Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆

Емтихандық билет № 14

  1. Жүгерінің маңызы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

Морфологиясы.Жүгерінің сабағы тік тұрады, биіктігі 0,5-2,5 м, мұнын өзі ылғалдану жағдайы мен агротехникаға байланысты. Сабақтың өзегі борпылдақ, кеуекті, жас кезінде 5% дейін қант болады. Сабақтың жуандығы 1,5-2,5 см, ал сирек сабақ жиілігінде 3-3,5 см дейін жетеді. Сабақ түйіндерден тұрады, олардың саны сорттарына байланысты 8-ден 30-ға дейін жетеді. Сабақта орта қабаттағы жапырақтардың қолтығында собықтар түзіледі. Көптеген будандардың өсімдіктерінде әдетте 1-2 собық түзіледі, кейде көп собықты өсімдіктер де кездеседі.Төменгі жапырақтардың қолтығындағы бүршіктерден кейде бүйір бұталары (бөгде) өсіп шығады, әдетте олар жақсы қоректену жағдайына байланысты түзіледі, сорттық ерекшеліктеріне байланысты.

Биологиялық ерекшеліктері. Жүгері топырақ пен ауаның температурасына жоғары талап қояды, ол температураның үлкен өзгерісін және тәуліктік кенеттен болатын төмендеуі мен жоғарылауын көтере алмайды. Тұқымы 8-10ос жылылықта өне бастайды. Ең қолайлы температура тұқымның өнуіне 19-26ос, бұл жағдайда егін 5-6 күннен кейін көктейді. Жүгерінің көгі -2-30C бозқыраудан жарақаттанады. Көктемгі қысқа мерзімді бозқыраулар өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін жарақаттайды, егер өсу нүктесі сақталған болса олар қайтадан өсіп-өнуін жалғастыра алады. Өсімдік 5-тен 00C дейінгі аралықта тоңазып қалады. Жүгерінің генеративтік органдарының түзілуі мен гүлденуі 120Cтан жоғары температурада жүреді, ал одан төмен температурада ол созылып кетеді. Өскен сайын жылылықты ұнатады, ал жүгерінің өсіп дамуына ең қолайлы температура +20-280C. Көктегеннен кейін өсіп өнуінің алғашқы кезеңдерінде 13-190C температураның өзінде жүгері өсімдігі топырақтан Р2О5 сіңіру қабілетін жоғалтады және соның нәтижесінде оларда фосфорлы аштық байқалады. Будандардың пісу топтарына қарағанда белсенді температура жиынтығы 1700-2100. Солтүстік Қазақстан жағдайында мамырдың екінші онкүндігінде сеуіп және тамыздың үшінші онкүндігінде жинағанда жүгері осы кезеңде орта есеппен 1600-17000C жиынтығын алады, ал қыркүйектін басында жинағанда 1700-19000C. Ерте және орташа мерзімде пісетін сорт пен будан сүттене пісу кезеңіне жетеді. Собық массасы 210г. 1000 дәннің массасы 230-250г. Ерте пісетін сорт. Өсіп-өну кезеңі 118 күн. Өнімділігі орташа. Аудандастырылған аймақтағы астық өнімділігі 43,4 ц/га дейін және құрғақ заттары 67,6ц/га болды. Алтай 250МВ – Қазақ егіншілік ҒЗИ және Зыряновск МСС-да шығарылған. Екі буданды будан. Дәні жартылай тіс тәрізді сары, ақ және қызыл собықты сорт тобына жатады. 1994 жылдан Ақмола, Павлодар және тұқымшаруашылығы үшін Алматы облыстарында аудандастырылған. Өсімдіктің биіктігі 250см. Негізгі сабақта 14 жа- пырақ қалыптасқан. Собық аздап конус тәрізденген, ұзындығы 22см. Собық масса- сы 243г. 1000 дәннің массасы 334г. Ерте пісетін сорт. Өсіп-өну кезеңі 120 күн.

  1. Топырақты себу алдында және аралықты өңдеу: мерзімі және орындау ерекшеліктері, тереңдігі, құралдары, ерекшеліктері.

Топырақты себу алдында және аралықты өңдеу, мерзімі орындалу ерекшелігі, құралдар, тереңдігі. Солтүстік Қазақстан жағдайында топырақты себу алдындағы өңдеу жүйесі келесі жұмыстардан қалыптасады: ерте көктемде өңдеу, аралық культивация және себу алдында культивация.Ерте көктемде топырақты өңдеу.Негізгі міндеттері:Топырақтан ылғалдың булануын азайту және тұқымдарды біркелкі сіңіру үшін - топырақты тегістеутопырақтан ылғалды жоғалтпау үшін ұсақ түйіршікті борпылдақ топырақ үстін жасау, кеуіп қалған қатты топырақ қабыршағын жару.Топыраққа арамшөптердің тұқымдарын және қодранды (падалица) сіңіру, олардың жақсы өніп-өсуіне және культивациямен қырқып тастауына жағдай жасау. Аңызды танаптарда бүл жұмыстар БИГ-3 инелі тырма және ЗКК-6А шығыршықты таптауыш арқылы жүргізіледі.БАШҒЗИ қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан қуаң даласында ерте көктемде топырақ өңдеу жұмыстары негізінен күзден тегістелмеген танаптарда жүргізілгені тиімді деп есептелінеді. Мұндай жағдайда алғы дақылдан сақталған аңыз бен өсімдік қалдықтары топырақты буланудан қорғайды,  арамшөп тұқымдары жақсы, бір уақытта өнеді. Басқа жағдайларда ерте көктемгі топырақ өңдеу жұмыстары топырақ қабатындағы ылғалдың жоғалуына да себеп болуы мүмкін Егер күзде, өңделмеген танаптар болса, ерте көктемгі топырақ өңдеу жұмыстары сыдыра жыртқыш құралдармен (ЛДГ-10) жасалады, сыдыра жыртқышпен өңдеуден кейін топырақ міндетті түрде таптауышпен өңделеді Аралық культивация. Дала аймағында топырақтың физикалық пісіп-жетілуі шамамен сәуірдің соңғы он күндігінде басталады, осы кезең алғашқы көктемгі өңдеулер үшін қолайлы. Ал жаздық бидайдың себу мерзімі мамыр айының екінші жартысында болса, арпа мен сүлыны себу айдың аяғында қолайлы. Яғни ерте көктемгі өңдеу жұмыстарынан  бастап жаздық бидай себу мерзіміне дейін 25-30 күн, арпамен сұлы үшін 35-40 күн аралығы бар

.Себу алдындағы культиваци.Бүл культивация дәл себу алдында жүргізіледі. Мақсаты - арам-шөптерді жою және түқым себуге қолайлы жағдай жасау.Солтүстік Қазақстанда негізінен осы мақсатта сепкіш машинаны пайдаланады СЗС-2,1 ол бір өткенде төрт операцияны бірақ жасайды: себу алдында культивация, тыңайтқыш енгізу, себу және таптау. Осы себептен арамшөппен аз ластанған танаптарды сепкенде сепкіш машинаның бір өткені жеткілікті. Негізінде осы тәсіл пардан кейін бірінші және екінші танаптарда жоспарланады. Бірақ көп жағдайларда тек сепкіш машинаны пайдалану, арамшөптерді толық жоюға мүмкіндік бермейді. Ол үшін келесі шараларды қолдану қажетарамшөптермен ластану дәрежесі жоғары болғанда: себу алдында культивация ЛДГ-15 сыдыра жыртқыштармен  екі рет немесе тырмамен жабдықталған КТС-10-01 ауыр культиватормен жүргізіледі. Өңдеу тереңдігі себу тереңдігінен аспау қажет.Арамшөптермен ластану дәрежесі орташа болса, келесі тәсілдерді пайдалануға болады: 1) Себу алдында культивация сыдыра жыртқыштармен бір рет жүргізіледі және себу; 2) СЗС-2,1 сепкіш машиналармен айқас себу; 3) Себу және себуден кейін тырмалау.