Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆

Емтихандық билет № 16

1.Солтүстік Қазақстанда жүгеріні сүрлемге өсірудің астықты технологиясы..

Солтүстік Қазақстанда жүгеріні сүрлемеге егудің астықты технологиясы. Сүрлем үшін ерте пісетін будандарды өсіргенде, арамшөптерден тазартылған топырақтарды себу алдында тереңдігі 7-8 см-ге бірақ рет өңдеседе болады. Біржыл-дық астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптер мен молынан ластанған егіс-терде, топырақтық гербицидтерді қолданамыз. Бұл гербицидтердің – Мерлин 90% к.э., Харнес 90% к.э., Стомп 33% к.э., Дуал Голд 96% к.э. Ерекшеліктері, олар топырақтарда аз қозғалады, сондықтан оларды егінді сеппей тұрып егіс алдындағы сыды-ра өңдеу кезінде, болмаса көк өскіндер шықпай тұрып малалау кезінде немесе көктеуге дейін шашуға болады. Бірақ егістер тұрақты азжылдық және көпжылдық арамшөптермен өте мол ластанған жағдайдайларда аталған топырақтық гербицидтердің әсерлері де, жетіспеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, жүгерінің 3-5(кейбіреулері 3-8) жапырақтану кезеңінде, гербицидтерді дақылдың өскіндері бойлап шыққаннан кейін қолданады. Олар,Диален 40% с.қ., Базис 75% с.т.с., Банвел 48% с.қ., Хармони 75% с.т.с., Титус 25%с.т.с., Базагран 48% с.қ. Жүгеріні өсіргенде, тек өскіндерге гербицидтерді шашқанда, әуелі өскін шықпай тұрып малалау, гербицидтерді бүрку және екі қатараралық өңдеуді жүргізу керек. Аталған (Базагран, Банвел, Диален, Лонтрел, Хармони) гербицидтер, тек қосжарнақты арамшөптерді ғана жояды. Сондықтан аралас және астық тұқымдас арамшөптермен ластанғанда: титус, базис, милагро-ны қолданамыз.Арамшөптермен ластану аралас болса, бірнеше гербицидтердің қоспасын пайдалануөте тиімді.

2.Топырақтың құнарлығы және мәдени түрлері.

Топырақ құнарлылығы дегеніміз -топырақтың өсімдіктерді бір мезгілде үздіксіз сумен және қоректену элементтермен қамтамасыз етуі (В.Р.Вильямстің1936 ж.).Қазіргі кезде топырақ құнарлылығы кең ауқымды түсінік. Өсімдіктерге ылғал мен тамыр арқылы берілетін қоректік элементтерден басқа жарық, жылу, оттегі қажет, ал оның көк бөлімдеріне көміртегі керек.Топырақ - әрі тірі, әрі өлі дене. Оның құрамында көптеген тірі микроорганизмдер бар. Олар құнарлықты қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Күн сәулесі топырақтың жылулық режимін анықтайды, бұл да топырақка құнарлылық туғызатын элементтердің бірі, өйткені ол ылғалдың булануына барлық физикалық-химиялық процестерге молекулярлық деңгейде әсер етеді. Топырақтағы фотохимиялық реакциялардың пайда болуы олардың белсенділігіне әсер ететін күн сәулесіне байланысты.

3.Дән массасын қоймада сақтау режимі мен тәсілдері. Сақтау тәсілдерінің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі.

Дән массасының қоймада сақтаған кезде өнуі, оның белсенді тыныс алуына байланысты болады. Дән массасының қоймада сақтаған кезде өнуі, оның белсенді тыныс алуына байланысты болады. Қарқынды тыныс алған кезде, көп жылу бөлініп шығады да құрғақ зат азаяды. Өну кезінде белок аммиакқа, крахмал қантқа айналады, бұл процесс дән массасын жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуіне қарама-қарсы әрекет. Дәннің өнуіне негізгі себеп, қойманың төбесінде тесік болуы, бір жерден аққан тамшы су, дән массасының өнуіне әкеледі. Мұндай жағдай болмас үшін, астық құяр алдында, ең алдымен қойманы жөндеу керек. Қоймаға астық құйғаннан кейін қойманы жиі-жиі дымқылдығы мен температурасын тексеріп, желдету керек. Астықты сақтағанда үйіндінің белгілі бір бөлігінде жекелеген дәндердің немесе массасының өну жағдайлары болуы мүмкін, ал оған жол беруге болмайды. Мұндай құбылыс дұрыс сақтамаудың немесе салақтықтың нәтижесінде туындайды. Өну әсерінен астық массасындағы құрғақ заттар шығыны болады, айтарлықтай температурасын жоғарылатады, тіршілік процестерін күшейтеді және астықтың себу, ұндық, нандық қасиеттері төмендейді.Тұқымның бөртуі үшін ылғал мөлшері жеткілікті болғанда тұқым төмен оң температурада да өне алады. Сақтаудағы астық массасында тамшыл-сұйық ылғал пайда болғанда ғана /су буының конденсациясы, су тигенде / астық ылғалдығын 30-36 % артуы мүмкін, басқаша айтқанда дұрыс сақтамағанда.

4. Топырақ жылуының маңызы, жылу қасиеттері. Топырақтың жылу құбылымы және жылу құбылымын реттеу жолдары. ТОЛЫК ЕМЕС Топырақтың жылу режимдері,олардыреттеу әдісі Жылу қасиеті.Топырақтардың дамуы мен өсімдіктердің өмірі үшін жылу керек. Топырақтың жылулық қасиеті де оның қажетті қасиеттерінің бірі. Топырақ жылуы белгілі бір мөлшерге жеткен кезде ғана онда өсімдіктер тамыры өсе бастайды. Жылу әсерінен микробиологиялық және химиялық процестердің қарқыны өзгереді. Топырақжылуды негізінен күн сәулесінен, оған қоса топырақтың жоғарғы қабатынан, жердің ішкі қызған қабаттарынан да, сонымен бірге топырақтағы микробиологиялық процестерден, тірі жәндіктердің тыныс алуынан, өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруінен, топырақтың құрамындағы кейбір заттардың өзара қосылысқа түсуінен, су буларының суға айналуынан, судың булануынан алады. Сонымен топырақтағы жылу режимі - жылулық күн сәулесінің топыраққа түсіп, оның қабаттарына еніп, жоғарыдан төмен қозғалып, қайтаданауаға оралу процесі.

5. Селекциялық процестің техникасы және оны ұйымдастыру. Селекциялық-тұқымдык жұмыстарды механикаландыру — өте маңызды міндет, өйткені даладағы және селекциялық-тәжірибелік мекеме лабораторияларындағы жұмыстардың біразы әлі қолмен істеледі. Оның өзіне тән ерек шелігі бар. Селекциялық жұмыстарға пайдаланылатын машиналар пайдалануға қолайлы және көлемі шағын мөлдектер мен тұқымдар партиясы көп болған кезде жоғары өнімділікті қамтамасыз етуге тиіс. Аталған машиналар түріне қойылатын маңызды талап — технологиялық операцияларды дәл орындау (егіс кезінде берілген аралыққа тұқымдарды қатарлап орналастыру, астықты толықтай бастыру т. Б.), сондай-ақ бір сорт жұмыстарынан екінші сорт жұмыстарына өткен кезде, олардың жұмыс және транспорт органдарын тез, жеңіл әрі толық тазарту. Тұқымдарды зақымдауға жол бермеу. Аталған машиналар жан-жақтылық, үйлесушілік талаптарына және тракторлардың маркаларын аздап пайдалану мүмкіндігіне жауап беруге тиіс. Ауыл шаруашылығын механикаландырудың ғылыми-зерттеу институты астық, жарма, бұршақтұқымдастар дақылдарымен, күнбағыс және қант қызылшасымен жүргізілетін селекциялық-тұқымдың жұмыстарды механикаландыру үшін, машиналар жүйесін жасады. Оған әр түрлі габаритті машиналардың 200-ге жуық атаулары мен типтік мөлшерлері енеді. Сыналатын сорттар мен селекциялық материалдардың салыстырылатындығы — селекциялық процесті ұйымдастырудың ең маңызды талаптарының бірі. Селекциялық питомниктер мен сорт сынау учаскелерінде барлық жұмыстарды бір мезгілде және жоғары сапалы етіп өткізу қажет. Көң мен минералдық тыңайтқыштардың құрамы бойынша біркелкілерін енгізу, оларды учаскеге біркелкі етіп бөлу және бірдей тереңдікке сіңіру керек. Учаскені бөлшектей отырып, мөлдектерде атыздардың құламауын, Бұлінбеуін бақылау қажет.. Селекциялық егісті күту. Селекциялық егісті үлгілі етіп үстау керек. Барлық зерттелетін сорттар үшін біркелілікті сақтай отырып, оларга дер кезінде және мұқият күтім жасайды. Сорт сынау уческесіндегі және питомниктердегі қатар аралықтары мен жолдар борпылдақ жұмсақ күйде ұсталуы және арам шөптерден мүлде таза болуы керек. Селекциялық орталықтарда селекциялық питомниктердің қатараралықтарын өңдеу үшін, МР—300 ротациялы шабықтаушы жасалған. Ол еңбек өнімділігін 20 есе, кейде одан да көп арттырады. Топырақтың қатараралығын өңдеу және қатарлары кең селекциялық питомниктерде арам шөптерді жою үшін, төрт қатарлы РФ—4 фрезер қопсытқышы қолданылады.