Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆

2.Алқаптық ауыспалы егіс: сыныптау, құрастыру ерекшеліктері

Алқаптық ауыспалы егіс деп жердің жартысынан көбіне астық, техникалық өсімдіктер немесе азық-түлік өндіруге керекті дақылдар егілетін түрін айтады. Мысалы: 1. Пар; 2. Күздік қарабидай; 3. Тары; 4. Жаздық бидай; 5. Арпа. 1-3. Жонышқа; 4-8 Мақта. 1. Беде; 2. Күздік қарабидай; 3. Картоп; 4. Бедемен араластырып себілген арпа.

3.Я.Я. Никитинский бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтаудың жалпы қағидалары, тәжірибедегі мәні.

Іссанада қолданылатын өнімді сақтау тәсілі (немесе, басқаша айтқанда, консервілеу),өнімдегі өтіп жатқан биологиялық үрдістерді жарым-жартылай немесе толығымен басуға (тоқтатуға) негізделген. Осыған байланысты белгілі ғалым, профессор Я.Я. Никитинский оларды жіктеп 4 қағиданы бөліп алды: биоз, анабиоз, ценоанабиоз және абиоз. Бұлардың әрқайсысының бірнеше шешімі бар.

І. Биоз - өз кезегінде ол қосымша 2 түрге ажыратылады: а) Эубиоз. Малдарды, құстарды және басқа да тірі ағзаларды асырау және тасымалдау. Ә) Гемиобиоз. Жемістер мен көкөністерді жас күйінде сақтау.

ІІ. Анабиоз. (қосымша 5 топқа бөлінген): а) Термоанабиоз. Өнімді төменгі температурада сақтау. Төменгі температура деңгейіне байланысты екіге бөлінеді: 1.психроанабиоз - Өнімді 00-С-қа дейінгі температурада салқындатып сақтау.2. –криоанабиоз - Өнімді 00-С –тан төменгі температурада мұздатып сақтау.ә) Ксероанабиоз. Азық-түлікті жарым-жартылай немесе толығымен сусыздандырып (кептіріп) сақтау б) Осмоанабиоз. Азық-түліктегі осмостық қысымды (тұз немесе қант қосу арқылы) сақтау. В) Ацидоанабиоз. Әр түрлі қышқылдар қосу арқылы өнім қышқылдығын арттырып сақтау. Г) Есірткіанабиоз. Өнім құрамына анестезиялық заттарды қосу арқылы сақтау. Ауыртпайтын заттарды қолдану.

ІІІ. Ценоанабиоз. (екі тобы бөлінген): а) Ацидоценоанабиоз. Белгілі бір микроағзаларды дамыту нәтижесінде өнімдегі қышқылдықты арттыру. Ә) Алкоголеценоанабиоз. Микроағзалар бөліп шығарған спиртпен консервілеу.

IV.Абиоз. (төрт тобы бар): а) Жылумен залалсыздандыру. Жоғары температураға дейін қыздыру. Ә) Сәулемен залалсыздандыру. Әр түрлі сәулелерді қолдану. Б) Химиялық залалсыздандыру. Антисептикалық заттарды енгізу. В) Механикалық залалсыздандыру. Сүзгіден өткізу. Консервілеу – латынның conservase-сақтау деген сөзі. Көптеген елдерде (әсіресе роман тілдерінде) бұл атау бір-ақ мәнді білдіреді «сақтау». Бізде оны жиі өте тар ұғымда, азық-түлікті сақтау үшін одан герметикалық ыдыста консерв жасау тәсілін сипаттауға тән деп түсінеді. 4.Топырақтың сіңіру қасиеті және физико-химиялық сипаттамасы.

Топырақтың сіңіру қабілеті деп топырақтың қоршаған ортадан қатты, сұйық заттарды, бөлшектер, молекулалар, иондар, микроорганизмдерді өз бойына сіңіріп ұстау қабілетін айтады. Физико-химиялық (алмаспалы) сіңіру қабілеті – топырақ ерітіндісіндегі катиондардың эквивалентті түрінің топырақтың қатты бөлігінің құрамындағы катиондардың бір бөлігінің орнына алмасып сіңуін аңғартады.Алмаспалы сіңіруді келесі реакциямен сипаттауға болады: Ca2+ТСК) Мg2+ + 5nacl → ТСК ) 5Na+ +cacl2+hcl+ мgcl2h+

ТСК (топырақтық-сіңіру комплексі) – топырақ құрамындағы сіңіру құбылыстарына қатынасатын заттар қосындысы немесе жиынтығы, оның басты бөлігін топырақ коллоидтары құрайды.