- •Мазмұны
- •Көшпенді мәдениет пен қазақ музыкасының ерекшеліктері
- •Дәстүрлі қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •1 Тақырып Қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •2 Тақырып Үйлену той әндері
- •3 Тақырып Аза тұту әндері
- •4 Тақырып Бала тәрбиелеуге арналған әндер
- •Басқа әдет-ғұрыптар
- •6 Тақырып Лирикалық әндер (қара өлең). Аңыз күйлер. Тарихи әндер мен күйлер.
- •5 Тақырып Тұрмыс-салт әндері
- •Я пурай
- •7 Тақырып Бақсылық өнер
- •8 Тақырып Жырау-жыршылық өнер
- •9 Тақырып Ақындық өнер
- •10 Тақырып
- •11 Тақырып
- •12 Тақырып Қазақ халық аспаптары
- •12.1Ішекті ысқышты аспаптар
- •12.2.Ішекті шертпелі аспаптар
- •12.3. Үрлемелі аспаптар
- •Үскірік Саз сырнай
- •12.4.Ұрмалы, соқпалы аспаптар
- •Халық кәсіби композиторлардың шығармашылығы
- •13 Тақырып Құрманғазы (1818-1889)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Балбрауын
- •Сары-арқа
- •14 Тақырып Дәулеткерей (1820-1887)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қыз Ақжелең
- •Салық өлген
- •15 Тақырып Дина (1861-1955)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Той бастар
- •16 Тақырып Тәттімбет (1815-1862)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Сары жайлау
- •Сылқылдақ
- •Қос басар
- •17 Тақырып Біржансал (1834-1897)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Жанбота
- •Адасқақ
- •Ляйлім-шырақ
- •«Біржан-сал»
- •Теміртас
- •18 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қараторғай
- •Б ал Хадиша
- •19 Тақырып Жаяу Мұса (1835-1929)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Ақ сиса
- •Көкаршын
- •20 Тақырып Абай (1845-1904)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айттым сәлем, Қаламқас
- •Татьяна хаты
- •21 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айнамкоз
- •Пан көйлек
- •Үлкен Айдай
- •З әуреш
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Тест сұрақтары
8 Тақырып Жырау-жыршылық өнер
Жырау – эпикалық жырдың авторы, әрі орындаушысы.Жыршы – сол жыраулардан қалған шығармаларды орындаушы. «Жырау» мен «жыршы» сөздерінің түбірі бір. «Жыр» деген сөз екі мағынаны білдіреді:
1) түркі тілдес халықтарда кездесетін 7-8 буындық поэтикалық құрылым;
2) осы құрылымда орындалатын эпикалық жанр. 7-8 буындық өлшем суырып-салмалыққа ыңғайлы болғандықтан ақындық пен жыршылық өнерде жиі қолданылады.
Жыршы халық арсынан шыққан қарапайым орындаушы ғана болса, жырау, керісінше, жан-жақты қызмет атқарған дарынды тұлға. Жыраулар ханның «оң қолы», кеңесшісі болған, ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаған. Өмірдің қиын-қыстау кездерінде халықтың алдына шығып өткен замандағы батырлардың ерлігін мысалға келтіріп жырлаған, сол арқылы халыққа ақыл-кеңес беріп,ерлік пен бірлікке шақырған. Кей кездерде жыраулар әскери қолбасшы да болған.
Жырау өнерінің дамыған кезі – 14-15 ғасырлар. Бұл қазақ тарихында хандықтарының қалыптасқан кезі. Көптеген жыраулардың есімі сол заманнан бері тарихта сақталған, олар Асан қайғы, Қазтуған, Бұхар жырау, Базар жырау, Қашаған, Мұрын жырау, Майлықожа және тағы басқалары.
Жыраулар мен жыршылар жан-жақты дамыған өнер иелері. Әсіресе, олардың суырып-салмалық шеберлігі, есте сақтау мүмкіншілігі, актерлық дарыны мен музыкалық қабілеті зор. Эпикалық шығарманың орындау тәсілі – әуендетіп айтылатынжыр (речитатив). Орындау кезінде жыршылар эпостың сюжетіне, кейіпкерлердің мінез-құлқына қарай орындау мәнері мен музыкалық әуендерді өзгертіп отырады. Кей кездерде, эпостың мазмұнына сәйкес көңіл айту, жоқтау, сыңсу сияқты ғұрыптық әндерді де қосып отырған.
Қазақ эпосыбатырлар жыры және тұрмыс-салт(немесе лирикалық) жыр болып екіге бөлінеді. Батырлар жырында көбінесе негізгі кейіпкердің ерлігі баяндалады. Алпамыс, Қобыланды, Ер-Тарғын, Қамбар батыр сияқты кейіпкерлер өз отанын жаудан қорғаған, елін басқыншылардан азат еткен тұлғалар. Батырлар жырықиялы ертегілерге ұқсас болып келеді, олардың мазмұндары бір жүйемен өрбиді: екеуінде де бір ұлға зәру болған шал мен кемпірдің баласы қиялы түрде дүниеге келеді; ол бала күн сайын емес, сағат сайын өсіп ер жетеді; батырдың сенімді көмекшісі болады (қалыңдығы, әйелі немесе тұлпары); соның көмегімен қиын жұмбақтарды шешеді немесе тапсырмаларды орындайды; нәтижесінде мұратына жетеді. Эпоста батыр нар, арыстан, жолбарысқа теңестіріледі, жалғыз өзі сан алуан жауды жеңеді.
Негізгі кейіпкердің батырлығы, жаумен соғысуы лирикалық эпоста да кездеседі, бірақ тұрмыс-салт эпосының негізгі тақырыбы батырлық емес, кейіпкерлердің бір біріне деген сүіспеншілігі, өзара махабаты, шынайы сезімдері («Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Сұлушаш», «Мақпал қыз» эпостары).
Аса көлемді эпикалық шығармаларбірнеше күн бойы орындалған. Тыңдаушылардың назарын ұстау үшін эпостың алдында немесе бөлімдерінің арасында терме, толғау, арнау, өсиет, мысал, нақыл сөз сияқты кіші-гірім шығармалар орындалып отырған. Бұл шағын шығармалардың мазмұны көбінесе философиялық түрде болып келеді. Зерттеушілер оларды эпосқа дейін пайда болған, және соның негізін қалаған жанр деп есептейді. Бірақ, бұндай шығармалар кәзіргі кезде де шығып жүргені белгілі. Кәзір олар, көбінесе, эпостан бөлек, жеке шығарма ретінде орындалады.
Күрделі эпос пен шағын эпикалық шығармалардың тақырыптары, мән-мағынасы бірдей болып келеді. Олардың негізгі мазмұны – жастарға тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге беретіннақыл сөз, философиялық ой-тұжырымдар. Бұл шығармаларда жалған дүние мен мәңгілік өмір, жақсылық пен зұлымдық, адам өмірінің құндылығымен мақсат-міндеті сияқты тақырыптар қозғалады. («Равновеликость, равноценность краткой песни (толғау, терме, өсиет, нақыл сөз, т.б. – П.Ш.) и длительного сказания объясняется тем, что грандиозность последнего соизмерима и тождественна философской углубленности малых жанров. В песне как бы происходит сжатие пространственно-временных параметров сказания, оно как бы «свернуто», -деп жазады А.Құнанбаева.2)
Эпикалық жанрлар дәстүрлі қоғамда жеке тұлғаның мінез-құлқын, жалпы дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған. Бұл шығармаларда атадан балаға мирас болып келген халықтыңрухани байлығы, әлеуметтік тәжірибесі жинақталған. Сондықтан жырау-жыршылықтыкөркем өнер деп қана қоймай, оны өзіндік философия, дәстүрлі этика, халықтыңдүниетанымы мен тарихы, әлеуметтік өмірдің үлгісі деп қарастырған жөн.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Жырау мен жыршы деген кім? Белгілі жыраулардың есімін ата.
«Жыр» деген сөз не мағынаны білдіреді?
Эпостың қандай түрлері болады?
Шағын эпикалық жанрлар дегеніміз не, оларды атап бер.
Батырлар жыры мен лиро-эпикалық жырдың мазмұны қандай?
Эпостың дәстүрлі қоғамдағы рөлі.
