Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆

Емтихандық билет № 22

  1. Солтүстік Қазақстанда майлы зығырдың өсіру технологиясының негізгі элементтері.

Зығырда ең жақсы алғы дақыл: жүгері, ірі бұршақты дән , вино-сұлылы қоспа, жұпты бидай, картоп, күздік дәнді дақылдар. Өткен дақылдардың жинап алуынан кейін лезде сүдігер өңдеуді ұқыпты өткізу керек. Оның негізгі тапсырмасы: арамшөптерді құрту және күздік ылғалдың жиналуы. Қыста қар тоқтату СВШ-7, СВШ-10, СВУ-2,6 көктемде топырақтың физикалық пісіп жетілуінің басталуымен ылғалды жабу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Өте ластанған алаңдарда себу алдында химиялық өңдеулер өткізу қажет және 1-2 культивациялық тереңдікке тұқымды отырғызу алдында топырақты тығыздау қажет. Тұқымды дайындау. Егу үшін себу сапасының шарртарына сәйкес сұрыпталған тұқым қолданылады. Тазалығы 97%, өнгіштігі 85% кем болмауы тиіс. Егу алдында 4-5 күн ішінде ауа жылуына қыздырылады. Егу алдында зығыр тұқымын ауруларға қарсы (фузариоз,антракноз, тат және т.б.) ТМТД80% -2-3КГ/т, nакмц қолданып,дәрілейді. Дәрілеуді ПС-10,ПС-10А техникаларын пайдаланып жүргізеді. Ең қолайлы себу мерзімі 15-20 мамыр. Егудің қатарлы немесе ленталы түрлерін қолданады.Себу мөлшері 6-7млн.ө.т. (45-50кг/га),тұқымды егу тереңдігі 4-6см.Қажетті мөлшерде, «елочка» сатысында, қосжарнақты арамшөптерге қарсы 2М-4х- 0,7-1,2кг/га ә.е.з.,гербициді қолданылады. Біржылдық дәнді арамшөптерге қарсы авадекс-1-1,02кг/га ә.е.з.

2. Топырақтың жарық және қоректік режимдері және оларды реттеу әдістері.

Жарық –өсімдік тіршілігі факторларының негізгілерінің бірі. Жарықтың өсімдіктер тіршілігіндегі маңыздылығы – олардың қатысуымен фотосинтез үдерісі жүріп, өсімдіктерде күрделі органикалық заттар түзілетіндігі. Жақсы түскен жарықтың әсерінен өсімдік тамырларының өсуі күшейеді, оның жапырақтары мен сабақтары да жақсы өседі, сондықтан өсімдіктер жоғары өнім береді. Жарық жеткілікті болса, өсімдіктерде органикалық заттар көп түзілуімен қатар, өнімнің сапасы да едәуір жақсарады. Мұның бәрі өсімдіктердің өсу-даму үдерістерінің жақсы жүруімен байланысты. Жарық жетіспесе дәнді дақылдар нашар түптенеді, тамырлары әлсіз болады және сабақтары шамадан тыс ұзарып, жіңішкеріп кетеді.

Қоректік заттар.Өсімдіктердің өсіп-өнуі және жетілуі үшін қоректік заттар өте қажет. Тірі ағза тіршілігінің ерекшелігі – олардың қоректенуі. Өсімдіктер дұрыс қоректенсе, олардың өнімі артып қана қоймайды, оның сапасы да едәуір жақсарады. Өсімдіктер өздерінің тіршілік ортасында барлық факторлар қажетті мөлшерде болып тұрғанда жақсы өсіп, жоғары өнім береді. Егіншілік жағдайында өсімдіктер үшін су, ауа және көбінесе қоректік заттар жетіспейді. Ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың негізгі міндеті – осы жетіспейтін факторларды дұрыс анықтап, оны болдырмау шараларын іске асыру.

Мәдени өсімдіктердің химиялық құрамын анықтайтын болсақ, онда 74 элемент бар, бірақ осылардың тек 16-сы ғана өсімдіктер тіршілігі үшін аса қажет. Олар: көміртегі, оттегі, сутегі, азот, фосфор, кальций, калий, күкірт, магний, темір, бор, марганец, мыс, мырыш, молибден және кобальт. Осы аталған негізгі қоректік заттардың (элементтердің) әрқайсысының да өсімдіктер тіршілігінде алатын өзіндік орны бар. Олардың тіпті, біреуінің ғана жетіспеуі өсімдіктердің қоректену үдерісін нашарлатып, өнімнің және оның сапасының төмендеуіне себепкер болады. Барлық өсімдіктерге басқа жағдайлар болып тұрғанның өзінде, тек бір ғана қоректік зат жетіспесе, өсімдіктерде өтетін түрлі биологиялық және физиологиялық үдерістер бұзылады, тіпті, басқа факторлардың да әсері нашарлайды, ал мұның бәрі қосылып дақылдар өнімін нашарлатады.