- •Мазмұны
- •Көшпенді мәдениет пен қазақ музыкасының ерекшеліктері
- •Дәстүрлі қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •1 Тақырып Қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •2 Тақырып Үйлену той әндері
- •3 Тақырып Аза тұту әндері
- •4 Тақырып Бала тәрбиелеуге арналған әндер
- •Басқа әдет-ғұрыптар
- •6 Тақырып Лирикалық әндер (қара өлең). Аңыз күйлер. Тарихи әндер мен күйлер.
- •5 Тақырып Тұрмыс-салт әндері
- •Я пурай
- •7 Тақырып Бақсылық өнер
- •8 Тақырып Жырау-жыршылық өнер
- •9 Тақырып Ақындық өнер
- •10 Тақырып
- •11 Тақырып
- •12 Тақырып Қазақ халық аспаптары
- •12.1Ішекті ысқышты аспаптар
- •12.2.Ішекті шертпелі аспаптар
- •12.3. Үрлемелі аспаптар
- •Үскірік Саз сырнай
- •12.4.Ұрмалы, соқпалы аспаптар
- •Халық кәсіби композиторлардың шығармашылығы
- •13 Тақырып Құрманғазы (1818-1889)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Балбрауын
- •Сары-арқа
- •14 Тақырып Дәулеткерей (1820-1887)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қыз Ақжелең
- •Салық өлген
- •15 Тақырып Дина (1861-1955)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Той бастар
- •16 Тақырып Тәттімбет (1815-1862)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Сары жайлау
- •Сылқылдақ
- •Қос басар
- •17 Тақырып Біржансал (1834-1897)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Жанбота
- •Адасқақ
- •Ляйлім-шырақ
- •«Біржан-сал»
- •Теміртас
- •18 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қараторғай
- •Б ал Хадиша
- •19 Тақырып Жаяу Мұса (1835-1929)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Ақ сиса
- •Көкаршын
- •20 Тақырып Абай (1845-1904)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айттым сәлем, Қаламқас
- •Татьяна хаты
- •21 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айнамкоз
- •Пан көйлек
- •Үлкен Айдай
- •З әуреш
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Тест сұрақтары
«Біржан-сал»
Бұл әнді Біржанның өзі өзін таныстыратын «автопортреттік» әні деуге болады. Бұндай әндер басқа халық әншілердің шығармашылығында да кездеседі.
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Ішкімге зияным жоқ жүрген жанмын,
Байлыққа, маңсапқа құмар емен,
Өзім сал, өзім сылқым, кімге зармын.
С
өздерінен
көрініп тұрғандай, әнші өзінің өмірге
деген көзқарасымен бірге, өнер адамының
абыройы, арнамысы мен еркіндігі туралы
баяндайды.Асықпай, сабырлықпен өрбитін
әуенде тұрақты дыбыстар жиі қолданылған.
Осы әдіс арқылы әнші өз ойының нақтылығын,
байсалдылығын білдіреді.
Теміртас
Біржанөмірінің соңғы жылдарында қиын жағдайларға душарболғаны туралы жоғарыда айтылған. Осы кезде туындаған әндердің мәтінінде (мысалы,«Дуние», «Аттанамын», «Ақық», «Теміртас», «Әйелі Әпішке айтқаны»және т.б.) «қолымды шеш, босат» деген сөздерді кездестіруге болады. Осы әндердің ішіндегі көбірек танымал болғаны – «Теміртас».
Біржан деп атым шықты Алты алашқа,
Құдайым берсін ғұмыр Теміртасқа,
Жасына алпыс бірдің келгенімде
Құдайым, бердің науқас ғаріп басқа.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Біржан-салдың өмірі мен шығармашылығы.
Біржанның сал-серілігі неде?
Біржанның ақындығы және айтыстары.
Әндерінің негізгі тақырыптары.
Жоғарыда берілген әндерді жатқа айт.
18 Тақырып
Ақан сері (1843-1913)
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – аты аңызға айналған әнші-композитор. Музыка тарихында Ақанның есімі халық кәсіби әншілік өнердің негізін салушы Біржан-салмен қатар тұрады. Ақанның әндерінің көбісі халық әндеріне жақын, сондықтан оларды халық өз әніндей қабылдайды. Ақанның «Балхадиша», «Қараторғай», «Сырымбет» сияқты нәзік сезімге тола әсем әндерін білмейтін, немесе «Құлагер» туралы кайғылы оқиғаны естімеген адам жоқ десе болады.
Өмірі мен шығармашылық жолы
Ақан-сері 1843 жылы (кейбір мәліметтер бойынша – 1834 жылы) Көкшетау облысында, Айыртау ауданына қарасты Қоскөл деген жерде дүниеге келген. Әкесі Қорамса байқуатты көпес болған. 16 жасына дейін Ақан ауылдың молдасында оқиды. Сол кезден бастап шығыс елдер ақындарының шығармаларымен таныса бастайды. Кейін оқуын Петропавл қаласындағы медреседе жалғастырады.
19 ғасырдың аяғында – 20 ғасырдың басында қазақ халықының саяси-әлеуметтік жағдайы қиындап кеткені тарихтан белгілі. Осы кезде Ресей патшалығының қазақ даласындағы үстемідігі арта түсіп, қоғамдағы дәстүрлі қарым-қатынас өзінің тоқырау кезіне жетеді. Ақан осы жағдайдың мән-мағынасын дұрыс түсініп, оны өзінің өлеңдерінде ашып беруге тырысады.
Өкінішке орай, ақынның колжазбаларының көбісі сақталмай қалған. Кейбір деректер бойынша, ол өзінің қолжазбаларын киізге орап жерге көміп тастаған екен. Ақанның өмірін ғажайып ертегімен теңестірген ақын Мағжан Жұмабаев әншіге арнаған ғылыми мақаласын 1923 жылы Тәшкен қаласында шыққан «Простор» журналында жариялаған.
Ақан-сері туралы сөз қозғағанда ең алдымен оның Құлагер аты ойға келеді. Бәйгелерде алдына ат салмаған бұл ғажайып тұлпардың даңқы қазақ жерінің түпкір-түпкіріне тараған. А.Жұбановтың айтуынша, тіптен Атығай мен Қарауыл рулары тұратын жерлер де бұрынғы кезде Құлагер аймағы деп аталған екен. Аңыз бойынша, бәйгелердің бірінде Ақанның дұшпандары Құлагерді мәреге жеткізбей қастандықпен өлтіреді. Әнші сүйікті тұлпарын өмірінің соңына дейін ұмыта алмай, оған арнап өзінің ең зарлы әнін шығарады. Кейін белгілі ақын Ілияс Жансүгіров осы оқиғаның желісі бойынша «Құлагер» поэмасын жазған.
Ақанның өмірі туралы халық арасында аңыздар бар. Солардың бірі – Ақан сері мен Ақтоқтының махабаты. Осы оқиға бойынша белгілі жазушы Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясын жазса, кейін композитор Сыдық Мұхамеджанов сол трагедияның желісімен өзінің операсын шығарған.
Ақан өмірінің соңғы жылдарында сопылық жолға түседі. Осы кезде жазған «Белде-бел асар» атты қара сөздерінде ол, көбінесе, діни мәселелерді қозғап, жалпы адам өмірінің құндылығы мен маңыздылығы туралы ойлар айтады.
Ақанның шығармаларында лирикалық тақырып басым. Солардың ішінде жоқтау жанрына жақын әндер ерекше орын алады, олар - «Қараторғай», «Сырымбет», «Мақпал», «Алтыбасар» және, әрине, «Құлагер».
Бұл әннің мазмұны махабат сезіміне, оның бақытты, нәзік көріністеріне арналған.
Ауылым қонған Сырымбет саласына,
Болдым ғашық ақ сұнқар баласына.
Бидайыққа ылайық қарағымай,
Бөктергіге қор болып барасың ба,
Қарындас ау, енді есен бол.
Осы ән арқылы әнші өзінің махабатын, ішкі нәзік сезімдерін білдіреді. Әуен дыбыстарының бір бірімен «жұмсақ», нәзік байланысуы осы сезімді толықтыра түседі. Ырғақ пен әуеннің қарапайымдылығы халықтың қара өлеңін еске салады. Дегенмен, бұл әнде Ақанның өзіндік мәнері, қайталанбас қолтаңбасы анық байқалады.
