, олардың ерекшеліктері.

3. Керней.

12.4.Ұрмалы, соқпалы аспаптар

Бұл аспаптар туралы белгілі ғалым А.Мұхамбетова былай дейді: «Ударные инструменты использовались жителями аулов для передачи сигналов о предстоящей охоте, перекочевках, совершении религиозных обрядов. Их использовали на охоте и в военных походах. В знак прекра­щения войны противники обменивались ударными инструментами».10

Сондай аспаптардың бірі – дабыл.Ол кәзіргі оркестрлерде қолданы­латын үлкен барабанға ұқсайды, бел ортасы ағаштан жасалады да екі жағы терімен қапталады. Дабыл туралы эпос жырларында көп айтылады.

Дауылпаз бен шыңдауыл көлемі жағынан кішірек болып келеді, кәзіргі кездегі литаврға ұқсайды.Олардың бір бірінен айырмашылығы жасалатын материалында – дауылпаздың бел ортасы ағаштан жасалса, шыңдауылдыкі темірден жасалады. Екеуі де аңшылық пен жорықтарда қолданылған.

Д аңғыра мен кепшік –бубен тәрізді аспап. Екі жағы да терімен қап­талған.Даңғыраның ішіне темірден жасалған сылдырлақтар ілінеді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұрынғы кездебақсылардаңғыраны өз «ойын­дарында» пайдаланған. Кеп­шікте темір сылдырлақтар болмайды.

Асатаяқ – кәдімгі таяққа не­месе тақтайшаға ілінген қоңы­рау мен сылдырлақтар. Бұрынғы кезде оны да бақсылар қолданған деген мәліметтер бар. Кейін асата­яқ­ты ауыл аралап жүрген диуаналар (дервиштер) пайдаланған.

Қоңырауән, күй орында­ғанда қосымша үн беру үшін домбыраға, қыл қобызға, асатаяққа ілінеді. Әйелдер шаңқобызда ойғанда қоңырауларды саусақтарына таққан.

Шаңқобызтемірден, кей кездерде күмістен немесе басқа асыл заттардан жасалған. Иілген темірдің ортасында жіңішке тілшігі болады. Ойнаған кезде шаңқобызды тіске тіреп тұрып тілшігінсаусақпен шертеді. Тілшіктен шыққан дыбыстар тістер арқылы ауыз қуысына барып ұлғаяды. Орындаушы ауыз қуысының көлемін өзгерту арқылы дыбыстардың бояуын түрлендіріп отырады. Шаңқобызтабиғи обертондарға бай. Орындаушылар аспаптан шыққан үнге өзінің дауысын қосып екі-үш дауысты әуендер шығара алады.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Ұрмалы және соқпалы аспаптар, олардың қолданатын салалары.

  2. Бақсылар қолданған ұрмалы аспаптар.

  3. Шаңқобыздың құрылымы, орындау тәсілі.

ІІ бөлім