Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆

5. Селекциялық материалдарды бағалау тәсілдері. Зиянкестерге қарсы төзімділік бағасы. Қолайсыз топырақ – климаттық жағдайларға төзімділік бағасы. Егіс жинауға және механизацияға берілген бағасы.

Селекциялық процестің техникасы және оны үйымдастыру. Селекциялық-тұқымдык жұмыстарды механикаландыру — өте маңызды міндет, өйткені даладағы және селекциялық-тәжірибелік мекеме лабораторияларындағы жұмыстардың біразы әлі қолмен істеледі. Оның өзіне тән ерек шелігі бар. Селекциялық жұмыстарға пайдаланылатын машиналар пайдалануға қолайлы және көлемі шағын мөлдектер мен тұқымдар партиясы көп болған кезде жоғары өнімділікті қамтамасыз етуге тиіс. Аталған машиналар түріне қойылатын маңызды талап — технологиялық операцияларды дәл орындау (егіс кезінде берілген аралыққа тұқымдарды қатарлап орналастыру, астықты толықтай бастыру т. Б.), сондай-ақ бір сорт жұмыстарынан екінші сорт жұмыстарына өткен кезде, олардың жұмыс және транспорт органдарын тез, жеңіл әрі толық тазарту. Тұқымдарды зақымдауға жол бермеу. Аталған машиналар жан-жақтылық, үйлесушілік талаптарына және тракторлардың маркаларын аздап пайдалану мүмкіндігіне жауап беруге тиіс. Ауыл шаруашылығын механикаландырудың ғылыми-зерттеу институты астық, жарма, бұршақтұқымдастар дақылдарымен, күнбағыс және қант қызылшасымен жүргізілетін селекциялық-тұқымдың жұмыстарды механикаландыру үшін, машиналар жүйесін жасады. Оған әр түрлі габаритті машиналардың 200-ге жуық атаулары мен типтік мөлшерлері енеді. Сыналатын сорттар мен селекциялық материалдардың салыстырылатындығы — селекциялық процесті ұйымдастырудың ең маңызды талаптарының бірі. Селекциялық питомниктер мен сорт сынау учаскелерінде барлық жұмыстарды бір мезгілде және жоғары сапалы етіп өткізу қажет. Көң мен минералдық тыңайтқыштардың құрамы бойынша біркелкілерін енгізу, оларды учаскеге біркелкі етіп бөлу және бірдей тереңдікке сіңіру керек. Учаскені бөлшектей отырып, мөлдектерде атыздардың құламауын, Бұлінбеуін бақылау қажет.. Селекциялық егісті күту. Селекциялық егісті үлгілі етіп үстау керек. Барлық зерттелетін сорттар үшін біркелілікті сақтай отырып, оларга дер кезінде және мұқият күтім жасайды. Сорт сынау уческесіндегі және питомниктердегі қатар аралықтары мен жолдар борпылдақ жұмсақ күйде ұсталуы және арам шөптерден мүлде таза болуы керек. Селекциялық орталықтарда селекциялық питомниктердің қатараралықтарын өңдеу үшін, МР—300 ротациялы шабықтаушы жасалған. Ол еңбек өнімділігін 20 есе, кейде одан да көп арттырады. Топырақтың қатараралығын өңдеу және қатарлары кең селекциялық питомниктерде арам шөптерді жою үшін, төрт қатарлы РФ—4 фрезер қопсытқышы қолданылады.

Емтихандық билет № 21

1.Картоптың маңызы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

Картоп өте маңызды ауылшаруашылық дақылы. Картоп түйнегі, ең алдымен кеңінен және әртүрлі тамаққа пайдаланылады. 1 кг түйнек 840 калорияға дейін береді және адамның тәуліктік рационында айтарлықтай орын алады. Картоп түйнегінде 22-25% құрғақ зат, 18-22% крахмал және 3%-ке дейін ақуызды заттар болады. Картоп ақуызы (белогі) өзінің биологиялық құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында және жануарлар организмдерінде синтезделмейтін амин қышқылдары көп. Картоп түйнегі адам организмінің қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы витаминдер: (С, В, А, Р, К) мен минералдық тұздардың маңызды көзі (Fe, Ca, K, Mg, Na, P) болып табылады.Картоп, әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін малазықтық дақыл ретінде жоғары бағаланады. 100 кг картоп түйнегінде 31 а.ө. Және 1,6 кг сіңімді протеин бар. Картоптың транспирациялық коэффициенті 430-570 өлшем бірлігінде өзгереді. Орташа есеппен 1 кг картоп түйнегін алу үшін 150 литр су қажет. Солтүстік Қазақстан жағдайында аудандастырылған картоп, сорттарының көпшілігінде интенсивті өсу мен түйнек түзу шілденің алғы, тамыздың бас кезінде болады, бұл жазғы ылғалдың мал түсетін кезіне сәйкес келеді де өнімнің қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Мұның бәрін Сотүстік Қазақстан жағдайында көп тараған механикалық құрамы ауыр топырақта және суармалы Солтүстік Қазақстан аймағында көптеген картоп сорттары түйнектернінің ең қарқынды өсуі тамыз айна сәйкес келеді де барлық түйнек өнімінің 60-80%, ал кейбір жылдары 93-95% ға дейін жетеді. Ортадан кештеу пісетін сорттардат тіпті қыркүйек айында да, егер ерте күзгі үсік өсіп-өнуді тоқтатып тастамаса, өнімге айтьарлықтай салмақ қосылады. Сорттар: Прискульский ранний, Мурманский, Шортандинский.