Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆

2.Солтүстік Қазақстанда көпжылдық арамшөптермен күресу шаралары.

Зерттеулерде күзгi топырақ өңдеу тереңдiгiнiң танаптардың көп жылдық атпатамырлы арамшөптермен ластануына елеулi әсерi байқалмаған. В.Т.Иванов, Л.Н.Иодко және басқалардың (21) деректерi бойынша дәндi-отамалы ауыспалы егiстегi танаптардың атпатамырлы арамшөптермен ластануы бiр шаршы метрде 6,4-7,4 данадан болған.Атпатамырлы және тамырсабақты арамшөптердi не күзгi, не көктемгі топырақ өңдеумен толық жоюға болмайды. Көп жылдық арамшөптермен күрестi ең жақсысы таза сүрi танапта жүргiзу.Арамшөптермен сүрi танаптағы күрес.  Сүрi танапта көп жылдық атпатамырлы арамшөптерге қарсы әлсiрету принципiн толығырақ пайдалануға мүмкіндік туады. Алғы дақыл жиналғаннан кейiн танапта аз жылдық арамшөптер басым болғанда БИГ-3 тырмаланады, ал атпатамырлы немесе тамырсабақты арамшөптер басым болғанда КПШ-9, КТС-10-01 культиваторларымен өңделедi.Келесi жылы арамшөптер жаппай өнгенде бiрiншi культивация жүргiзедi. Одан кейінгі 2-3 өңдеудi атпатамырлы арамшөптердің шығуына қарай, көбінесе 20 күннен кейiн, 10-12 см тереңдiкте жүргiзедi. Бесiншi өңдеудi тамыздың екiншi жартысында 25-27 см тереңдiкте жүргiзу ұсынылады. Канаданың Саскачеван провинциясында арамшөптермен күрес табысты болу үшiн сүрi танапты төрт реттен көп өңдеу керек .Атпатамырлы арамшөптер туралы келтiрiлген мәлiметтер оларды толық жою үшiн сүрi танапты мұқиятөңдеп, ауыспалы егiстiң басқа танаптарында да жүйелi күрес жүргiзу, оның iшiнде химиялық күрес те бар, керектiгiн көрсетеді.Сүрi танапта тамырсабақты арамшөптердi жою үшiн КПЭ-3,8; КТС-10 культиваторларын пайдаланған жақсы. Танап жатаған бидайықпен ластанғанда осы култьиваторлармен, тамырсабақтары орналасатын – 14-16 см тереңдiкте 4-5 рет өңдеу тиiмдi.Бұтақты бидайықпен күрес бiршама қиын, себебi оның тамырсабақтары жатаған бидайықтiкiне қарағанда терең орналасқан. Солтүстiк Қазақстан жағдайында бұтақты бидайықтың тамырсабақтары қара және күңгiрт қоңыр топырақтарда – 28-30 см, қоңыр және ашық қоңыр топырақтарда – 24-26 см, сортаң жерлерде – 16-18 см тереңдiкте орналасады. Атпатамырлы арамшөптердің санын азайтатын тиімді гербицид - 2,4 Д амин тұзы. Сүрі танаптарда гербицид кеңінен қолданылуда. Қазіргі кезде сүрі танапта арамшөптерді әсіресе атпатамырлы және кіндік тамырлы арамшөптерді құртатын, жаппай және талғап әсер ететін гербицидтер бар. Жаппай әсер ететіндер тобынан Ураган гербицидін 2-6 кг/га мөлшерінде қолдануға болады.

3.Астықтың сапа көрсеткіштерін жіктеу. Астықтың жаңалығы және оны анықтау тәсілдері.

Астық сапасы деп сол астықтың белгілі бір мақсатқа пайдалану немесе ұзақ уақыт сақтау мүмкіндігін анықтайтын белгілері мен қасиеттерінің жиынтығын айтады. Астықтың негізгі сапалық белгілері орташа үлгіден арнайы апараттың көмегімен бөлінген «өлшемнен» анықталады. Сонымен, «өлшем» дегеніміз-орташа үлгіден арнайы құралдың көмегімен бөлінген салмағы 25, 50 немесе 100 грамм болатын дән. Кей жағдайда (үлгі алу талабының сақталмауынан бөлгіш аппарат тетіктерінің дұрыс қойылмауынан, қызметкердің салғырттығынан), алынған өлшем сол анықталған сапалық белгі бойынша астық массасына сипаттама бермейді. Астық массасыінан үлгі алуда қолданылатын тәсілдердің негізгі максаты — адамдық факторларды азайту, партия астықтың сапасын объективті анықтауды қамтамасыз ету. Астықтың жаңалығын оның иісі, түсі және дәмі арқылы органолептикалық тәсілмен, яғни сезім мүшелерінің көмегімен анықтайды. Дәннің түсінің өзгеруі өсіп-жетілу кезеңінде егіс алқабында болған қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты немесе өңдеу мен сақтаудың технологиялық талаптарының бұзылуы салдарынан болады. Түсі. Қалыпты түстен ауытқудың себептерінің мүмкіншілігі. Олардың негізгі түрлері: тамырда тұрып үсуі (ақшыл, қабығы торланып, шытынаған дәндер); ауа райының қолайсыз жағдайына, яғни қуаңшылыққа ұшырауы (ұсақ, ақшыл дәндер); кене, қандаламен зақымдануы (бүйірі ішіне қарай майысқан, ақшыл дақты дәндер); Иісі. Өнімде кездесетін иістің түрлері өте көп. Олары шартты түрде астық «сырттан сіңірген» және «өзі бөліп шығарған» деп екітопқа бөледі. Дән өзінің физиологиялық қасиеттеріне байланысты қоршаған ортадан иістерді, әр түрлі газдарды, буларды бойына сіңіріп ала алады және өз бойынан иіс бөліп шығарады. Жусан иісі (егіс алқабындағы ерекше иісті арам шөп қалдықтарының астық құрамында болуы); сарымсақ иісі (егістіктегі сарымсақтың астық құрамында қоспа ретінде болуы); Дәмі. Толық пісіп жетілген, ауруға шалдықпаған астықтың (дәннің) дәмі болмайды. Сол астыққа тән емес, өзге (ащы, тәтті, қышқыл, т.б) дәмнің пайда болуы оның бұзылғандығын білдіреді. Әдетте, кейбір дәмдердің пайда болуының өзіндік ерекшеліктері болады. Тәтті дәмі көп жағдайда, жаңа өніп келе жатқан дәнде болады. Оған себеп – ферменттердің крахмалды қантқа ыдыратуы. Сондай-ақ өніп келе жатқан дәнді оның марфологиялық белгісі арқылы, яғни өскін арқылы да анықтауға болады.