Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМЛ. Учебник. Каз. БЖ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Өмірі мен шығармашылық жолы

Абай 1845 жылы дүниеге келген. Оның әкесі Құнанбай ірі феодал, Тобықты руының басшысы болған. Бастапқы білімін ауылдың молдасынан алған Абай кейін оқуын Семей қаласындағы медреседе жалғастырады. Онда астрономия, математика, тағы басқа жаратылыстану ғылымдарымен танысады, араб, иран әдебиеті мен мәдениетін зерттейді, орыс тілін меңгереді, сол арқылы Ресейдің классикалық әдебиетімен танысуға мүмкіндік алады. Орыс тіліндегі аудармалар арқылы батыс Еуропа халықтарының мәдениетімен де танысады.

Абайдың келешегін әкімшілік жұмыспен байланыстырған әкесі оған медресені аяқтауға мүмкіндік бермей үйіне қайтарып алады. Абай аз уақыттың ішінде дәстүрлі сөз айтысы өнерін жетік меңгеріп, шешен ретінде танымал бола бастайды. Ру аралық дауларға қатысып, өзін әділетті би, ақылғой кеңесші ретінде танытады. Оған шиеленіскен дау-дамайларды шешуге алыс, жақын жерлерден ру басшылары келе бастайды.

Абайдың халық арасындағы беделін, оның өлеңдері мен әндеріндегі әділетті ойларын көре алмаушылар оған қастандық жасаудан тайынбатынын байқата бастайды.

Абай әндерінде лирикалық жанр басым. Бұл әндерде автордың шынайы сезімі, өмірге деген көзқарасы, поэзия мен музыканың табиғи байланыстары тұрлі көріністерін тапқан. Абай әндері, халық әндері сияқты, арнайы кәсіби даярлықты, орындаушылық шеберлікті талап етпейді, сондықтан олар ұғынықты мазмұны мен қарапайым құрылымы жағынан халық әндеріне жақын.

Абайдың ең құнды шығармалары,солардың ішінде күрделі поэмалары, атақты философиялық-моралдік «Қара сөзі», көптеген өлеңдері мен 50-ге жуық әндеріақын өмірінің соңғы кезеңінде дүниеге келген. Олардың көбісі ақынның тірі кезінде-ақ қолма-қол көшіріліпел арасында тарап кеткен.

Айттым сәлем, Қаламқас

Зерттеушілердің пікірінше, бұл әннің әуені орыс халық әндері мен романстарына жақын. Бірақ, бұған қарамастан, ол қазақ ұлттық ән лирикасының айқын үлгісі болып қала береді.

Ән ең алдымен әсем әуенімен танымал. Онда арнайы қолданылған тұрақты дыбыстар әуеннің кең тыныстылығы мен нақтылығына тікелей әсер етеді. Қайырма бөлімінің басына сәйкес келетіншарықтау шегі әннің үйлесімділігін бұзбай, керісінше, оны түрлендіре түседі.

Қараңғы түнде тау қалғып

Абай қазақ халқын алғаш рет орыс поэзиясымен танытқан ақын. Ол А.Пушкин, И.Крылов, М.Лермонтовтың өлеңдерін қазақ тіліне аударып қана қоймай, соларға ән шығарған. Сондай әндерінің бірі – М.Лермонтовтың «Горные вершины» өлеңінің аудармасына шығарылған «Қараңғы түнде тау қалғып» әні.

Әуені мұңға толы ән қарапайым құрылымының арқасында тез есте сақталады. Әннің жаңашыл ерекшеліктерінің бірі – шумақтың үшінші жолының «субдоминанталық үшдыбыстықтар» (соль-сиb-ре) арқылы өрбуі. Бұл әдіс оны орыс романстарына жақындатады. Шағын қайырмада шумақтың соңғы екі жолы қайталанады.

Татьяна хаты

Абай шығармашылығында А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан алынған аудармалар ерекше орын алады. Бұл романнан ол 8 үзінді аударған, солардың кейбіреулеріне ән шығарған («Татьяна хаты», «Онегиннің жауабы»).

Осы аудармалардың арқасында Татьяна есімі ел арасына тез тарап оның сүйікті кейіпкеріне айналды, халық оны қазақшалап «Тәтіш» деп атап кеткен. «Татьяна хаты» бүгінгі күнге дейін халықтың ең сүйікті әндерінің бірі.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Абайдың қазақ поэзиясына қосқан үлесі.

2. Абай әндерінің жаңашылдығы.

3. «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьяна

хаты» әндерінің ерекшеліктері.

5. Аталған әндерді жатқа айт.