- •Мазмұны
- •Көшпенді мәдениет пен қазақ музыкасының ерекшеліктері
- •Дәстүрлі қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •1 Тақырып Қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •2 Тақырып Үйлену той әндері
- •3 Тақырып Аза тұту әндері
- •4 Тақырып Бала тәрбиелеуге арналған әндер
- •Басқа әдет-ғұрыптар
- •6 Тақырып Лирикалық әндер (қара өлең). Аңыз күйлер. Тарихи әндер мен күйлер.
- •5 Тақырып Тұрмыс-салт әндері
- •Я пурай
- •7 Тақырып Бақсылық өнер
- •8 Тақырып Жырау-жыршылық өнер
- •9 Тақырып Ақындық өнер
- •10 Тақырып
- •11 Тақырып
- •12 Тақырып Қазақ халық аспаптары
- •12.1Ішекті ысқышты аспаптар
- •12.2.Ішекті шертпелі аспаптар
- •12.3. Үрлемелі аспаптар
- •Үскірік Саз сырнай
- •12.4.Ұрмалы, соқпалы аспаптар
- •Халық кәсіби композиторлардың шығармашылығы
- •13 Тақырып Құрманғазы (1818-1889)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Балбрауын
- •Сары-арқа
- •14 Тақырып Дәулеткерей (1820-1887)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қыз Ақжелең
- •Салық өлген
- •15 Тақырып Дина (1861-1955)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Той бастар
- •16 Тақырып Тәттімбет (1815-1862)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Сары жайлау
- •Сылқылдақ
- •Қос басар
- •17 Тақырып Біржансал (1834-1897)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Жанбота
- •Адасқақ
- •Ляйлім-шырақ
- •«Біржан-сал»
- •Теміртас
- •18 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қараторғай
- •Б ал Хадиша
- •19 Тақырып Жаяу Мұса (1835-1929)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Ақ сиса
- •Көкаршын
- •20 Тақырып Абай (1845-1904)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айттым сәлем, Қаламқас
- •Татьяна хаты
- •21 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айнамкоз
- •Пан көйлек
- •Үлкен Айдай
- •З әуреш
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Тест сұрақтары
Өмірі мен шығармашылық жолы
Біржан-салдың өмірі туралы нақты деректер жоқ. Бізге жеткен мәліметтер халық арасында аңыз-әңгімелер ретінде ғана тараған. Осы мәліметтер бойынша оның туған жылы әр-түрлі жылдармен белгіленеді: 1825, 1831, 1832, 1834. Біржанның қайтыс болған жылы туралы да нақты пікір жоқ, біреулер оны1894, 1895 жыл десе, басқалары 1897 деп белгілейді.
Біржан Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданына қарасты Ербол деп аталатын елді-мекенде дүниеге келген. Әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа кісі болған. Біржан жастайынан атасы Қожағұлдың қолында тәрбиеленген, сондықтан тарихта Қожағұлұлы атанып кеткен.
Әншінің өмірі мен шығармашылығына қатысты мәліметтерді оның әндерінің мәтінінен немесе шығу тарихынан табуға болады. Мысалы, Біржанның Тәттімбетпен кездесуі, ағайынды Құлбай мен Жанбайдың ауылына барып Ләйлім қызбен танысуы, жиын-тойлардың бірінде Азнабай мен Жанбота болыстармен қақтығысуы. Сол сияқты деректер «Ақтентек», «Айтбай» әндерінің шығу тарихында да орын алған.
Біржанның өміріндегі маңызды әрі қызықты оқиғалардың бірі – оның белгілі ақын Сара Тастанбекқызымен кездесуі жәнеонымен айтысуы. Осы айтыстың сөздерінде қарап 37 жастағы Біржан 17 жасар Сараны арнайы іздеп барып айтысқа түскенін білеміз. Айтыста Біржан жеңіске жеткен. Дәстүр бойынша айтыстың мәтінін жеңілген қарсыласы жазуы тиіс болатын, соның арқасында Біржан мен Сараның айтысы халық арасында қолжазба түрінде сақталған. Кәзіргі кезде ақындардың жеке шығарма ретінде орындап жүрген мәтіні де осы нұсқалар. Соған қоса, Біржан мен Сараның айтысы бірнеше рет Қазан қаласында басылып шыққан.
Ел арасындағы аңыз-әңгімелерге сүйенсек, әнші өмірінің соңғы жылдарында ерекше жағдайларға тап болғанын байқаймыз. Ол жағдайлардың мән-мағынасыБіржанның ауруына ғана қатысты емес, ол ең алдыменкүйшіні туған-туыстары мен жора-жолдастары жағынантүсінбеушілікте болды. Жалпы алғанда, сал-серілік – жастарға арналғанөнер. Сал-серілерің тыңдаушылары да, араласатын ортасы да сол жастар болған. Сондықтан олар әдемі киініп жақсы ат мінген, өз қатарының алды болып халықтың еркесіне айналған.
Біржан 60 жасына келгенше әншілік қабілетін жоғалтпай жастармен араласа берген, солардың алдында өнерін көрсеткен. Бұнысы сырт көзге ерсі көрінгендіктен туған-туыстары уят болмасын деген оймен оны үйден шығармауға тырысқан. Сонда ішіндегі кернеп тұрған әншілік шабытын шығару үшін Біржан жалғыздан-жалғыз айдалада жүріп әндерін айтатын болған. Ақырында оны ауру деп есептеп, кереуетке байлап тастаған. Біржанның соңғы әндерінде, мысалы, қызына арнаған «Ақық» әнінде, баласына арналған «Теміртаста», «Әйелі Әпішке айтқан» сөзінде, сол сияқты «Дуние», «Аттанамын» әндерінде кездесетін «қолымды шеш, босат» деген сөздер соған дәлел.
Кәзіргі кезде Біржанның 50-ге жуық әндері жарыққа шыққан. Олардың көбісі Қали Байжанов, Ғаббас Айтпаев, Қосымжан Бабақов, Әмре Қашаубаев, Темірболат Арғынбаев, Игибай Алибаев сияқты белгілі әншілердің орындауында жазылып алынған.
Біржанның әндерінің ішінде жиі орындалып, халық арасында танымал болғандары - «Жанбота» мен «Адасқақ». Шығу тарихының оқиғасы бір болғандықтан бұл әндер өзіндік циклды құрайды. 1865 жылы Омбы генерал-губернаторының келуіне байланысты Көкшетау жерінде мерекелік шара өтеді. Оған көп халық жиналады. Арасында Жанбота болыстың шақыруымен келген Біржан да бар. Әдеттегідей, әнші отырған үйде көп жұрт жиналады. Қарапайым халықтың арасында ән салып отырғанын көре алмаған Азнабай болыс нөкерін жіберіп, «менім үйіме келіп ән айтсын» деп бұйрық береді. Бірақ оған әнші көнбейді. Сонда ашуланған нөкер Біржанды қамшымен тартып-тартып жібереді. Ызаланған әнші Жанбота отырған үйге баса көктеп кіріп, табан астынан шыққан әнінде өзінің ашу-ызасын жайып салады. Бірақ Жанботадан қолдау таппайды. Сонда отырған үйіне қайтып оралып, біраз ашуын басқан соң «Адасқақ» әнін шығарыпты.
Жалпы алғанда,Біржан салдың әндері дәстүрлі қазақ музыкасының классикалық үлгілерін құрайды деп айтуға болады. Оның әншілік өнерге қосқан үлесі өте зор. Біржан салды бүкіл Арқа дәстүрінің негізін қалаушы деп айту – арттырып айтқан сөз емес. Сол дәстүр бүгінгі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді. Кәзіргі кезде әншінің мұрасы классикалық музыкасының барлық жанрларында өз қолданысын тауып жүр. Солардың бірі – қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына айналған М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы.
