Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆

4. Таулық аймақтар топырақтары және жайылма топырақтары классификациясы мен морфологиялық сипаттамалары.

Қазақстан территориясының 10 %-ға жуығын таулы аудандар алып жатыр және олар әртүрлі топырақтардан тұрады.

Климаты. Тауда әр 100 м көтерілген сайын орташа температура 0,50 °С-қа төмендейді, қысым да төмендеп, ауа ылғалдылығы мен жауын-шашын мөлшері біраз көбейеді. Климат таулардың етегіндегі субтропикалық белдеуден қар жатқан биіктіктердегі арктикалық белдеуге дейін ауысады. Таудағы пайда болған шөгінділерге байланысты, әртүрлі өсімдіктер формациялары мен микроағзалардың таралуы жүреді. Топырақтардың вертикал белдеулері. Климаттың ауысу заңдылықтарын, өсімдіктер мен топырақтың өзгеруі мен бұзылу типтерін және топырақ түзілуі бойынша ең алғашқы зерттеулерді В. В. Докучаев жүргізді. Ол Кавказ топырақтарын зерттеу барысында таудағы топырақтардың жалпы вертикал белдеулік заңдылықтарын белгіледі. Топырақтардың таудағы биіктік (вертикал) белдеулері ендік зоналықты қайталайды. Тау жүйелерінің биік белдеулерінің топырақтары – альпі, субальпі және орман топырақтары. Тау шалғындары топырақтары альпі және субальпі шалғындары астында пайда болады. Жауын-шашынның көп мөлшері, ауаның жоғарғы ылғалдылығы, қалың өсімдік жамылғысы топырақтарда органикалық заттардың жиналуына септігін тигізді. Термикалық бұзылудың басым болуы майда, күшті қаңқалы топырақтардың пайда болуына жағдай жасайды. Тау шалғындары топырақтарында 8-ден 20 %-ға дейін қарашірік бар, негізінде күлгінденбеген. Аңғарлардың төменгі бөліктерінде (300-ден 1200-м-ге дейін) жусанды-астық тұқымдастар астында сұр топырақтар, одан жоғарыда 1200-ден 3200 м-ге дейінгі тауаралық шатқалдарда – таудың қаратопырақтары, таудың күрең және құба топырақтары қалыптасады. Биік таулардағы құрғақ жазықтарда, 4 км-ден биік жерлерде тақыр тәріздес шөл топырақтары дамиды. 1600–2500 м биіктіктегі жақсы ылғалданған беткейлерде шалғынды-селеулі өсімдік жамылғысы астында қоңыр және күрең топырақтар, 2000 м-ден биікте – қаратопырақтар, ал шыршалы, қарағайлы ормандар астында орман топырақтары дамыған. 2800 м-ден биікте таудың шалғынды шымды және шымтезекті топырақтары дамиды, 5000 м-ден жоғарыда әр жерде таудың тундралық топырақтары кездеседі.

Таулы аймақтардың топырақтарын пайдалану. Оңтүстік таулы облыстарда егістіктер мен бақшалар басым, олар аумақтың 8 %-ын алып жатыр, жайылымдар мен шабындықтар – 55 %-ын, ал ормандар жалпы ауданның – 16 % -ын ғана алып жатыр. Тау шалғындары топырақтары шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады. Шөптесін өсімдіктер сел жүруінің алдын алуы арқылы эрозияға қарсы рөл де атқарады. Тау топырақтарында бидай, жүгері, мақта, жүзім, көкөністер өсіріледі. Тау топырақтары орман және ауыл шаруашылықтарында жайылым ретінде кеңінен пайдаланылады

5. Селекциялық материалдарды бағалау тәсілдері. Зиянкестерге қарсы төзімділік бағасы. Қолайсыз топырақ – климаттық жағдайларға төзімділік бағасы. Егіс жинауға және механизацияға берілген бағасы.

Селекциялық процестің техникасы және оны үйымдастыру. Селекциялық-тұқымдык жұмыстарды механикаландыру — өте маңызды міндет, өйткені даладағы және селекциялық-тәжірибелік мекеме лабораторияларындағы жұмыстардың біразы әлі қолмен істеледі. Оның өзіне тән ерек шелігі бар. Селекциялық жұмыстарға пайдаланылатын машиналар пайдалануға қолайлы және көлемі шағын мөлдектер мен тұқымдар партиясы көп болған кезде жоғары өнімділікті қамтамасыз етуге тиіс. Аталған машиналар түріне қойылатын маңызды талап — технологиялық операцияларды дәл орындау (егіс кезінде берілген аралыққа тұқымдарды қатарлап орналастыру, астықты толықтай бастыру т. Б.), сондай-ақ бір сорт жұмыстарынан екінші сорт жұмыстарына өткен кезде, олардың жұмыс және транспорт органдарын тез, жеңіл әрі толық тазарту. Тұқымдарды зақымдауға жол бермеу. Аталған машиналар жан-жақтылық, үйлесушілік талаптарына және тракторлардың маркаларын аздап пайдалану мүмкіндігіне жауап беруге тиіс. Ауыл шаруашылығын механикаландырудың ғылыми-зерттеу институты астық, жарма, бұршақтұқымдастар дақылдарымен, күнбағыс және қант қызылшасымен жүргізілетін селекциялық-тұқымдың жұмыстарды механикаландыру үшін, машиналар жүйесін жасады. Оған әр түрлі габаритті машиналардың 200-ге жуық атаулары мен типтік мөлшерлері енеді. Сыналатын сорттар мен селекциялық материалдардың салыстырылатындығы — селекциялық процесті ұйымдастырудың ең маңызды талаптарының бірі. Селекциялық питомниктер мен сорт сынау учаскелерінде барлық жұмыстарды бір мезгілде және жоғары сапалы етіп өткізу қажет. Көң мен минералдық тыңайтқыштардың құрамы бойынша біркелкілерін енгізу, оларды учаскеге біркелкі етіп бөлу және бірдей тереңдікке сіңіру керек. Учаскені бөлшектей отырып, мөлдектерде атыздардың құламауын, Бұлінбеуін бақылау қажет.. Селекциялық егісті күту. Селекциялық егісті үлгілі етіп үстау керек. Барлық зерттелетін сорттар үшін біркелілікті сақтай отырып, оларга дер кезінде және мұқият күтім жасайды. Сорт сынау уческесіндегі және питомниктердегі қатар аралықтары мен жолдар борпылдақ жұмсақ күйде ұсталуы және арам шөптерден мүлде таза болуы керек. Селекциялық орталықтарда селекциялық питомниктердің қатараралықтарын өңдеу үшін, МР—300 ротациялы шабықтаушы жасалған. Ол еңбек өнімділігін 20 есе, кейде одан да көп арттырады. Топырақтың қатараралығын өңдеу және қатарлары кең селекциялық питомниктерде арам шөптерді жою үшін, төрт қатарлы РФ—4 фрезер қопсытқышы қолданылады.