- •Мазмұны
- •Көшпенді мәдениет пен қазақ музыкасының ерекшеліктері
- •Дәстүрлі қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •1 Тақырып Қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •2 Тақырып Үйлену той әндері
- •3 Тақырып Аза тұту әндері
- •4 Тақырып Бала тәрбиелеуге арналған әндер
- •Басқа әдет-ғұрыптар
- •6 Тақырып Лирикалық әндер (қара өлең). Аңыз күйлер. Тарихи әндер мен күйлер.
- •5 Тақырып Тұрмыс-салт әндері
- •Я пурай
- •7 Тақырып Бақсылық өнер
- •8 Тақырып Жырау-жыршылық өнер
- •9 Тақырып Ақындық өнер
- •10 Тақырып
- •11 Тақырып
- •12 Тақырып Қазақ халық аспаптары
- •12.1Ішекті ысқышты аспаптар
- •12.2.Ішекті шертпелі аспаптар
- •12.3. Үрлемелі аспаптар
- •Үскірік Саз сырнай
- •12.4.Ұрмалы, соқпалы аспаптар
- •Халық кәсіби композиторлардың шығармашылығы
- •13 Тақырып Құрманғазы (1818-1889)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Балбрауын
- •Сары-арқа
- •14 Тақырып Дәулеткерей (1820-1887)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қыз Ақжелең
- •Салық өлген
- •15 Тақырып Дина (1861-1955)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Той бастар
- •16 Тақырып Тәттімбет (1815-1862)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Сары жайлау
- •Сылқылдақ
- •Қос басар
- •17 Тақырып Біржансал (1834-1897)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Жанбота
- •Адасқақ
- •Ляйлім-шырақ
- •«Біржан-сал»
- •Теміртас
- •18 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қараторғай
- •Б ал Хадиша
- •19 Тақырып Жаяу Мұса (1835-1929)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Ақ сиса
- •Көкаршын
- •20 Тақырып Абай (1845-1904)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айттым сәлем, Қаламқас
- •Татьяна хаты
- •21 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айнамкоз
- •Пан көйлек
- •Үлкен Айдай
- •З әуреш
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Тест сұрақтары
12.1Ішекті ысқышты аспаптар
Қыл қобыз – ең көне музыкалық аспап, виола, скрипка, виолончель сияқтыеуропалық ысқышты аспаптардың арғытегі.7Қыл қобыз ағаштан бүтіндей ойып жасалады, төменгі ашық жеріне тері қапталады да, аққу тәрізді иілген мойнына аттың қылынан жасалған ішек тартылады. Садаққа ұқсайтын ысқышқа да осындай қыл тартылады. Қобыздың басына темірден жасалған сылдырлақтар, қоңыраулар ілінеді. Кеудесі сүйекпен әшекейленеді, ашық жеріне айна орнатылады. (Қызықтысы, бұрынғы бақсылар оны «айна» демей, «көруіш» деп атаған екен.Онысы – сол айнаға қарап аурудың емін көру, бағу деген мағынада болса керек).
Қазақтар қобыздың құрамына қол астындағы заттардың барлығын қолданған (ағаш, темір, тері, сүйек, қыл). Соған қоса, оның бойында әр-түрлі аспаптардың көрсеткіштері жинақталған: ішек пен ысқыш (ішекті аспаптар), тартылған тері (ұрмалы аспаптар), темір сылдырлақтары(соқпалы аспаптар), флажолет дыбыстары (үрлемелі аспаптар). Осы аспаптарда қолданылатын ойнау тәсілдерін де қобыз өз бойына сіңірген.8
Қыл қобыздың айрықша ерекшеліктері туралы А.Мұхамбетова былай дейді:«Инструмент-оркестр, обладающий исключительным богатством тембровых возможностей. Идеальное воплощение архаической концепции Музыкального Инструмента как Универсума. Звучание его обладает магической силой, музыка его священна. В традиции использовался баксы и жырау для сопровождения эпических сказаний».9
Қобыздың екінші түрі – нар қобыз.Нар, яғни үлкен қобыздың ұзындығы адам бойындай болған. Бұндай қобызда күй немесе басқа музыка орындалмаған, оның үнін тек қана әдет-ғұрыптарды атқарған кезде шығарған. Қарапайым халық өзінің күнделікті өміріндеқобыздың кішірек түрін қолданған. Бұндай қобыздабақсылардікіндей қоңырау, темір сылдырлақтар болмаған.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қыл қобыздың құрылымы.
2. Қыл қобызды неге аспап-оркестр дейді?
3. Қыл қобыздың тағы қандай түрлері болады?
12.2.Ішекті шертпелі аспаптар
Домбыра– екі ішекті шертпелі хордофон, халықтың ең сүйікті аспабы. Домбыраның екі түрі болады: біріншісі – мойыны жіңішке және ұзындау келген, төкпе күйлерді орындауға лайықталғанбатыс Қазақстандық қауақ домбыра, екіншісі – орталық, шығыс және оңтүстік Қазақстанда тараған, мойынықысқаша, жуанкелген, шертпе күйлер мен әндерді орындауға ыңғайлықалақ домбыра. Бұрын шығыс Қазақстанның кейбір жерлерінде үш ішекті домбыра да кездескен. Онда орындалатын күйлер де ерекше болған.
Домбыраның дәстүрлі түрі ағаштан тұтас ойып жасалады. Ішектері қойдікі немесе ешкінікіболғандықтандауысы төмен,қою, обертондарға бай. Дәстүрлі домбыраның қоңыр дауысы киіз үйдің акустикасына үндес болған.
Құрақ деп аталатын кәзіргі кездегі домбыралар жұқа тақтайшалардан құрастырылып жасалады. Оның ішегіне кәдімгі балық аулауға арналған полимержібі(леска) тартылады. Сол себепті құрақ домбыраның дауысы жіңішкелеу болып келеді, бірақ алыстан естіледі. Кәзіргі домбыралар көбінесе оркестр мен ансамблдерде қолданылады.
Ш
ертер–
қобыз бен домбыраның негізгі көрсеткіштерін
біріктірген көне аспап. Ол да домбыра
сияқты тұтас ағаштан шауып жасалған,
бірақ көлемі кішірек келген, бұрынғы,
дәстүрлі түрінде пернелері болмаған,
мойынына аттың қылынан жасалған үш ішек
тартылған, кеудесінің бет жағы терімен
қапталған. Кейбір мәліметтергеқарағанда,
ертеректе шертерде ысқышпен де ойнаған.
Көбінесе шертермен жырларды, әндерді
сүйемелдеген. Кәзіргі кезде шертер
оркестр мен ансамблдерде қолданылады.
Келесі
ішекті аспап – жетіген.
Ол ұзындығы бір метрдей тақтайдан
жасалған қорап тәрізді болады. Жетіген
деп аталуы қораптың үстінде тартылған
жеті ішекпен байланысты.Тиек ретінде
ішектердің астына асық қойылады, оны
ары-бері жылжыту арқылы дыбыстардың
биіктігін өзгертуге болады. Орындаушы
дыбысты дірілдету (вибрациялау), немесе
биіктігін аздап көтеру (микроальтерация)
үшін ішекті екінші қолымен асықтың арғы
жағынан басып отырады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Домбыраның дәстүрлі және кәзіргі кездегі түрлері,
олардың құрылымы.
2. Шертердің құрылымы және орындаушылық ерекшеліктері.
3. Жетігеннің құрылымы.
4. Осы аспаптарда орындалған үнтаспаларды тыңда.
