Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМЛ. Учебник. Каз. БЖ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Глоссарий

Айтыс – ақындардың суырып-салма өлең түрінде өтетін жарысы.

Ақын – суырып-салма әнші. Оның атқаратын қызметі – айтысқа түсу және кейбір ғұрыптық рәсімдерді өткізу.

Бас буын, орта буын, саға – 1. домбыра мойынының бөлшектері, 2. сол жерде орналасақан төкпе күй құрылымының бөлімдері.

Бәдiк –жануарларды емдеу кезінде орындалатын ән. Көне заманда – аурудың пірі.

Бақсы («бақ», «бағу»сөздерінен туындаған) – адамдар мен аруақтардың арасын байланыстырушы, емші.

Беташар – үйлену той кезіндекеліннің бетін ашатын ән.

Бунақ(«буын» сөзінен туындаған) –7-8,11 буындық өлеңнің бөлшегі, 3 немесе 4 буыннан тұрады.

Естірту – ән түрінде орындалатын хабар, көбінесе адам қайтыс болғанда қолданылады. Естіртудің күй түрі де кездеседі.

Ғұрыптық әндер – дәстүрлі әдет-ғұрыптарды өткізген кезде арнайы адамдар орындайтын әндер. Басқа кездерде орындалмайды.

Жар-жар – үйлену той кезінде қыздар мен жігіттер тобы кезек-кезек орындайтын ән.

Жарапазан – Наурыз мейрамы мен Ораза айт кезінде балалар мен жастардың үй аралап жүріп орындайтын әні.

Жоқтау («жоқ» сөзінен туындаған)– қайтыс болған адамды жерлеу кезінде әйелдер орындайтын ән.

Жыр – 1. эпос, 2. өлеңнің 7-8 буындық өлшемі.

Жырау («жыр» сөзінен туындаған) – эпикалық шығармаларды шығарушы және орындаушы. Жыршы – сол шығармалардың орындаушысы ғана.

Тұрмыс-салт әндері – халықтың күнделікті қолданатын әндері, көбінесе отбасылық мейрамдарда, кіші-гірім тойларда, жастардың ойындарында орындалады

Көңіл айту, Жұбату – аза тұту рәсімінде орындалатын әндер.

Күләпсан– адамдарды емдеу кезінде орындалатын ән. Көне заманда – аурудың пірі.

Күйші – домбыра, қобыз, сыбызғыға арналған шығармалардың – күйлердің – авторы және орындаушысы. Күй сөзінің басқа мағынасы адамның психологиялық жағдайы, көңіл-күйімен байланысты.

Қара өлең– қарапайым ән деген мағынада. Күнделікті өмірде қолданылатын лирикалық әндер.

Қоштасу – ұзатылған қыз орындайтын «Сыңсудың» басқаша аты.

Макомат – общее название мугама (азерб.), мукама (уйг.), макома (узб.) и других национальных разновидностей. Мугам – многочастный цикл, состоящий из вокальных, инструментальных, танцевальных разделов. Встречается у оседлых тюркоязычных, арабо-ираноязычных народов.

Сал, сері – жан-жақты қабілеті бар дарынды тұлға. Бұл атақтар көбінесе әнші-композиторларға беріледі.

Сарын – бақсының, ақынның жеке әуені.

Сәукеле – ұзатылған қыз киетін сопақ келген,әр-түрлі қымбат тастармен әшекейленгенбас киім..

Сыңсу – ұзатылған қыз орындайтын ән.

Тарихи әндер мен күйлер– халық өміріндегі маңызды оқиғаларға, тарихи тұлғаларға арналған шығармалар.

Төкпе («төгу»сөзінен шыққан), шертпе («шерту»сөзінен шыққан) – домбыра күйлер стилдерінің аттары. Төкпе күйлер бастыс Қазақстанда, шертпе күйлер республиканың орта, шығыс, оңтүстік өңірлерінде тараған.

Той бастар –үйлену тойында ақын орындайтын ән.

Фольклор (халық даналығы) – халықтың ауызекі шығармашылығы.Фольклордың түрлері: ауыз әдебиет, поэзия, музыка, би өнері.

Шағын эпикалық жанрлар –толғау,терме, арнау, өсиет, мысал, нақыл сөз деп аталатын тәрбиелікмәні бар, философиялық мазмұндағы шығармалар. Күрделі эпостың арасында, ал кәзіргі кезде жеке шығарма ретінде де орындалады.