- •Мазмұны
- •Көшпенді мәдениет пен қазақ музыкасының ерекшеліктері
- •Дәстүрлі қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •1 Тақырып Қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •2 Тақырып Үйлену той әндері
- •3 Тақырып Аза тұту әндері
- •4 Тақырып Бала тәрбиелеуге арналған әндер
- •Басқа әдет-ғұрыптар
- •6 Тақырып Лирикалық әндер (қара өлең). Аңыз күйлер. Тарихи әндер мен күйлер.
- •5 Тақырып Тұрмыс-салт әндері
- •Я пурай
- •7 Тақырып Бақсылық өнер
- •8 Тақырып Жырау-жыршылық өнер
- •9 Тақырып Ақындық өнер
- •10 Тақырып
- •11 Тақырып
- •12 Тақырып Қазақ халық аспаптары
- •12.1Ішекті ысқышты аспаптар
- •12.2.Ішекті шертпелі аспаптар
- •12.3. Үрлемелі аспаптар
- •Үскірік Саз сырнай
- •12.4.Ұрмалы, соқпалы аспаптар
- •Халық кәсіби композиторлардың шығармашылығы
- •13 Тақырып Құрманғазы (1818-1889)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Балбрауын
- •Сары-арқа
- •14 Тақырып Дәулеткерей (1820-1887)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қыз Ақжелең
- •Салық өлген
- •15 Тақырып Дина (1861-1955)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Той бастар
- •16 Тақырып Тәттімбет (1815-1862)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Сары жайлау
- •Сылқылдақ
- •Қос басар
- •17 Тақырып Біржансал (1834-1897)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Жанбота
- •Адасқақ
- •Ляйлім-шырақ
- •«Біржан-сал»
- •Теміртас
- •18 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қараторғай
- •Б ал Хадиша
- •19 Тақырып Жаяу Мұса (1835-1929)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Ақ сиса
- •Көкаршын
- •20 Тақырып Абай (1845-1904)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айттым сәлем, Қаламқас
- •Татьяна хаты
- •21 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айнамкоз
- •Пан көйлек
- •Үлкен Айдай
- •З әуреш
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Тест сұрақтары
5 Тақырып Тұрмыс-салт әндері
Тұрмыс-салт әндері әдет-ғұрыптармен байланысы жоқ, көбінесе кішігірім жиын-тойларда, жанұялық мейрамдарда, ойын-сауық кештерде орындалады. Солардың ішінде халықтың ерекше ұнататаны – тұрмыс-салт айтыстары: Қайым айтыс (Қайым өлең), Жұмбақ айтыс, Өтірік айтыс, Шешен айтыс, Бөкет өлең.
Қайым айтыс көбінесе жігіт пен қыздың арасында айтылады. Айтыс кезінде жастар бірін бірі сынап, әзілдеп, дәл тауып айтылған өткір сөздер арқылы жеңіске жетуге тырысады. Дегенмен, Қайым айтыстың мақсаты жарыс қана емес.Кездесу кезінде жастар бір біріне астарлы сөздер арқылы махабаттық сезімін білдіріп, сұхбаттасып қалуға тырысады. Сондықтан осындай кездесулерді қайымдасу деп те атайды.
Тұрмыс-салт айтыстың келесі түрі – Жұмбақ айтыс.Талап бойынша қарсыластары өлең түрде қойылған сұрақтың жауабын дұрыс тауып қана қоймай, оны қызықты, күлдіргі сөздермен жеткізуі керек. Жеңілгені қарсыласының кез келген талабын орындаған.
Өтірік айтыста қатысушылар өлең түрде қызықты әңгіме айтып, онысына бірде бір шындық қоспауы керек.
Шешен айтыстаайтыскерлер өзінің тапқырлығымен суырып-салмалық қабілетін көрсетеді.
Бөкет өлеңде қатысушылар берілген бір тақырыптың шеңберінде кезектесіп өлең шығарып, өзінің тапқырлығы мен сөз өткірлігін көрсетуге тырысқан.
Тұрмыс-салт әндерінде тәрбиелік мән басым болады, мысалы ол «Не жаман», «Өмір туралы» әндерінде айқын көрінеді. «Не жаман» әнінде дәстүрлі қоғамның жағымсыз жақтары айтылады: мысалы: ұрлық, ерке өскен қыз, жесір қалу, жетім қалған бала, кәрілік, жау шапқыншылығы, күйеуінен қайтқан қыз т.б. Қызықтысы, осы 13 «жаманның» ішіндегі ең жаманы – кедейшілік («жоқ жаман»).
«
Өмір
туралы» әндеадамның бір жастан тоқсан
жасына дейінгі өмірі суреттеледі, кей
кезде ол әзіл-ысқақ түрінде орындалады:
Тұрмыс-салт әндерінің ішінде балаларға арналған әндер мен балалар әндеріжеке-дара болып екі топты құрайды. Балаларға арналған әндерді ересектер орындайды (мысалы, «Санамақ», «Жаңылтпаш», «Төрт түлік мал», «Әлди-әлди»). Бұндай тәрбиелік мәні барәндердің кейбіреулері баланы дұрыс және анық сөйлеуге үйретсе, басқалары малдың түрлерімен, олардың мінез-құлықтарымен таныстырады.Балалар әндерін балалардың өздері орындайды, олардың көбісі ойын кезінде айтылады, мазмұны да сол ойынмен байланысты.
Тұрмыс-салт әндеріне жергілікті таулар мен суларға арналған жер-су әндері де жатады. Алғашқы қоғам дәуірінде бұндай әндер жер, су, тау, орман иелеріне (пірлеріне) бағышталуы мүмкін. Кейін келе, әндердің бастапқы магиялық мазмұны ұмытылған кезде, олар тәлім-тәрбиелік мәні бар әндер ретінде сақталып қалған.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Тұрмыс-салт әндерінің негізгі рөлі.
Тұрмыс-салт айтыстары, оларға мінездеме бер.
«Не жаман», «Өмір тулары» әндерінің мән-мазмұны.
Балалар әндері мен балаларға арналған әндердің айырмашылығы.
5. Тағы басқа тұрмыс-салт әндері.
6 Тақырып Лирикалық әндер (қара өлең). Аңыз күйлер. Тарихи әндер мен күйлер.
Қара өлең деп авторы белгісіз, халықтыңөзі шығарып, өзі орындайтын лирикалық әндерді айтамыз. Лирикалық әндер ел арасында кең тараған, олар адамның көңіл-күйіне, ішкі дүниесіне арналған. Қара өлеңдерде махабаттық, ғашықтық сезім басым. Оларда қыздың сұлулығы, сүйікті жарына деген сағыныш, табиғаттың көріністері орын алған. Осындай тақырыптарды ашуда аллегория, теңестіру, салыстыру сияқты поэтикалық әдістер кеңінен қолданылған.
Назқоңыр
Қара өлеңнің мәтінінде туған жерге,табиғаттың көркем көріністеріне арналған сөздер жиі кездеседі. Солар арқылы орындаушы өзінің махабаттық сезімін, аңсағаной-арманын, сүйген жарына деген сағынышын білдіреді.
