Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆

5. Элита тұқымдарының өндірісі. Элитті тұқымдардың толық өсіру схемасы.

Элита тұқымдарының өндірісі. Элитті тұқымдардың өсіру схемасы. Элиталы тұқым өсіру кестесі: I- жекелей сұрыптауда: І-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі 2-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі, 1-4 жылғы көбейту питомнигі 4)суперэлита 5) Элита, Жаппай сұрыптау: 1)1-2 жылғы көбейту питомнигі, суперэлита, Элита. Өздігінен және айқас тозанданатын элиталы тұқым өндіру жекелей сұрыптау әдісімен жүргізіледі. Осы әдіспен алынған сорттардың тұқымын өндіруде және болашағы бар, дефицитгі (тапшы) элита тұқымдарын өндіру жаппай сұрыптау әдісімен жүргізіледі. Сорттық бағалық, шаруашылық және биологиялық қасиеттерінің толығымен сақталып, жоғалмауы - сұрыптау кезінде жоғары өнімді, жақсы құрылған, сырт белгісі сортқа тән өсімдіктердің масақтары мен шашақ бастарын алу; жоғары агрофонда өсіру; тірлік және сорттық тазалауды жүргізу; сортқа сырт белгісі тән емес, нашар дамыған ауруға шалдыққан өсімдіктерді алып тастау арқылы жузеге асады. Жақсы ұйымдастырылған тұқым шаруашылығы тұқымдардың өнімін ұлғайтудағы өте қажетті сала. Сорттық өнімділік сапасы егістікті тек кана жоғары сапалы тұқым мен сепкенде байкалады. Егістік материалдық құндылығы тұқымның егістік және сорттық сапасымен бағаланады. Селекция тұқым өсіру қызметімен айналысатын мемлекеттік өндіріске беретін алғашқы тұқым элиталық немесе элита деп аталады. Оның сорттық тазалығы 100%, е.гістік сапасы 1 кластан темен болмауы керек, тұқым жақсы толыкқан бірыңғай, сонымен қатар 1000 тұқымдың салмағы мен өнімі жоғары болуы керек. Жыл сайын көбейтілген элитаның ұрпағы репродукция деп аталады.

Емтихандық билет № 24

1.Солтүстік Қазақстанда жаздық рапсты тұқымға өсіру технологиясының ерекшеліктері.

Ауылшаруашылық тәжірибесінде жаздық рапс малазықтық және майлы дақыл есебінде беделдігі өте зор. Рапс майының тағамдық және техникалық маңызы бар.Рапс күнжарасы мен шроты құнарландырылған бағалы мал азығы болып табылады.Соңғы жылдары малазықтық дақыл есебінде қызығушылық көбеюде. Рапстыңкөк балаусасы малазықтылығымен жоғары бағаланылады.Жаздық рапстың басты егістік аумақтары республикамыздың солтүстік өңірін-де – Ақмола, Солтүстік-Қазақстан және Қостанай облыстарында шоғырланған. Рапстың тұқымдық орташа өнімдігі 12-15 ц/га, көк балауса өнімділігі 200-300 ц/га.Рапсты тұқымға өсіргенде отамалы, сүрі жерлерге себілген дәнді дақылдар, көп жылдық шөптердің жыртылған жер қыртыстарында орналастырады. Ауыспалы ег- істе рапсты 1 егітен жеріне 4-5 жылсыз қайталап себуге болмайды. Рапсты қызылшалық ауыспалы егісте де орналастыруға болмайды, өйткені оның өзі құрт иесі. Рапсты көк балауса үшін отамалы және дәнді дақылдардан кейін, малазықтық және фермалық ауыспалы егістерде орналастырады. Рапстың өзі күнбағыс үшін нашар алғы егіс.Рапс тыңайтқыштарға тәлімді. Сүрі жер емес алғы егістерде минералдық тың- айтқыштарды (азот, фосфор) сіңіру, барлық аймақтар үшін өте тиімді.Далалы және ормандыдалалы аймақтарда рапсты сүрі жерлерге сепкенде, тамыз айында ГУН-6 агрегаты немесе СЗС-2,1 сепкішінің көмегімен, 10-16 см тереңдікке төңіректілетіп қос суперфосфат (Р60-80) сіңіру қажет. Азоттық тыңайтқыштарды (N15) көктемде, егу алдындағы сыдыра қопсыту кезінде, СЗС- 2,1 сепкішінің көмегімен, 6-8 см тереңдікке төңіректетіп сіңіру керек.Сапалы және керекті уақытында топырақты күзде өңдеу арамшөптерді жоюды,ылғалды жинауға және сақтауға, зиянкестердің санын азайтуға және көктемдегі ег-іс алдындағы өңдеулердің санын кемітуге көп көмегін береді.Өңдеу әдістерін таңдау алғы егістердің ластануына, дақылдың ауыспалы егісте орналасу орны және топырақтың механикалық құрамы мен түршесіне байланысты.Сондықтан олар әр топырақты-климаттық аймақтар үшін берілген нұсқауларға сәйкес жүргізілуі керек. Солтүстік Қазақстан жағдайында басты орын сыдыра қопсытуға (тереңдігі 12-14 см) беріледі. Топырақтар атпатамырлы арамшөптермен ластанған болса, ең тиімдісі 22-25 см-ге дейін тереңдетіп өңдеу.Егер алғыегіс – дәнді дақыл болса, оларды тиянақты түрде және аңыз қалдық-тарын қалтырмай жойып өңдеу керек. Дәнді дақылдардың сабан қалдықтары, рапс тұқымдарының өнуіне белсенді көмектеседі, сондықтан оларды ұсатып және танап бетіне шашып тастау қажет. Мұндай жағдайларда топырақты қосымша тығыздайды. Аса жеңіл топырақтарда және аз органикалық қалдықтар (асбұршақ) қалтыратын алғы егістерден кейін, топырақтарты шектеулі өңдеу жағдайында себеді.