Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМЛ. Учебник. Каз. БЖ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

10 Тақырып

Сал-серілік (халық кәсіби әншілік) өнер

Сал, серідегеніміз кәсіби әншілік өнер иелеріне берілген халық атаулары. Бұл сөздерінің пайда болуы туралы әзірше нақты деректер жоқ. Әншілердің өздері бұл атауларды халық берген атақ деп түсінеді. Кәзіргі кезде де кейбір өнер иелері өздерін осы құрметті атақтармен атауға тырысады (мысалы, Сәкен сері Жүніс (Сәкен Жүнісов).

Сал мен серілерөнердің бірнеше түрлерін қатар алып жүрген дарынды тұлға,сондықтан халық оларды «сегіз қырлы, бір сырлы» деп сипаттайды. Сал-серілер ең алдымен әнші, композитор болған, соған қоса халықтың тарихы мен шежіресін жақсы білетін әңгімеші, кей кездерде палуан, шабандоз, көрермендердің көңілін көтере білетін сайқы-мазақ, сиқыршы, айтыстарға қатысқан суырып-салма ақын ретінде де танымал болған. Сал мен серілер бір топ өнерпаздарды бастап ауыл аралап өнер көрсеткен, той мен жәрмеңкелердің сәні болған. Әдемі киініп жақсы ат мінген, таз бен бүркіт ұстап көзге түскен. Халықтың еркесінеайналған сал-серілер өздерінеркін ұстаған, олардың мінез-құлқы да ерекше болған. Сал-серілердің өнері жастарға арналған, олардың тыңдаушылары да, араласатын ортасы да сол қыз-келіншектер мен жігіттер болған.Сол себепті әндері көбінесе ғашықтық лирика жанрында шығарылған.

Сал-серілер дәстүрлі ән өнерінің қыр-сырын толық меңгергенмайталман әнші ретінде халық сүіспеншілігіне иеленген. Олардың дауысы «күміс көмей, жез таңдай», «көмейінен бал тамған» әсем, «қозы көш» (шамамен 8 шақырым) жерден естілетін зор болған. Бұрынғы кезде әншілер, (жалпы өнер иелері) өздерінің шеберлігін жетілдіру үшін ел аралап жүруге мәжбүр болған, басқа өнерпаздармен кездесіп тәжірибе алмасқан, репертуарын байытқан.

Халықтың кәсіби әндері(фольклор жанрларымен салыстырғанда)дәстүрлі әншілік өнердің жоғарғы сатысын құрайды. Кәсіби әннің қалыптасуына халық өнерінің екітүрі әсер етті, оныңбіріншісі – лирикалық қара өлең, екіншісі – ақындық өнер. Қара өлең жанры кәсіби әнге поэтикалық мазмұны мен музыкалық құрылымы жағынан әсер етсе, ақындық өнер кәсіби әншінің көрермендер алдында өзін өзі ұстауы, олардың назарын аудара білуі,тыңдаушылармен қарым-қатынас қалыптастырып,өнерін жан-жақты көрсете білуі жағынан ықпалын тигізді.

Ғұрыптық әндерде кеңінен орын алғанқоштасу, жоқтау, сағынышсияқты тақырыптар кәсіби әндерде өз жалғасын тапты. Соған қоса, сал-серілер шығармашылығында басқа жанрларда кездеспейтін жаңа тақырыптар пайда болды, олар – жалпы өнер туралы, ән, әншілік, орындаушылық шеберлікке арналған,және арнау, өсиет сияқты тақырыптар. Осындай жаңадан туындаған жанрлар қатарына күлдіргі, сайқы-мазақ әндерін де жатқызуға болады. Мысалы, «Ағаш аяқ» әнінде ақсақ кәрі шалдың өз шамасына қарамай жас қыздарға қырыңдауы күлдіргі түрде көрсетілген.

Лирикалық қара өлеңнің құрылымы шағын ғана қайырмамен толықтырылған болса,сал-серілердің әндерінде бұндай қайырма кеңейтілген, көлемді түрде берілген. Кейбір әндерде қайырма өзініңдыбыстық көлемі мен ырғақтық-әуендікқұрылымы жағынан шумақтан асып түседі (мысалы – Біржанның «Адасқағы»).Бұндай қайырмаларда, әдеттегідей, одағай сөздер қолданылғандықтан, тыңдаушылардың назары музыканың әуеніне, оның әсемділігіне аударылады, ал әнші болса өзінің барлық орындаушылық шеберлігін паш етуге тырысады.

Ақындық өнердіңкәсіби әнге тигізген әсерлерінің бірі сал-серілердің өзін өзі таныстыруға арналған әндерінен байқалады. Бұндай әндерде поэтикалық формулаға айналған «Біржан деп атым шықты Алты алашқа»; «Мұхиттың салады енді Айдайына»; «А-хау! Жігіт ері дерсің мені, деп салған «Маңмаңгерге» Ақан сері», «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын..., Өзім сал, өзім сылқым, кімге зармын»; немесе «Үш жүзге атым шыққан бұлбұлымын» сияқты сөздер жиі кездеседі. Өзін өзі таныстыруға арналған әндерде сал-серілер, ақындар сияқты, өзінің шыққан тегін, өнерін, орындау шеберлігін паш етеді. Ондай әндердің кейбіреулерін(мысалы, «Майра», «Ғазиз ақын», «Біржан сал» сияқты, немесе Әсеттің «Қысметін»)автордың жеке тұлғасын бейнелеу (автопортрет) әндері деп атауға болады.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Сал, сері дегеніміз кім? Олардың шығармашылығы немен сипатталады?

  2. Сал-серілердің әншілік қабілеті, репертуары.

  3. Халық әндері мен халық кәсіби әндерініңбір бірінен айырмашылықтары.

  4. Ақындық өнердің сал-серілік өнерге тигізген әсері.