- •Мазмұны
- •Көшпенді мәдениет пен қазақ музыкасының ерекшеліктері
- •Дәстүрлі қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •1 Тақырып Қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •2 Тақырып Үйлену той әндері
- •3 Тақырып Аза тұту әндері
- •4 Тақырып Бала тәрбиелеуге арналған әндер
- •Басқа әдет-ғұрыптар
- •6 Тақырып Лирикалық әндер (қара өлең). Аңыз күйлер. Тарихи әндер мен күйлер.
- •5 Тақырып Тұрмыс-салт әндері
- •Я пурай
- •7 Тақырып Бақсылық өнер
- •8 Тақырып Жырау-жыршылық өнер
- •9 Тақырып Ақындық өнер
- •10 Тақырып
- •11 Тақырып
- •12 Тақырып Қазақ халық аспаптары
- •12.1Ішекті ысқышты аспаптар
- •12.2.Ішекті шертпелі аспаптар
- •12.3. Үрлемелі аспаптар
- •Үскірік Саз сырнай
- •12.4.Ұрмалы, соқпалы аспаптар
- •Халық кәсіби композиторлардың шығармашылығы
- •13 Тақырып Құрманғазы (1818-1889)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Балбрауын
- •Сары-арқа
- •14 Тақырып Дәулеткерей (1820-1887)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қыз Ақжелең
- •Салық өлген
- •15 Тақырып Дина (1861-1955)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Той бастар
- •16 Тақырып Тәттімбет (1815-1862)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Сары жайлау
- •Сылқылдақ
- •Қос басар
- •17 Тақырып Біржансал (1834-1897)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Жанбота
- •Адасқақ
- •Ляйлім-шырақ
- •«Біржан-сал»
- •Теміртас
- •18 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қараторғай
- •Б ал Хадиша
- •19 Тақырып Жаяу Мұса (1835-1929)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Ақ сиса
- •Көкаршын
- •20 Тақырып Абай (1845-1904)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айттым сәлем, Қаламқас
- •Татьяна хаты
- •21 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айнамкоз
- •Пан көйлек
- •Үлкен Айдай
- •З әуреш
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Тест сұрақтары
21 Тақырып
Мұхит (1841-1918)
Батыс Қазақстан аймағында 20 ғасырға дейін Мұхит Мералыұлынан асқан көрнекті әнші-композитор болған жоқ деуге болады. Сондықтан осы өңірдегі халық кәсіби ән өнерінің қалыптасуы мен дамуын біз ең алдымен Мұхиттың есімімен байланыстырамыз.
Алғаш рет Мұхит туралы мәлімет келтіріп, оның әндерін нотаға түсірген көрнекті зерттеуші, әрі композитор А.В.Затаевич өзінің «Қазақ халқының 1000 әні» атты еңбегінде былай дейді: «Шығармашылығының ерекшелігіне қарап Мұхитты өз халқының жыршысы (баяны) деуге болады. Әндерінің дәстүрлі құрылым-қисыны мен асыл әуені бұрынғы заманның аңызы, жыры ретінде естіледі. Осындай көне жырлардың авторы жақында ғана біздің замандасымыз болғаны – таң қалдырарлық жағдай!»
Мұхит әндерінде өзін сал деп атайды. Ол көзі тірісі кезінде-ақ халықтың аса құрметіне ие болған. Оның әндері, әсіресе «Зәуреш», «Айнамкөз», «Алуаш», «Кіші Айдай», «Үлкен Айдай» сияқты танымал туындылары әлі күнге дейін жұртшылықтың ең сүйікті әндерінің қатарына жатады.
Өмірі мен шығармашылық жолы
Мұхит Орал облысындағы (кәзіргі кезде – Батыс Қазақстан облысы) Қаратөбе аудынына қарасты Ақбақай ауылында байқуатты жанұяда дүниеге келген. Оның толық есімі – Мұхамбеткерей. Мұхит жас кезінен бастап өнермен айналысады, әр-түрлі аспаптарда ойнайды, сурет салады. Оның ағайындылары да өнерге жақын болған, ән айтып домбыра мен скрипка тартқан. Олардың шыққан тегі «ақ сүйек» болғандықтанәкесі балаларының өнермен шұғылдануын жақтырмаған. Оның айтуынша, өнермен шұғылдану жастық шаққа ғана жарасады, сондықтан ол Мұхитты әкімшілік жұмысқа даярлайды. А.Жұбанов келтірген деректерге қарағанда, Мұхит алғашқы кезде әкесінің талабын орындап ауыл басшысы болып жұмыс істейді, бірақ бұл қызметте екі ай ғана шыдай алады. Әрі қарай ол өмірін тек қана өнер жолымен байланыстырады. Өнер саласында көптеген қиыншылықтарға ұшырайды, жетіспеушілік кездері де болып тұрады. Бала-шағасын асырау үшін ауыл аралып әншілік өнерімен табыс табуға мәжбүр болады.
Мұхиттың ұрпақтарының бәрі де өнерден құр алақан болмаған. Солардың арқасында біз бүгінгі күнде атақты әншінің шығармашылық мұрасына қол жеткізіп отырмыз. Мұхиттың ұрпақтарының ішіндегі аса дарындысы – немересі Шайхы. Композитордың әндерін насихаттауға зор үлесін қосқан Шынтас Қаратаевты ерекше атауға болады. Ол Мұхиттың әндерімен қоса солардың шығу тарихын да сақтап қалған. Мұхиттың көптеген әндері оның тікелей ұрпағы Лұқпан Мұхитовтан жазылып алынған. Батыс Қазақстанның әншілік өнері туралы сөз қозғағанда, әрине, біздің заманымыздың майталман әншісі, Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевті атау керек. Мұхит қалыптастырып кеткен әншілік дәстүр Ғарекең мен оның шәкірттерінің арқасында біздің заманымызда өз жалғасын тауып келеді.
Айнамкоз
Мұхиттың алғашқы әндері арнау жанрында шығарылған. Солардың бірі – «Айнамкөз». Композитор бұл әнін Құралай есімді қыздың әсем сұлу бейнесіне арнаған. «Айнамкөз» бүгінгі күнге дейін жұртшылықтың ең сүйікті әндерінің қатарына жатады.
Әннің лирикалық әуені қара өлең жанрына жақын. Сонымен бірге онда халық кәсіби әндердің мазмұнына тән жалпы әншілік өнерге, орындаушылық шеберлікке арналған сөздер кездеседі.
Салмасам Айнамкөзге ән болмайды,
Кимесем оқа бешпент сән болмайды.
Ойнасаң өзің теңдес жаспен ойна.
Ол дағы алғаныннан кем болмайды.
Әннің дыбыстар кеңістігі зор, кең аралықта жүретін әуенде ерекше әсемділік пен сабырлық байқалады. Құрылымында дәстүрлі қайырма жоқ, сөздері 11 буындық, мәтінінің екінші жолы ғана «Айнамкөз» сөзі арқылы ұзартылған. Бұл арнайы қолданылған тәсіл әннің әуен-ырғақтық құрылымына ерекше сипат береді.
