- •Мазмұны
- •Көшпенді мәдениет пен қазақ музыкасының ерекшеліктері
- •Дәстүрлі қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •1 Тақырып Қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •2 Тақырып Үйлену той әндері
- •3 Тақырып Аза тұту әндері
- •4 Тақырып Бала тәрбиелеуге арналған әндер
- •Басқа әдет-ғұрыптар
- •6 Тақырып Лирикалық әндер (қара өлең). Аңыз күйлер. Тарихи әндер мен күйлер.
- •5 Тақырып Тұрмыс-салт әндері
- •Я пурай
- •7 Тақырып Бақсылық өнер
- •8 Тақырып Жырау-жыршылық өнер
- •9 Тақырып Ақындық өнер
- •10 Тақырып
- •11 Тақырып
- •12 Тақырып Қазақ халық аспаптары
- •12.1Ішекті ысқышты аспаптар
- •12.2.Ішекті шертпелі аспаптар
- •12.3. Үрлемелі аспаптар
- •Үскірік Саз сырнай
- •12.4.Ұрмалы, соқпалы аспаптар
- •Халық кәсіби композиторлардың шығармашылығы
- •13 Тақырып Құрманғазы (1818-1889)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Балбрауын
- •Сары-арқа
- •14 Тақырып Дәулеткерей (1820-1887)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қыз Ақжелең
- •Салық өлген
- •15 Тақырып Дина (1861-1955)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Той бастар
- •16 Тақырып Тәттімбет (1815-1862)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Сары жайлау
- •Сылқылдақ
- •Қос басар
- •17 Тақырып Біржансал (1834-1897)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Жанбота
- •Адасқақ
- •Ляйлім-шырақ
- •«Біржан-сал»
- •Теміртас
- •18 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қараторғай
- •Б ал Хадиша
- •19 Тақырып Жаяу Мұса (1835-1929)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Ақ сиса
- •Көкаршын
- •20 Тақырып Абай (1845-1904)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айттым сәлем, Қаламқас
- •Татьяна хаты
- •21 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айнамкоз
- •Пан көйлек
- •Үлкен Айдай
- •З әуреш
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Тест сұрақтары
Жанбота
Бұл
әннің жанрын «қаратпа сөз» деп белгілеуге
болады. Жоғарғы дыбыстарменайтылатын
«Жанбота,
осы ма еді өлген жерім?»
деген сөздерінде әнші өзінің барлық
ашу-ызасынжайып салғандай болады. Іштей
күйініп тұрған кезі қайырмасындағы
«Сабап кетті-ау!»
деген сөздерінен де байқалады.
Адасқақ
«Адасқақ» әнін Біржанның ой-толғауы десе болады. Биліктізгінін ұстаған Жанбота болыстан көмек сұрағаны бекер екеніне көзі жетіп,енді өмірге ашық көзбен қарағандай болады. Әннің шумағы жәй, байсалды, дыбыс көлемі шағын, ырғағы біркелкі.Керісінше, қайырмасының ауқымы кең, ырғақ-үрдісі шапшаң. Қайырманың осындай ынталы, жігерлі әуені Біржанның нақты бір шешімге келгенін байқатады.
Созады Біржан дауысын қоңыр қаздай
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай,
Ау, гагигау, ей.
Жиылысы жандалардын болады деп,
Жанбота тынышымды алды жаздай,
Ау, гагигау, ей.
Ляйлім-шырақ
Келесі циклды құрайтын «Ләйлім-шырақ», «Шідер», «Құлбай-Жанбай» әндердің де шығу тарихы бір. Аңыз бойынша, Біржан сапарының бірінде ағайынды Құлбай мен Жанбайдың ауылына келіп тоқтайды. Байқуатты тұратын ағайындылар атақты әншінің келгенін біле тұра оны менсінбей үйіне шақырмай қояды. Кешкісін бүкіл ауыл тұрғындары Біржан тоқтаған үйге ән тыңдауға жиналғанда, Құлбай мен Жанбай әйелдері мен қарындасы Ләйлімді ол үйге жібермей қояды. Келесі күні Біржан Ләйлім қызды далада көріп қалып, «аттың шідерін көрдің бе» деген сұрақпен қасына жақындайды. Екеуінің әңгімесі созылып кеткенін байқаған Құлбай мен Жанбай оларға жақындай бастаған кезде Біржан сал «Ләйлім-шырақ» әнін шырқата жөнеледі. Дауысын естіп тағы да жұрт жиналып қалады деп қорққан ағайындылар Біржанды үйіне шақыруға мәжбір болады. Амалсыз құрметті қонақ ретінде күтеді. Қайтатын кез келгенде әнші үй иелеріне «Ляйлім-шырақ», «Шідер», «Құлбай-Жанбай» әндерін сыйлап, осы кездесуді мәңгі есіне сақтайтынын айтады. (Расында да, бұл оқиға Біржанныңкейінірек шыққан «Жайма шуақ» әнінде баяндалады.)
А
талған
әндердің ішінде
көбірек танымал болғаны - «Ляйлім-шырақ».
Ол үш
дыбыстан тұратын ақындардың қаратпа
сөзін еске салатын қысқа әуеннен
басталады. Бұл әуен қайталанған сайын
әр-түрлі ырғақтармен әрленіп отырады.
Соған сәйкес мазмұны да өзгеріп отырады:
біріншісінде қаратпа сөз сияқты болып
естілсе, екінші қайталануы сұрақ, ал
үшіншісі оған жауап ретінде қабылданады.Әннің
шумақбөлімі осы үш дыбысқа негізделген.
Қайырмада әуеннің ырғағы бәсеңдеп нәзік, жылы сезімдер сезіледі. Сол арқылы әнші өзінің бақытты кездердін еске салған сияқты болады.
Айтбай
Айтбай – осы әннің кейіпкері болған қыздың есімі. Музыкалық мазмұны жағынан ән ғашықтық лирика жанрына жатады, дегенмен оның түпкі мән-жайы өлең мәтінінің соңғы екі жолынан байқалады:
Аққудай аспандағы жүз кұбылтып,
Сал Біржан ән салуға ерінбейді.
Осы сөздерге қарап әннің мазмұны жалпы өнер туралы, әншінің орындаушылық шеберлігі жайлы деуге де болады.
Атымның қақ тұрады сауырына,
Қос тепкі салып келем бауырына.
Қолынан шай құйдырып ішейін деп,
Келемін Айтбай сұлу ауылына.
Мамекең Айтбай десем күлімдейді,
Сұр жорға астымдағы сүрінбейді.
Аққудай аспандағы жүз кұбылтып,
Сал Біржан ән салуға ерінбейді.
«Айтбай» әні мерекелік, шатты көңілмен сипатталады, сол себепті М.Төлебаев«Біржан-Сара» операсында әншіні алғаш рет сахнаға осы әнмен шығарады. Операда ән мәтінінің түпнұсқасы Көкшетаудың сұлу көріністері мен Қоянды жәрмеңкесіне арналған құтықтау сөздерімен толықтырылған. Бұл жаңадан қосылған сөздер әннің көтеріңкі сипатын аша түседі. Сондықтан бұл сөздерді дәстүрлі әншілер де қолданып жүр.
Операда әннің жалғасын әйелдер хоры орындайды, сол арқылы композитор оған нәзік сезіммен әсем сәнділікті қосады.
