Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМЛ. Учебник. Каз. БЖ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Дәстүрлі қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары

1 Тақырып Қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары

Жалпы қазақ халқының дәстүрлі музыкасы күрделі екі топты құрайды. Бірінші топқа фольклор жанрлары жатады, олар:

  1. ғұрыптық әндер,

  2. тұрмыс-салт әндері,

  3. аңыз күйлер,

  4. тарихи әндер мен күйлер,

  5. лирикалық халық әндері (қара өлең).

Екінші топтыхалық кәсіби өнер түрлеріқұрайды, олар:

  1. бақсылық өнер,

  2. ақындық өнер,

  3. жырау-жыршылық өнер,

  4. сал-серілік (халық кәсіби әншілік) өнер,

  5. күйшілік өнер.

Ғұрыптық деп дәстүрлі ырымдар мен әдет-ғұрыптардыөткізген

кездеарнайы орындалатын әндерді айтамыз. Басқа кездерде бұндай әндер орындалмайды. Ғұрыптық әндердің бірнеше түрі болады, олар: үйлену тойәндері (сыңсу, той бастар, бет ашар, жар-жар); аза тұтуәндері (яғни, қаза болған адамды жерлеу кезінде орындалатын естірту, жұбату, көңіл айту, жоқтау әндері); бала өмірінің маңызды кезеңдерінде атқарылатын әдет-ғұрыптарда орындалатын әндер (шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, тіл ашар т.б.); күнтізбелікәндер (жарапазан); емшілік әндер (бәдік, күләпсан).

Тұрмыс-салт әндері, керісінше, ешқандай әдет-ғұрыптармен байланысты емес. Олар халықтың күнделікті өмірінде, кішігірім жиын-тойларда, жанұялық мейрамдарда, жастардың ойын-сауықтарында орындалған. Тұрмыс-салт тобына тәрбиелік мәні барәндер («Не жаман», «Өмір туралы» сияқтылар), тұрмыс-салт айтыс түрлері (Қайым айтыс, Жұмбақ айтыс, Қыз бен жігіт айтысы, Өтірік айтыс), балалар әндері (Санамақ, Жаңылтпаш, әр түрлі ойын әндері) және балаларға арналған әндер (Төрт түлік мал, Әлди-әлди, Бала жұбату, Ертегі әндер) жатады.

Аңыз күйлер – аспаптық музыка саласындағы ең көне шығармалар. Олар(мысалы, «Нар идірген», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Бегім бер», «Жез киік» сияқты күйлер) домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптарында орындалып жетті. Осындай күйлермен бірге айтылатын аңыз-әңгімелерде халықтың көне замандағы дүниетанымның көріністері орын алған.

Тарихи әндер мен күйлер–тарихи оқиғаларға (мысалы, «Елім-ай» әні, «Ел айрылған» күйі) немесе тарихи тұлғаларға арналған («Ескендір Зулхарнайн», «Ақсақ Темір» сияқты)шығармалар.

Қара өлең –ел арасында кең тараған, халықтың ең сүйікті лирикалық әндері. Бұл әндерді халық өзі шығарып, өзі орындайды. Лирикалық қара өлеңдер мазмұны жағынан сан алуан, дегенмен, оларда ғашықтық лирикалық сезім басым. Қара өлеңдер көбінесе сүйікті адамға, туған жерге, табиғатқа арналған.

Фольклор жанрларына жататын әндер бәріне бірдей ортақсипаттамалармен белгіленеді. Біріншіден, бұндай әндердің авторы белгісіз, сондықтан оларды жекеменшік (авторлық) көзқарас пайда болғанға дейінгі көне заманның туындылары деуге болады.

Екіншіден, фольклорлық әндер мен күйлер өздерінің құрылымы мен мазмұны жағынан қарапайым болып келеді. Оларды орындау арнайы, яғни кәсіби музыкалық дайындықты қажет етпейді, бұндай әндер мен күйлерді әркім өз қолынан келгенше орындай береді.

Үшіншіден, бұндай әндер арнайы жиналған тыңдаушы аудиторияны қажет етпейді.Олар көбінесе кішігірім жиын-тойларда орындалады. Орындаушылар осы әндер арқылы өздерінің көңіл-күйін, ішкі сезімін білдіреді, мұңын шертеді.

Төртіншіден, фольклорлық жанрлар халықтың күнделікті өмірінде қолданылатын өнер болғандықтаноның орындаушылары өз өнерімен табыс таппайды, «жалақы» алмайды.

Бесіншіден, фольклорлық әндер аспаппен сүйемелдеуді қажет етпейді, ал оның кейбіреулерінде (мысалы,ғұрыптық сыңсу мен жоқтауларда) бұндай сүйемелдеу тіпті ерсі көрінеді.

Керісінше, халық кәсіби өнер түрлерінің көрсеткіштері фольклорлық жанрлардың сипаттамаларынақарама-қарсы болып келеді:

1) халық кәсіби өнер түрлерінің қайсысы болмасын, онда автордың аты-жөні айқын көрсетілген. Сондықтан, халық кәсіби өнер – авторлық сана-сезімнің қалыптасып дамыған кезіндегі туынды. Тіпті, тамыры тереңде жатқанбақсылық өнерде де жеке авторлық көзқарас байқалады. Бұрынғы кезде әр бақсының «сарын» деп аталатын жеке (яғни, жекеменшік) әуеніболған, олар сол әуенін өз «ойынында»қолданып отырған;

2) кәсіби шығармалар көлемді, күрделі, әрі қиын болып келеді, оларды орындау тек қана арнайы оқып-үйренген, машықтанғанмамандардың қолынан келеді;

3) кәсіби өнер тыңдаушы қауымға арналған, солар үшін орындалады. Тыңдаушылары болмаса бұл өнер өшеді, сөнеді;

4) негізгі кәсібі музыка болғандықтан,кәсіби орындаушылар өз өнерімен табыс тапқан, жанұясын асыраған. Олар өзінің еңбегі үшінерекше түрде, көбінесе сыйлық ретінде «жалақы» алған;

5) кәсіби шығармалардың әуен-ырғақтық құрылымы күрделі, әрі көлемді болып келеді, сондықтан оларды аспаптыңсүйемелдеуінсіз орындау қиын, тіптен мүмкін емес. Сол себепті ақындар, жырау-жыршылар мен әншілераспапты (домбыраны, қобызды, сырнайды) жақсы меңгерген. Аспапта жақсы ойнау – кәсіби өнериелеріне қойылатын талаптардың бірі.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Фольклор тобына кіретін жанрлар.

  2. Халық кәсіби өнер түрлері.

  3. Ғұрыптық әндер мен тұрмыс-салт әндерінің бір бірінен өзгешелігі.

  4. Фольклор жанрларының сипаттамасы.

  5. Кәсіби өнер түрлерінің ерекшеліктері.