- •Мазмұны
- •Көшпенді мәдениет пен қазақ музыкасының ерекшеліктері
- •Дәстүрлі қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •1 Тақырып Қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •2 Тақырып Үйлену той әндері
- •3 Тақырып Аза тұту әндері
- •4 Тақырып Бала тәрбиелеуге арналған әндер
- •Басқа әдет-ғұрыптар
- •6 Тақырып Лирикалық әндер (қара өлең). Аңыз күйлер. Тарихи әндер мен күйлер.
- •5 Тақырып Тұрмыс-салт әндері
- •Я пурай
- •7 Тақырып Бақсылық өнер
- •8 Тақырып Жырау-жыршылық өнер
- •9 Тақырып Ақындық өнер
- •10 Тақырып
- •11 Тақырып
- •12 Тақырып Қазақ халық аспаптары
- •12.1Ішекті ысқышты аспаптар
- •12.2.Ішекті шертпелі аспаптар
- •12.3. Үрлемелі аспаптар
- •Үскірік Саз сырнай
- •12.4.Ұрмалы, соқпалы аспаптар
- •Халық кәсіби композиторлардың шығармашылығы
- •13 Тақырып Құрманғазы (1818-1889)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Балбрауын
- •Сары-арқа
- •14 Тақырып Дәулеткерей (1820-1887)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қыз Ақжелең
- •Салық өлген
- •15 Тақырып Дина (1861-1955)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Той бастар
- •16 Тақырып Тәттімбет (1815-1862)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Сары жайлау
- •Сылқылдақ
- •Қос басар
- •17 Тақырып Біржансал (1834-1897)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Жанбота
- •Адасқақ
- •Ляйлім-шырақ
- •«Біржан-сал»
- •Теміртас
- •18 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қараторғай
- •Б ал Хадиша
- •19 Тақырып Жаяу Мұса (1835-1929)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Ақ сиса
- •Көкаршын
- •20 Тақырып Абай (1845-1904)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айттым сәлем, Қаламқас
- •Татьяна хаты
- •21 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айнамкоз
- •Пан көйлек
- •Үлкен Айдай
- •З әуреш
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Тест сұрақтары
Қыз Ақжелең
«Қыз Ақжелең»– әйелдер бейнесіне арналған шығармалардың ішіндегі ең жетік, жоғары кәсіби дәрежедегі күй. Ол өзінің әсем әуенімен, құрылымының мінсіздігімен тыңдармандардың сүйікті шығармасына айналды.
К
үйдің
құрылымындатөкпе күй дәстүріндегі
барлық бөлімдер қамтылған. Қысқаша
келген бас буыннан кейін орта буын
бөлімінде күйдің негізгі әуені басталады.
Бұл кең ауқымды әуен бірнеше бөлшектерден
құралған, олардың әрқайсысы бас буыннан
алынған тұрақты ырғақпен аяқталып
отырады.
Келесі, «сиb-фа» биіктігінде жүретін бөлім – төрт перне. Оның негізгі міндеті – күйдің үрдісін жаңа дыбыстар кеңістігіне көтеру.
Шығарманың шарықтау бөлімі (сағасы) шағын, жинаңқы. Сағадан кейін жүретін қорытынды бөлімде күйдің негізгі әуені тағы бір рет қайталанады.
«Қыз Ақжелең» күйі, «Қос алқа» сияқты, әсем әуенімен бірге би ырғағымен де ерекшеленеді.Жалпы, би ырғағын Дәулеткерей шығармашылығыныңалғашқы кезеңінде туындағанкүйлерге тән ерекшелік деп айтуға болады.
Салық өлген
Бұл Дәулеткерейдің ең қайғылы, мұңлышығармасы. Күйдің жанрын жоқтау деп белгілеуге болады. Бірақ оның ғұрыптық Жоқтау әндерімен тікелей байланысы жоқ. «Салық өлген» - жоқтау жанрыныңаспаптық түрі. Күй жеке адамның қайғысымен бірге жалпы адамзатқа қатысты философиялық мәселелерді қозғайды.
К
үйде
кең ауқымды әуен жоқ. Оның музыкасы
«Са-лық өл-ген» сөздерінің буын ырғақтарына
сәйкес қысқа бөлшектерден құралған.Күйдің
зарлы, мұңлы мазмұны бас буын бөлімінен-ақ
байқала бастайды:
К
үйдің
бірімен бірі жалғасып жатқан бөлімдерін
жеке ажыратып көрсету қиын. Төрт үлесті
ырғақтан тұратын қысқа әуендер бір
біріне тізбектеліп әр түрлі биіктіктерде
еркін жүріп отырады.
Музыканың
өрбуі бара-бара өзінің ең биік дәрежесіне
жетеді. Бұл күйдің сағасы. Әдетте,
күйлердің музыкалық мазмұнының шиеленісуі
оның шарықтау шегіне сәйкес келеді.
Бірақ «Салық өлгенде» бұндай сәйкестік
байқалмайды. Күйдің ең қайғылы, зарлы
жері сағадан кейін қайталанған орта
буын бөлімінде орналасқан. Бұл жерде
әуеннің саздық бояуыминормен«қоюланып»,
төмен қарай бағытталған фригиялық
дыбыстар қатары арқылымузыканың зарлы
үнін күшейте түседі:
Жалпы, «Салық өлген» күйі тыңдармандарға ауыр әсер қалдырады. Сондықтан болар, ол концерттік сахналарда, радио мен теледидарда аз орындалады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Дәулеткерейдің шығармашылығына жалпы сипаттама бер.
Күйшінің өмірбаяны.
Дәулеткерей шығармашылығының кезеңдері.
«Қос алқа», «Қыз Ақжелең», «Салық өлген» күйлеріне мінездеме бер.
Осы күйлерден үзінділер ойна.
15 Тақырып Дина (1861-1955)
Ұлы Құрманғазының сүйікті шәкірті, атақты суырып-салма домбырашы, дарынды күйші-композитор Дина Нұрпейісованың есімі дәстүрлі қазақ музыка мәдениетінде ерекше орын алады. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан домбыра өнерін біздің заманымызға жеткізген орындаушылардың бірі. Сондықтан Динаның шығармашылық жолын өткен мен бүгінді, домбыра музыкасының классикалық дәстүрі мен кәзіргі заманды байланыстыратын өтпелі кезең деуге болады. Бұл кезең көптеген тарихи-әлеуметтік оқиғаларғатолы болды, солардың ішіндегі асамаңыздылары – 1916 жылғы Ұлт азаттық қозғалыс, Октябрь социалистік революциясы, Ұлы отан соғысы, соғыстан кейінгі мәдени-шаруашылық құрылыс.
Өзінің өнерлік жолын сүйікті ұстаздарының арасында бастаған Дина аталған оқиғалардың бәрін басынан өткізіп, домбыра өнерінің классикалық дәстүрін кәзіргі заман домбырашыларына қолма-қол ұстатты. Динаның орындауында Құрманғазы, Дәулеткерей т.б. күйшілердің шығармаларымен қоса, өзініңде күйлері үнтаспаларға жазылып алынды. Сол арқылы біз батыс Қазақстан домбыра өнерінің ең биік туындаларына қол жеткізе алдық.
Динаның өмірінде әр-түрлі қиыншылықтар көп болды. Бірақ соларға қарамастан ол өзінің «ескі досы»- домбырасын ешқашан тастаған емес. Өмірінің соңына дейін орындаушылық дәрежесін жетілдіріп, домбыра өнерінің қол жетпес биігіне жетті. Соның айғағы –Динаның халық арасында «домбыраның Жамбылы» атануы.
