Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМЛ. Учебник. Каз. БЖ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Я пурай

Лирикалық әндердің құрылымы қарапайым, орындауы жеңіл, ыңғайлы болып келеді. Сал-серілердің әндерімен салыстырғанда оларды орындау арнайы даярлықты немесе асқан шеберлікті қажет етпейді.

«Қара» деген сөз екі түрлі мағынаны білдіреді:оның бірі«қарапайым», яғни «жеңіл»,«оңай» дегенболса, екіншісі халық поэзиясында қолданылатын 11 буындық өлең құрылымының аталуы. Қара өлең мәтінінің әр жолы 11 буыннан тұрады. 11 буын бірнеше бунақтарға бөлінеді. Бунақ дегеніміз екі, үш немесе төрт буыннан тұратын бірлік. Қазақ әндерінде 4 буын +3 буын +4 буын, және 3 буын +4 буын +4 буыннан тұратын бунақтар жиі кездеседі, ал4 буын +4 буын +3 буыннан тұратын бунақ сирек қолданылады.

Ғұрыптықнемесе тұрмыс-салт әндерімен салыстырғанда лирикалық қара өлеңнің құрылымыкүрделірек, онда шағын келген қайырма бөлімі болады.Қайырмадашумақтың 3-4-ші жолдары қайталанады, немесе«Ау», «Ей», «Ахау», «Игигай», «Сәулем-ай», «Қарғам-ау»деген одағай сөздер қолданылады.

Аңыз күйлер аспаптық музыканың ең көне үлгілері. Оған дәлел – күй мен аңыздың, музыка мен мәтінніңбіртұтастығы. Бұндай күйлер мен аңыздар жеке-дара болып орындалмайды, өздерінің құрылымы мен мазмұны жағынан олар бірін бірі толықтырып тұрады. Аңызсыз жеке орындалған күй мән-мағынасынан айырылады. Кей кездерде, мысалы, қобызға арналған «Аққу» күйінде, домбыраға арналған «Ақсақ құланда», сыбызғы аспабына арналған «Бегім салда» күйдің ырғағы аңыздың басты сөздерін «айтып» тұрғандай сезіледі. Көне заманнан келе жатқан аңыз күйлерде музыканың бейнелеу мүмкіндігі кеңінен қолданылған, мысалы, аттың шабысы, құландардың жосуы, қасқырдың ұлуы, аққудың саңқылы.

Тарихи әндер мен күйлерхалық өмірінде орын алған маңызды оқиғалар мен тарихи тұлғаларға арналған. Мысалы, ежелгі Рим қолбасшысы Ескендір Зулхарнайға (Александр Македонский), «Ақсақ Әмір» атанған Темірланға арналған әндер осы күнге дейін халық аузында сақталған. Халық әні «Елімай» жонғар шапқыншылығы кезіндегі «зар заманды» бейнелесе, «Ел айрылған» күйі қазақтар мен ноғай руының бөлінуін сипаттайды. Ғасырлар бойы бірге өмір сүріп келген қарапайым халықтың екіге бөлініп, жақын-туыстарынан айрылуы, туған жерін тастап жат жерлерге көшуі осы күйде суреттеледі.

18 ғасырдың соңында Қазақстанның солтүстік-батыс өңіріндеСырым Датұлыныңқолбасшылығымен Ресей патшасыныңөкілдігіне қарсы ұйымдастырылған көтерілістің болғаны тарихтан мәлім. Халық күйі «Сырым сазы» сол тарихи тұлғаның бейнесіне арналған.

Қазақ жерінде болған оқиғаларлардың көбісі 19-20 ғасырларға сәйкес келеді, сондықтан тарихи әндер мен күйлердің көбісі осы кезде дүниеге келген. Солардың ішінде: 1836 жылы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне арналған Құрманғазы мен Махамбеттің күйлері мен толғаулары, 1916 жылы болған оқиғаларға арналған Динаның, Мәменнің, Сейтектің күйлері, 1941-1945 жылдары орын алған Ұлы Отан соғысы кезінде халықты батылдыққа, төзімділікке шақырған ақындар мен күйшілердің шығармалары(Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі, Динаның «Ана бұйрығы» күйі). Соғыстан кейін де ақын-жыршылар мен күйшілер өздерінің әндері мен күйлері арқылы бейбітшілік заманның өмір-тіршілігін суреттеген (мысалы, Динаның «Сауыншы», «8 март», «Той бастар» күйлері).

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Лирикалық әндердің мән-мазмұны.

  2. «Қара өлең» деген сөздің мағынасы.

  3. «Буын», «бунақ» деген не?

  4. Тарихи әндер мен күйлердің мазмұны.

  5. «Назқоңыр», «Япурай» әндерін жатқа орында.