- •Мазмұны
- •Көшпенді мәдениет пен қазақ музыкасының ерекшеліктері
- •Дәстүрлі қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •1 Тақырып Қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •2 Тақырып Үйлену той әндері
- •3 Тақырып Аза тұту әндері
- •4 Тақырып Бала тәрбиелеуге арналған әндер
- •Басқа әдет-ғұрыптар
- •6 Тақырып Лирикалық әндер (қара өлең). Аңыз күйлер. Тарихи әндер мен күйлер.
- •5 Тақырып Тұрмыс-салт әндері
- •Я пурай
- •7 Тақырып Бақсылық өнер
- •8 Тақырып Жырау-жыршылық өнер
- •9 Тақырып Ақындық өнер
- •10 Тақырып
- •11 Тақырып
- •12 Тақырып Қазақ халық аспаптары
- •12.1Ішекті ысқышты аспаптар
- •12.2.Ішекті шертпелі аспаптар
- •12.3. Үрлемелі аспаптар
- •Үскірік Саз сырнай
- •12.4.Ұрмалы, соқпалы аспаптар
- •Халық кәсіби композиторлардың шығармашылығы
- •13 Тақырып Құрманғазы (1818-1889)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Балбрауын
- •Сары-арқа
- •14 Тақырып Дәулеткерей (1820-1887)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қыз Ақжелең
- •Салық өлген
- •15 Тақырып Дина (1861-1955)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Той бастар
- •16 Тақырып Тәттімбет (1815-1862)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Сары жайлау
- •Сылқылдақ
- •Қос басар
- •17 Тақырып Біржансал (1834-1897)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Жанбота
- •Адасқақ
- •Ляйлім-шырақ
- •«Біржан-сал»
- •Теміртас
- •18 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қараторғай
- •Б ал Хадиша
- •19 Тақырып Жаяу Мұса (1835-1929)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Ақ сиса
- •Көкаршын
- •20 Тақырып Абай (1845-1904)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айттым сәлем, Қаламқас
- •Татьяна хаты
- •21 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айнамкоз
- •Пан көйлек
- •Үлкен Айдай
- •З әуреш
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Тест сұрақтары
4 Тақырып Бала тәрбиелеуге арналған әндер
Баланың дүниеге келуі – қай жанұяда болмасын ең бақытты оқиға. Бұрынғы кезде қазақтар көбінесе ер баланы қалаған, өйткені оныкелешекте ұрпақ жалғастырушы, ел қорғаушысы, жанұяның асыраушысы деп білген. Баланы тіл-көзден сақтауға арналған көптеген ырымдар мен рәсімдер бар, олардың кейбіреулері бүгінгі күнге дейін сақталған.
Бала дүниеге келгенде Шілдехана тойы өткізілген. Кәзіргі кезде осы және басқа тойларда айтылатын тілек сөздері әуенсіз орындалады. Себебіол әуендер ұмытылып кеткен. Дегенмен, бұрынғы кездердетілек сөздері арнайы әуендермен әндетіліп айтылған деуге болады.
Бала өміріндегі ең маңызды рәсімдердің бірі – Қырқынан шығару. Ол бала туылғаннан кейін 40-шы күнде өткізіледі. Рәсім бойынша әжесі немесе ауылдағы құрметті әйелдердің біреуі алғаш рет нәрестенің тырнағы мен шашыналады, содан соң 40 тыйын (немесе 40 құмалақ) салған суға шомылдырады. Алынған шашы мен тырнағын аяқ баспайтын жерге көмеді, немесе сенімді жерге тығып қояды.Бұндағы қырық деген санның мән-мағынасын халық былай деп түсіндіреді: жаңадан туылған баланың рухи жаны денесіне 40 күнде кіреді,адам қайтыс болған кезде оның рухи жаны денесінен 40 күнде шығады. Сондықтан 40 күн – адам өміріндегі ең маңызды өтпелі кезең, осы мерзімнің ішінде ол толығымен бұл дүниеге кіреді, және мәңгілік о дүниеге аттанады.
Баланы алғаш рет бесікке салудың алдында бесікті арнайы шөптің (көбінесе, адыраспанның) түтінімен аластайды. Пәле-жаладан сақтау үшін бесіктің жоғары жағына үкі тағады, темірден жасалған сылдырлақтар іледі. Содан кейін ғана арнайы тілек сөздерді айтыпбаланы бесікке бөлейді.
Келесі рәсім – тұсау кесу. Ол баланыңтәй-тәй басып жүре бастаған кезінде өткізіледі. Дәстүр бойынша алдымен баланың аяғын ала жіппен байлайды, содан соң ауылдағы қадірлі кісілердің біреуі сол тұсауды кеседі. Халықтың ұғымы бойынша, тұсау кескен адамның жақсы мінездері мен оның өмірлік жолы осы балаға дариды.
Осы сияқты рәсімдер мен әдет-ғұрыптар баланың өміріндегі ең маңызды кездерінде өткізілген. Солардың ішінде – бала енді сөйлей бастаған кезде өткізілетін Тіл ашар тойы, ұл баланы алғаш рет атқа отырғызған кездегі Тоғым қағар рәсімі, Сүндетке отырғызу мейрамы т.б.
Әр адамның өмірінде ерекше орын алатын рәсім – Мүшел жас.Халықтың дәстүрлі күнтізбесі бойынша мүшел жас әр 12 жылда қайталанып отырады (13, 25, 37, 49 және 61 жаста). Мүшел жылыадамның ден-саулығына, өміріне қауіпті деп есептелген, сондықтан мүшел жасына кіргеннен бастап шыққанға дейін жыл бойы әр-түрлі ырымдар жасалған, арнайы рәсімдер өткізілген, мысалы, құдай тамақ берілген, жеті нан мен киілген киімдері таратылған.
Басқа әдет-ғұрыптар
Жер шаруашылығымен кәсіптенген халықтарда, мысалы, орыстарда жеке жанр болып қалыптасқан еңбек әндері бар. Олардың көбісі күнтізбелік деп аталады, мысалы, кейбір әндер көктемде жер жыртып, егін еккен кезде айтылса, басқалары күзді күні астық жинаған кезде орындалады. Арнайы әндер жазғы және қыс айларындағы мейрамдарда орындалады. Күнтізбеге лайықталмаған еңбек әндері жұмыс істеу кезінде адамдардың күш-қуаттарын жұмылдыру үшін және іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін қолданылады.
Қазақ халқының бұрынғы кезде негізгі кәсібі мал бағу ғана болғандықтан, дәстүрлі музыка саласында еңбек әндері жеке жанр болып қалыптаспаған. Сол сияқты, күнтізбелік әндер де жоқтың қасы, өйткені 20-шы ғасырға дейін қазақ халқы бір жылдық емес, көне заманнан бері келе жатқан 12 жылдық(мүшелдік) күнтізбені қолданған.
Дәстүрлі музыка ішінен күнтізбелік ән деп бір ғана жанрды атауға болады, ол – Жарапазан. Жарапазан әні алғашында Наурыз мейрамындаорындалған. Бұл күні адамдар бір бірін Жаңа жылмен құтықтап қонаққа барған, наурыз көже пісіріп дастарханын жайған. Кешкісін жастар мен балалар топ-топ болып үй аралап жарапазан әнін айтқан. Сол үшін үй иелері оларға құрт, шелпек, бауырсақ, тағы басқа тәтті тағамдар берген. Кейінірек, қазақ даласына мұсылман діні енген кезден бастап Жарапазан әні Ораза айт мейрамында да орындалатын болған.
Кәзіргі кезде ұмытыла бастаған, сол себепті көпшілік біле бермейтін әдет-ғұрыптардың бірі – жыңбыр шақыруға арналған Тасаттықрәсімі. Өзі куә болған фольклор зерттеушісі Г.Байтенованың айтуынша, солтүстік Қазақстандағы бір ауылдың тұрғындары таң атпай өзеннің жағасына шығады, сол жерде құран оқып күннің шығуын қарсы алады. Содан соң арнайы дайындалған қойды құрбандыққа шалады. Үлкен-кішісі болып бәрі сол еттен дәм татады, ойын-сауық құрыпкешке дейін сол өзеннің жағасында дем алады. Күн бата ауылына қайтқан кезде бәрі де кенеттен жауған нөсер жауынның куәсі болады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Балаларға арналған әдет-ғұрыптар.
Аза тұту мен балаларға арналған рәсімдегі 40 санының мағынасы.
Мүшел жас деген не, ол қашан және қалай өткізіледі?
Басқа әдет-ғұрыптарды ата, оларға мінездеме бер.
Жарапазан әнінің үлгілерін жатқа орында.
