Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆
  1. Топырақтағы ылғал түрлері. Топырақтың негізгі су қасиеттері: су ұстау қасиеттері, су өткізгіш қасиеті, су көтергіш қасиеті. Топырақтың су құбылымы..

Топырақ ылғалдылығы оның агрофизикалық қасиеттеріне (тығыздығы, жабысқақтығы, ұсақтану және агрегаттар құру қабілеті – топырақтың пісіп жетілуі) әсер етеді.

А. А. Роде топырақ ылғалының бес категориясын ажыратады:

Химиялық байланысқан су – жылжымайтын және заттарды ерітуге қатыспайтын су, топырақтың қатты фаза құрамына кіреді, конституциялық және кристалдық болып бөлінеді. Өсімдіктердің қолы жетпейді (пайдалануы мүмкін емес ).

Қатқан су – топырақта су қатқан кезде мұз түрінде қалыптасады.

Буланған су – топырақта бу түрінде ауа құрамында болады, өсімдіктерді сумен қамтамасыз етуде қатысы жоқ, топырақ сәл салқындаған жағдайда конденсацияланы да сұйық суға айналады.

Физикалық байланысқан су (сорбцияланған) тығыз байланысқан және әлсіз байланысқан болып ажыратылады.

Еркін немесе бос су – топырақ бөлшектерімен сорбциялық күштермен байланысы жоқ және капиллярлық (қылтүтікті) және гравитациялық күштермен жылжиды.

Топырақтың су қасиеттеріне жатады: су тұтқыш немесе су ұстау, су сиымдылығы, су өткізгіштігі, су көтеруі немесе көтергіштігі.

Топырақтың су тұтқыштығы – бұл топырақтың өзінің кескінінде суды сіңіру және ұстап тұру қабілеті, жердің тартылыс күшінің әсерінен ағып кетпей.

Топырақтың су сиымдылығы – бұл топырақтың суды максималды мөлшерде сіңіріп топырақтағы сәйкесті күштермен ұстай алатын қасиеті.

Су өткізгіштігі – бұл топырақтың суды өзіне сіңіріп және төмен қарай өткізу қасиеті. Топырақтың су өткізгіштігі шаршы аудан бірлігінде белгілі бір уақыт бірлігінде фильтрацияланатын су көлемін өлшеу арқылы анықтайды.

Су көтеруі немесе көтергіштігі – капиллярлық немесе қылтүтік күштері арқылы астыңғы қабаттардан жоғары қарай суды көтеруін сипаттайды.

Топырақтың су режимі – топыраққа ылғал түсуі, оның таралуы, әртүрлі физикалық өзгерістерге ұшырауы және ылғалдың топырақтан шығындалу құбылыстарының жиынтығы.

Г.Н.Высоцкий ылғалдану коэффицентіне қарай су режимін 4 түрге бөледі: шайылымды, мерзімді шайылымды, шайылымсыз, тершу түрі.

Бұл су режим түрлеріне Роденің ұсынысы бойынша екі түр қосылды – тоңды түрі және ирригациялық.

Шайылымды түрі – жылдық жауын-шашынның мөлшері буланушылығынан артық болатын аудандарда (күлгіндер, шымды-күлгіндер, қызыл және сары топырақтар).

Мерзімді шайылымды түрі - жылдық жауын-шашынның және буланғыштықтың мөлшері шамамен бірдей жерлерге тән.

Шайылмайтын түрі – жылдық жауын-шашынның мөлшері топырақтың булануынан аз болатын аумақтарға тән, атмосфералық жауын-шашын грунтты суларға жетпейді (дала қара топырақтары, қара қоңыр топырақтар, шөлейттің қоңыр топырақтары, шөл топырақтары).

Тершу түрі – су режимінің шайылмайтын түрінде грунттық немесе жер асты сулары жақын орналасқанда кездеседі (гидроморфты сортаңдар).

Тоңды түрі – көпжылдар бойы тоңданған аудандарда кездеседі. Жердің тоңданған қабаты әрі қарай суды жібермейді, үстінде артық ылғал байқалады, соңынан топырақ глейленеді (топырақ кескіні көкжасыл түсті, кейде қызғылт дақты шұбарлау болады), сондықтан барлық топырақтар глейлі болады.

Ирригациялық түрі суармалы топырақтарға тән.