Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМЛ. Учебник. Каз. БЖ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

7 Тақырып Бақсылық өнер

Бақсылық дегеніміз көне замандарда орын алған діни көзқарастарының бірі.Бақсы – сол діннің негізгі кейіпкері, діни әдет-ғұрыптарды атқарушы және о дүние мен бұл дүниенің байланысын қамтамасыз ететін қасиетті тұлға.

Қазақтардың түсінігі бойынша, бүкіл ғаламзат үш әлемнен құралған. Оның бірі – аспан әлемі. Мұнда адамдарды қорғап-қолдап жүретін періштелер мен аруақтар орналасқан. Ортаңғы әлемде адамдар мен аң-жануарлар өмір сүреді. Төменгі, жер (су) асты әлемде адамдарға қастандық жасайтын жын-шайтандар тұрады. Бұл әлемдер бір бірімен тығыз қарым-қатынаста болады. Осы үш әлемнің көрсеткіші (символы)–Байтерек. Байтеректің басында (жапырақтарында) қайтыс болған адамның жанын жоғары әлемге жеткізетін құстар уялайды. Байтеректің діңгегі адамдер мен аң-жануарлар өмір сүретін ортаңғы дүниені көрсетеді, ал оның жер (су) астына кететін тамырлары жын-шайтандар мекендейтін төменгі әлемді сипаттайды.

Бақсының қоғамда атқаратын ең басты рөлі – осы үш әлемнің тепе-теңдігін сақтау, және тірі адамдарды шын-шайтандардыңықпалынан қорғау. Бақсылар көптеген аурулардың себебін осы жын-шайтандардан көрген. Сондықтан бақсы емінің негізгі мақсаты – адамның денесіне кірген жынды қуып шығару, немесе жын-шайтаналып кеткен жанын аурудың денесіне қайтару.

Қазақ бақсылары білгір, емші, көріп-кел, болашақты жорамалдайтын жауырыншы, жұлдызшы ретінде де танымал болған. Олар емшілігін жүргізген кезде музыканыңәсерін кеңінен пайдаланған,музыканың тілі олардың ең тиімді құралы болған.Сондықтан бақсы-балгерлераспапты жақсы меңгерген, аспапта (көбінесе, қыл қобызда) орындау дәрежесі, ән, жыр айту шеберлігі жоғары деңгейде болған. Бақсының дауысы, ән айту мәнері басқа әншілерге ұқсамайтын ерекше болған, өйткені оның орындағанжыры тыңдаушы көрермендерге емес, аруақтар мен періштелерге бағытталған. Бақсының қырылдаған дауысы, көмекей арқылы айтылған әні – аруақтарға ғана түсініктібола алатын музыкалық тіл. Сондықтан бақсының музыкасын эстетикалық әсер беретін өнер деп емес, ғұрыптық, магиялық роль атқаратын ерекше тіл деп түсінген жөн.

Бақсының негізгі аспабы болған қыл-қобыздың үні де осындай обертондарға бай төменгі (қоңыр) дауыспен ерекшеленеді. Аспаптың қою үнімен қосылғанбақсының дауысы емшілікке қатысып отырған адамдарды қайталанбас әсерге қалдыратын.

Бұрынғы кезде әр бақсының «сарын» деп аталатын жеке әуені болған. Аспапта ойнаған кезде немесе жыр айтқан кезде ол осы сарынын қолданып отырған. Бақсының ойыны үш бөлімнен тұрады.Емді бастаудың алдында ол өзінің көңіл-күйін арнайы бір қалыпқа келтіру үшін біраз уақыт қобызда ойнаған.Содан соң аспаптың сүйемелдеуімен ән-жыр айтқан. Мұнда ол арауқтар мен періштелердің аттарын атап, олардан көмек, ақыл-кеңес сұрайды. «Ойынының» соңғы, үшінші бөлімінде бақсы қобыздыңастыңғы тері тартқан жағын ұрып, жоғары жағында ілінген қоңырауларды сылдырлатып ауруды айналып жүріп емін жүргізген.

Кей кездерде бақсылар алдында жатқан ауруды және қатысып отырған адамдарды өзінің ғажайып күшіне сендіру үшін әр-түрлі «ойындар» көрсеткен, мысалы, денесіне ине немесе пышақ тыққан, ыстық темірді жалаған, жалаң аяғымен оттың шоғын басқан. Осының бәрі көрермендерге үлкен әсер етіп, жүргізген емінің нәтижелі болуына ықпалын тигізген.

Бақсылық қарапайым адамдар үшін жабық, құпиялы өнер болған. Көбінесе олатадан балаға жалғасып отырған. Кей кездерде бақсылық жолға аруақтардың өзітаңдап арнайы белгі берген адамдар да түскен.

Алғашында біртұтас (синкреттік) болып қалыптасқан бақсылықөнерден кейін келе поэзия мен музыка салалары жеке өнер түрі болып бөлініп шығады. Олар – жырау өнері, ақындық өнер және күйшілік өнер. Е.Тұрсыновтың пікірі бойынша, жыраулық өнер деалғашында ғұрыптық рөл атқарған. Жыраулар да бақсылар сияқты қасиетті адам болған. Сондықтан олар қасиетті боп есептелетін қыл қобызды пайдаланған. Кейін, жыраулық өнердің заманы өткен кезде, қарапайым халық арасынан шыққан жыршылардың қобыз ұстауына рұқсат болмаған. Жыршылар жыраулардан қалған жырларды енді домбыраның сүйемелдеуіменорындайтын болған.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Бақсылық деген не,бақсы кім болған?

  2. Бақсының негізгі әлеуметтік ролі қандай?

  3. Бақсының «ойынына» сипаттама бер.

  4. Бақсы мен жыраудың арасындағы байланыстарды ата.