- •Мазмұны
- •Көшпенді мәдениет пен қазақ музыкасының ерекшеліктері
- •Дәстүрлі қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •1 Тақырып Қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •2 Тақырып Үйлену той әндері
- •3 Тақырып Аза тұту әндері
- •4 Тақырып Бала тәрбиелеуге арналған әндер
- •Басқа әдет-ғұрыптар
- •6 Тақырып Лирикалық әндер (қара өлең). Аңыз күйлер. Тарихи әндер мен күйлер.
- •5 Тақырып Тұрмыс-салт әндері
- •Я пурай
- •7 Тақырып Бақсылық өнер
- •8 Тақырып Жырау-жыршылық өнер
- •9 Тақырып Ақындық өнер
- •10 Тақырып
- •11 Тақырып
- •12 Тақырып Қазақ халық аспаптары
- •12.1Ішекті ысқышты аспаптар
- •12.2.Ішекті шертпелі аспаптар
- •12.3. Үрлемелі аспаптар
- •Үскірік Саз сырнай
- •12.4.Ұрмалы, соқпалы аспаптар
- •Халық кәсіби композиторлардың шығармашылығы
- •13 Тақырып Құрманғазы (1818-1889)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Балбрауын
- •Сары-арқа
- •14 Тақырып Дәулеткерей (1820-1887)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қыз Ақжелең
- •Салық өлген
- •15 Тақырып Дина (1861-1955)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Той бастар
- •16 Тақырып Тәттімбет (1815-1862)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Сары жайлау
- •Сылқылдақ
- •Қос басар
- •17 Тақырып Біржансал (1834-1897)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Жанбота
- •Адасқақ
- •Ляйлім-шырақ
- •«Біржан-сал»
- •Теміртас
- •18 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қараторғай
- •Б ал Хадиша
- •19 Тақырып Жаяу Мұса (1835-1929)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Ақ сиса
- •Көкаршын
- •20 Тақырып Абай (1845-1904)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айттым сәлем, Қаламқас
- •Татьяна хаты
- •21 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айнамкоз
- •Пан көйлек
- •Үлкен Айдай
- •З әуреш
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Тест сұрақтары
Өмірі мен шығармашылық жолы
Дина Нұрпейісова 1861 жылы Орал облысына қарасты Бекетай құм деген жерде дүниеге келді. Оның әкесі Кенже мал шаруашылығымен айналысқан қарапайым адам болған. Жас кезінде палуандықпен шұғылданған, домбырада да жақсы ойнаған. Динаның шешесі Жаниха да музыкадан құр алақан болмаған, ол әсіресе халық әндерін мәнеріне келтіріп орындайтын. Сондықтан кішкентай Дина домбырамен шұғылдана бастағанда әке-шешесі оған қарсы болмаған. 9 жасында Дина әкесі білетін барлық күйлерді үйреніп алған. Оның домбырада ойнағанын туған-туыстары, көршілері, ауылдастары сүйсініп тыңдайтын. Бара-бара Динаның есімі басқа ауылдарда да белгілі бола бастайды.
1879 жылы Кенженің аулына атақты домбырашы Құрманғазы келеді. Бұл Динаның өмірін күрт өзгерткен оқиға болды. 9 жасар қыздың өнеріне тәнті болған Құрманғазы оған ұстаз болуға келіседі. Келесі тоғыз жыл бойы Дина Құрманғазымен жиі кездесіп тұрады, онымен бірге ауыл аралап домбырашылардың жиын-тойларына, тартыстарына қатысады. «Бұл менің өмірімдегі ең бақытты, музыкалық оқиғаларға тола, қуанышты кезең болды. Осы уақыт менім сана сезіміме, жүрегіме терең, жарқын әсер қалдырды» - дейді Дина өз естеліктерінде.
1880 жылы 19 жасар Дина Беріш руынан шыққан Нұрпейіс деген кісінің баласы Нұралыға тұрмысқа шығады. Нұралы Динаны өте жақсы көреді, оның домбырамен айналысқанына қарсы болмайды. Кейін Дина балалы болса да домбырасын тастамайды.
Осы жылдары Дина атақты домбырашылар Ұзақ, Ещан, Баламайсан, Байжұманың күйлерімен, түркмен, қарақалпақ халықтарының дутарға арналған шығармаларымен танысады, Салауаткереймен кездесіп одан Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркештің күйлерін үйренеді. 1988жылы кезекті кездесуінде Құрманғазы өз шәкіртіне жаңа күйлерін үйретіп қана қоймай, «енді өзің күй шығарып көр» деп ұсынады.
Зерттеушілер Динаның алғашқы туындыларының қатарына «Бұлбұл», «Байжұма» күйлерін жатқызады. Бұл шығармалар мазмұны жағынан күрделі, құрылымы жетік,орындау тәсілдері қиын, арнайы техникалық дайындықты қажет етеді. Сондықтан, әрине, осындай жоғары дәрежедегі көркем туындыларды шығарар алдында Динаныңбіраз шығармашылық даярлығы болуы әбден мүмкін.
Өкінішке орай, Динаның осындай бақытты күндері ұзаққа созылмайды, оның бірінен соң біріәкесі мен күйеуі қайтыс болады. Тағдырдың жазған қиыншылығына Дина үлкен төзімділік көрсетеді. Әкесінің рухына арнап «Қара қасқа ат» күйін шығарады. «Кербез» деген күйін қиын-қыстау кезінде тірек болған құрбысына арнайды.
1916 жылы бүкіл қазақ даласын дүрліткен үлкен оқиға болады.1-ші дүниежүзілік соғысын жүргізіп жатқан орыс патшалығы басқа ұлт өкілдерінен 16 мен 45 жас аралығындағы еркектерді майдандағы қара жұмысқа жұмылдыру туралы Үкім шығарады. Бұған қарсылық көрсеткен халықтың наразылығы бара-бара қарулы көтеріліске айналады. Көтерілістің басында Амангелді Иманов сияқты қазақтың көрнекті тұлғалары тұрады. Көтерілісшілер орыс патшасының өкілдігіне ғана емес, қарапайым халықты қанаушы байлар мен болыс-билерге де қарсы тұрады.
Динаның баласы осы Үкімге ілініп майданға аттандырылады. Осы оқиғаға арнап Дина «Набор» (кей кездерде «16 жыл»)деп аталатын күйін шығарады.
1922 жылы ашаршылықтан қиыншылық көрген Дина Каспий теңізіне қарай көшуге мәжбүр болады. Бала-шағасын асырау үшін ауыл аралап күй тартады. Осы кездерде Динаның ең атақты туындыларының бірі - «Жігер» күйі пайда болады.
1937 жылы Динаның өмірін күрт өзгерткен тағы бір оқиға болады. Ол Алматыдағы қазақ музыка кабинетінің қызметкерлерінің шақыруымен2-ші Республикалық көркемөнерпаздар слетіне қатысу үшін астанаға келеді. Алматыда өтіп жатқан өміркүйшіге қатты әсер етеді. Жаңа өмірдің көріністеріне арнап «Әсем Қоңыр», «Партия туралы» күйлерін шығарады. Слетты ұйымдастырушылардың ұсынысымен Алматыға көшіп келуге келісімін береді.
1939 жылы ДинаНұрпейісова Қазақстан делегациясының құрамында Мәскеу қаласында өткенбірінші Бүкілодақтық халық аспаптар орындаушыларының конкурсына барады. Бұнда Кеңес одағының барлық республикаларынан келген музыканттардың арасында Дина бірінші орынды жеңіп алады.
Алматыға қайтып келген соң Дина ұстаздық жұмыспен айналыса бастайды. Соған қоса, астананың концерттік өміріне де белсене қатысады. Филармонияның концерттеріне жиі-жиі шығып, өз өнерін жас домбырашыларға үйретуге тырысады. 1940 жылы Қазақстанның 20 жылдығына арнап «Той бастар» күйін шығарады. Осы жылы ұлы ақын Жамбыл Жабаевпен кездеседі. Сол кездесуге арнап «Көген түп» күйін шығарады.
Көп ұзамай Дина тағы да тағдырдың талқысына түседі. 1941 жылдың жазында Ұлы отан соғысы басталып кетеді. 80 жасар Дина майданға ұлын аттандырып, артынан «Ана бұйрығы» атты күйін шығарады. Бұл күй Жамбылдың жалынды өлеңі «Ленинградтық өрендерім» сияқты бүкіл Кеңес одағына тарап, халықты төзімділік пен ерлікке шақырудың ұранына айналады. 1944 жылы Дина Тәшкен қаласында өткен орта Азия мен Қазақстан халықтарының музыкалық Декадасына қатысады.1945 жылы майданнан келген қуанышты хабарға арнап «Жеңіс» күйін шығарады. Соғыстан кейін«Еңбек ерлеріне», «Сауыншы», «8 март» күйлерін халықтың бейбітшілік өміріне арнайды.
Дина Нұрпейісова 94 жасында қайтыс болды. Көзі көргендердің айтуы бойынша, ол өмірінің соңғы мезгіліне дейін сергек және көңілді болған екен.
Динаның табысты шығармашылық қызметі бірнеше мәрте мемлекет тарапынан аталып өтті: ол 1938 жылы Қазақстан өнер қайраткері, 1944 жылы Қазақстан республикасының халық әртісі атағына ие болды. Соған қоса, екі мәрте Еңбек Қызыл Туы орденімен, бірнеше медальдармен және Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің грамоталарымен марапатталды.
Дина Нұрпейісованың қазақ музыка өнеріне сіңірген еңбегі өте зор. Оның аса құнды шығармалары ұлттық өнеріміздің алтын қорына айналды.
Динаның шығармалары жанрлық ауқымы жағынан өте кең. Оның күйлері дәстүрлі домбыра музыкасының барлық жанрларын қамтиды. Атап айтқанда, олар Той бастар жанры (бұған Динаның аттас күйі жатады), Шалқыма жанры (бұған «Жеңіс», «Партия туралы» күйлерін жатқызуға болады), Арнау жанры («Еңбек ерлеріне», «Майдандағы балама», «Қазақстанның 30 жылдығына» күйлері), Ақжелең, Байжұмажанрлары (оларға Динаның осылай аталатын күйлері жатады). Трагедиялықжанрдың үлгісі ретінде «Қара қасқа ат» күйін атауға болады. Динаның шығармашылығында күлдіргі жанры да орын алған, мысалы, ол «Науысқы» күйі. Көптеген күйлері жаңа қоғамның көріністерінен туындаған. Егер Құрманғазының күйлерін өмірбаяндық десек, Динаның шығармашылығын Қазақстан тарихының күнтізбесі деуге болады.
Дина Нұрпейісованың туындылары өзіндік ерекше қолтаңбасымен сипатталады. А.Жұбанов айтқандай, ол өзінің шығармашылық жолын Құрманғазы, Дәулеткерей күйлеріне еліктеуден бастап, кейін келе өзінің жеке мәнерін қалыптастырады. Оның шығармаларында батыс Қазақстан күйшілік дәстүрінің екі бағыты – жарқын да жалынды Құрманғазының стилі мен Дәулеткерейдің жұмсақ лирикасы ұштастырылған. Осындай терең тамырлы дәстүрге сүйене отырып Дина Нұрпейісова қазақ домбыра өнерін қолжетпес биік шыңына жеткізе алды.
