- •Мазмұны
- •Көшпенді мәдениет пен қазақ музыкасының ерекшеліктері
- •Дәстүрлі қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •1 Тақырып Қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •2 Тақырып Үйлену той әндері
- •3 Тақырып Аза тұту әндері
- •4 Тақырып Бала тәрбиелеуге арналған әндер
- •Басқа әдет-ғұрыптар
- •6 Тақырып Лирикалық әндер (қара өлең). Аңыз күйлер. Тарихи әндер мен күйлер.
- •5 Тақырып Тұрмыс-салт әндері
- •Я пурай
- •7 Тақырып Бақсылық өнер
- •8 Тақырып Жырау-жыршылық өнер
- •9 Тақырып Ақындық өнер
- •10 Тақырып
- •11 Тақырып
- •12 Тақырып Қазақ халық аспаптары
- •12.1Ішекті ысқышты аспаптар
- •12.2.Ішекті шертпелі аспаптар
- •12.3. Үрлемелі аспаптар
- •Үскірік Саз сырнай
- •12.4.Ұрмалы, соқпалы аспаптар
- •Халық кәсіби композиторлардың шығармашылығы
- •13 Тақырып Құрманғазы (1818-1889)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Балбрауын
- •Сары-арқа
- •14 Тақырып Дәулеткерей (1820-1887)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қыз Ақжелең
- •Салық өлген
- •15 Тақырып Дина (1861-1955)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Той бастар
- •16 Тақырып Тәттімбет (1815-1862)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Сары жайлау
- •Сылқылдақ
- •Қос басар
- •17 Тақырып Біржансал (1834-1897)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Жанбота
- •Адасқақ
- •Ляйлім-шырақ
- •«Біржан-сал»
- •Теміртас
- •18 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қараторғай
- •Б ал Хадиша
- •19 Тақырып Жаяу Мұса (1835-1929)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Ақ сиса
- •Көкаршын
- •20 Тақырып Абай (1845-1904)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айттым сәлем, Қаламқас
- •Татьяна хаты
- •21 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айнамкоз
- •Пан көйлек
- •Үлкен Айдай
- •З әуреш
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Тест сұрақтары
2 Тақырып Үйлену той әндері
Үйлену той – халық өміріндегі ең маңызды және салтанатты оқиға. Қазақтар бүгінгі күнге дейін жеті атаға дейін қыз алыспайтын дәстүрді ұстанады. Сондықтан жігіттер қалыңдықтарын басқа рулардан таңдаған.
Қазақтың дәстүрлі тойы үш кезеңнен тұрады. Оның біріншісі – құда түсу рәсімі. Бұрынғы кезде құда түсудің бірнеше түрі болған. Оның кейбіреулері (мысалы, балаларды жас кезінен, тіптен туғанына дейін айттырып қою, қызды кәрі адамға байлықүшін беру)өмірде сирек кездескен, сол себепті бұндай жағдайлар аңыз, әңгіме, ертегі, эпос сияқты ауыз әдебиеттерде сақталған. Күнделікті өмірде жастар көбінесе өз еріктерімен тұрмыс құрған.
Құда түсуге үйленетін жігіттің жақын туыстары – еркектер барған. Олардың негізгі міндеті – қыз жағымен келіс сөз жүргізу. Қыздың ауылына келген кезде олар кейбір әдет-ырымдарды орындауға міндетті болған. Келіс сөз барысында екі жақ той өткізудің жерін, уақытын, қалың малдың мөлшерін, сол сияқтытағы басқа мәселелерді анықтаған. Келісім-шартты бекітудің белгісі ретінде бір-біріне сыйлық тартқан.
Осыдан кейін бірнеше күн өткен соң жігіттің әкесі қыздың ауылына «өлі-тірі» деп аталатын қойды жеткізген. Қыздың әкесі ол қойды құрбан шалып туған-туыстары мен ауылдастарын дәм татуға шақырған. Аты айтып тұрғандай, таратылған «өлі-тірісі»дәм татуға келген адамдармен қоса қайтыс болғандардың аруақтарына да арналған. Осы ырымды өткізген соң жігітқалыңдығына «ұрын барып» тұруынарұқсат болған (бұл туралы халық мақалы былай дейді: «өлі-тірі келген соң, өлген күйеу жатпайды»). Дәстүрдің «ұрын», яғни «ұрланып» деп аталуына қарамастан, жігіт қыздың ауылына өзінің жора-жолдастарымен бірге ашық түрде барып тұрған. Бұндай кездесулерді олар ойын-сауықпен өткізген.
Үйлену тойдың екінші кезеңі – қыз ұзату тойы. Той қыздың ауылында өтеді. Тойға қыздың туған-туыстарымен бірге келінді алып кетуге келген жігіттің жақын туыстары да қатысады. Той кезінде басқа әндермен қатарТой бастар, Жар-жарсияқты ғұрыптық әндерде орындалған. Жігіттің ауылына аттанар күні қыз Сыңсу әнін айтып туған-туыстарымен, жора-жолдастарымен, ауылдастарымен жылап қоштасқан.
Жолға жүрердің алдында қыз арнайы дайындалған киім киген, ол киімнің ішінде ұзатылған қыздың белгісі боп есептелетін «сәукеле» деп аталатын бас киім болған. Ата-анасы қызының артынан берілетін заттардан (яғни, киіз үй, ыдыс-аяқ, көрпе-төсек, киім-кешек және әр-түрлі әшекейлерден) тұратын керуен жасақтаған. Бұндағы бір ерекшелік, жастарға бөлінген киіз үйдің шаңырағы мен есігі болмаған, оларды дәстүр бойынша жігіт жағы қосатын болған. Себебі, үйдің бұл бөлшектері қасиетті боп есептелген, халықтың түсінігі бойынша, аруақтар үйге есік пен шаңырақ арқылы кіріп-шығады. Шаңырақ пен есік (босаға) кімдікі болса, үйдің қожайыны да сол боп есептелген. (Сол себепті, еркектің «Шаңыраққа қара» деген сөзі «Үйдің қожайыны мен» деген сөзбен тең).
Тойдың үшінші, негізгі кезеңі – жігіттің ауылында өтетін үйлену той. Үйге кірер алдында беті ақ орамалмен жабылған келін үш рет иіліп сәлем берген, оның бұл сәлемі босағада «жүрген» аруақтарға арналған. Үйге кірген соңол арнайы дайындалып қойған сұйық майды «От ана, Май ана, жарылқа» деген сөздерді айтып отқа құйған. Бұл ырым әйел жаратушысыУмайға бағытталған, сондықтан ол келін түсіру рәсімінің ең маңыздысы болып саналған.
Осындай ғұрыптық рәсімдерді өткізіп болған соң арнайы шақырылған ақын Той бастар әнімен мерекенің ашылуын салтанатты түрде хабарлаған. Үйлену тойдың ең маңызды, әрі қызықтысы – қыздың бетін ашу рәсімі. Бет ашар әні екі бөлімнен тұрады, оның біріншісінде ақын жаңадан түскен келінді жігіттің әке-шешесімен, басқа да туған-туыстарымен таныстырады. Келін олардың әр-қайсысына иіліп сәлем беруі тиіс. Әннің екінші бөлімінде ақын келінді жаңа міндеттерімен, ата-анасының үйінде жүріп-тұру «ережелерімен» таныстырады.
Үй иесінің жағдайына қарай той бірнеше күнгесозылып ақындар айтысы, көкпар, күрес,бәйге сияқты ойын-сауықтарымен жалғаса берген.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Үйлену той өткізудің кезеңдері, құда түсу рәсімі.
Қыз ұзату тойы.
Тойдың үшінші бөлімі.
«Бет ашар» әнінің құрылымы мен мазмұны.
Үйлену той әндерінің үлгілерін орында.
