Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМЛ. Учебник. Каз. БЖ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

3 Тақырып Аза тұту әндері

Қазақтар, басқа көптеген халықтар сияқты, адамның өмірі о дүниеде жалғасын табады деп сенген. Сол себепті қайтыс болған адамды дәстүр бойынша шығарып салуға тырысқан. Марқұмның аруағы риза болсын, тірілердің өміріне кері әсерін тигізбесін деген мақсатпен жерлеу кезінде әр-түрлі әдет-ғұрыптар мен рәсімдерді өткізген.

Адам қайтыс бола салысымен туған-туыстарына хабар беру үшін алыс-жақын ауылдарға шабармандар жіберілген. Олар әкелген суық хабарын әдет бойыншаастарлы сөздермен, көбінесе Естірту әнімен жеткізген. Кей кездерде естіртудімузыкалық аспаппен деорындаған (мысалы, домбыраға арналған «Ақсақ құлан» күйі). Жерлеуге келген адамдар үй иесіне Көңіл айту, Жұбату әндерімен ықыластарын білдірген.

Жерлегенге дейін қайтыс болған адамның денесін арнайы құрған киіз үйде ұстаған. Кейін бұл үйді өртеп жіберген, немесе отпен, адыраспанның түтінімен аластаған. Қазақтың түсінігі бойынша қайтыс болған адам – бұл дүниеде қонақ. Сондықтан, оған арнайы үй тұрғызу мүмкіндігі болмаған жағдайда марқұмның денесін өздері тұратын үйдің «қонақ жағы» деп аталатын оң жағында ұстаған.Жерлегенге дейін марқұмның денесінің қасындаеркектер күзетқұрып отырған. Халықтың ұғымы бойынша, қайтыс болған адамның рухы әлі осы жерде, ол бәрін естиді,көреді. Сол себепті олар марқұм туралы әңгіме құрып, оның жақсы жағын атап, естеліктер айтып отырған.

Алыстан келетін туыстары қоштасып үлгерсін деген оймен денені үйде үш күнге дейін ұстаған. Шығарар алдына марқұмның денесін үш рет үйдің табалдырығына тигізіп, сол арқылы оны аруақтар әлеміне табыстаған. Мәйіттің басына тек қана еркектер барған (Мұсылман дінінің ықпалы). Әйелдер Жоқтау әнін айтып ауылда қала берген. Жерлеген күніжиналған жұртқа Қонақ асы берілген. Атынан әйгілі болып тұрғандай, бұл асжиналған жұртқа ғана емес, тірілер дүниесінің қонағы болған марқұмның аруағына да арналған.

Ғалымдардың айтуынша1, қазақтар адамның үш жаны болады деп сенген, олар: шыбын жан, ет жан және рухи жан. Шыбын жанденеден адамның соңғы демімен бірге шығады. Кей кездерде ол ұйықтап жатқан адамның денесінен шығып серуендеп жүруі мүмкін. Шыбын жаны не көрсе, адам түсінде соны көреді деген сенім бар. Сондықтан қатты ұйқыда жатқан адамды кенеттен оятуға болмайды, өйткені оның жаны денесіне қайтып кіріп үлгермеуі мүмкін.

Адамның ет жаны денесінен 7 күннен кейін шығады, ал 40 күннен соң оның мәңгілік өмір сүретін рухи жаны шығады. Қайтыс болған адамның жетісі мен қырқынатап өту, оның рухына бағыштап ас беріп, құран оқыту осы ұғымдардан туындаған. Соңғы рет ас беру рәсімі бір жылдан соң (Қазақстанның кейбір аймақтарында жүз күннен кейін) өткізілген. Бұл кезде жылып-сықтауға, жоқтау айтуға болмайды, өйткені марқұмның рухы о дүниедегі мәңгілік өмірге жетті деп сенген. Сондықтан жылын беру мейрам, той ретінде өткізілген.

Қазақ халқының дұние көзқарасына сәйкес, үйлену той мен аза тұту рәсімдерінің арасында өзара байланыстар бар екенін байқауға болады. Олардың біреуі ақ түсті орамалға (матаға) қатысты. Ақ орамалмен ұзатылған қыздың бетін жабады. Бұл рәсім қыздың «уақытша қайтыс болғанын» белгілейді. Бет ашар рәсімінен кейін ол қыз дүниеге қайтып келген тәрізді болады, бірақ бұл жолы ол басқа жанұяның мүшесі, келіні ретінде «туылады». Аза тұту дәстүрінде қайтыс болған адамның жасына және әлеуметтік дәрежесіне қарай үйдің үстіне ақ, қара, немесе қызыл түсті жалау ілінеді. Марқұмның денесі ақ матаға оралады.

Осыған қарап, ақ орамалды, жалпы ақ түстіні,бір жағынан, молшылық пен рухани тазалықтың, жаңадан түскен келіннің белгісі деп білсек, екінші жағынан, ақ матаны аза тұту рәсімінің негізгі көрсеткіші деп түсіну керек.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Аза тұту дәстүрінде орындалатын әндер.

2. Жерлеу рәсімінің өтуі.

3. Ас қай кездерде беріледі, қалай өтеді?

4. Үйлену той мен аза тұту рәсімдерінің өзара байланыстары.

5. Ақ түсті матаныңмән-мағынасы.