Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆

2. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері (мысалы-ерте пісетін және кеш пісетін жаздықтар).

Ауылшаруашылық дақылдарымен салыстырғанда арамшөптердің мынадай биологиялық ерекшеліктері бар:Арамшөптер өте өсімтал келеді. Мысалы, кәдімгі гүл тәжі арамшөбінің бір өсімдігі 500 мың түйір тұқым береді.Арамшөптердің тұқымы әртүрлі жолдармен кеңістікке тез таралады (жел – су – мал – адам – көлік – құс – көң арқылы).Арамшөп тұқымдарының өсіп-өну кезеңдері әртүрлі болады, яғни олар бір мезгілде шығып көктемейді, сондықтан оларды егін себер алдында бірден жойып жіберуге мүмкіндік жоқ.Арамшөптердің тұқымы топырақта ұзақ жатса да, өзінің өсіп-өну қабілетін сақтайды. Мысалы, дала қалуенінің тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін топырақта 20 жыл бойы сақтайды, ал қызылша гүл тәжісі тұқымы 40 жыл, дала шырмауығы 50 жыл жатса да өлмейді.Арамшөптер сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына (ыстыққа, суыққа, құрғақшылыққа) өте төзімді келеді. Бірқатар арамшөптердің жас өркендері – 10-110 С суыққа төзе алады.Көптеген арамшөптер өзінің вегетативтік мүшелері арқылы өніп-өседі. Мұндай өсіп-өнудің потенциалдық мүмкіншілігі зор, өйткені бір өсімдікте мыңдаған вегетативтік бүршіктер болады, ал әр бүршік жаңа өсімдік береді.Арамшөптердің тұқымдары топырақтың беткі қабатында-ақ немесе болмашы тереңдікте жатып та жақсы өсіп-өнеді.Көктемгі егіс алдындағы топырақты өңдеу арқылы осы кезеңде пайда болған арамшөптерді жоюға болады. Арамшөптерді жоюда егін сепкеннен кейінгі – тырмалау, әсіресе отамалы дақылдардың қатар аралығын культивациялау ерекше орын алады. Ерте піскен дақылды жинау кезінде немесе жинап алғаннан кейін дереу аңызды 6–8 см тереңдікте дискілі сыдыра арқылы өңдейді.Эрозия бар жерлерде аңызды сыдыра өңдеу үшін культиваторлар қолданылады. Олар топырақты 10-15 см тереңдікке дейін өңдей отырып, аңызға 70-90% дақыл сабағын қалдырады. Қоршаған ортаны әртүрлі препараттармен ластамай, табиғатты қорғау үшін арамшөптерді биологиялық әдіспен жоюдың маңызы зор.

3. Астықтың ылғалдылығы және оны анықтау тәсілдері.

Астықтың ылғалдылығы дегеніміз – алынған өлшемнің құрамындағы гигроскопиялық (бос немесе байланысқан) судың пайызбен берілген қатынасы. Астықтың ылғалдылығын анықтау тәсілдері шартты түрде ----тура немесе жанама болып екіге бөлінеді. Тура тәсілге салмағы 25-50 г болатын өлшемнен арнайы құралмен (3-Сурет) құрамындағы суды бөліп алу (дистиляция) жатады. Ол үшін үлгіні 0,1 г дәлдікке дейін өлшеп алады да, оны колба ыдысына салып, үстінен техникалық сұйық май құйып қыздырады. Дән құрамындағы су бу болып көтеріліп, салқындатқыш арқылы жинағышта шоғырланған судың салмағын өлшеп, оны өлшем салмағына пайыздық қатынаспен беру арқылы ылғалдылығын анықтайды. Астықтың ылғалдылығын анықтауда тәжірибеде кеңінен қолданылатын тәсіл- жанама тәсіл. Бұл тәсіл өз кезегінде екі топқа бөлінеді: термостатты- кептіріп анықтау \электр ылғал өлшегіштің көмегімен анықтау. Электр ылғал өлшегіштің көмегімен анықтау. Электр ылғал өлшегіштің көмегімен анықтау тәсілі пайдалануға қолайлы, уақытты көп қажет етпейтін жедел тәсіл болып табылады. Әдетте, өндірісте бұл тәсілмен ылғалдылықты анықтауда әр түрлі электр ылғал өлшегіштер қолданылады. Бұл құралдардың жұмыс істеу принципі негізінен өнім құрамындағы ылғалдың мөлшеріне байланысты электр тогын өткізу мүмкіндігіне негізделген. Негізінен шаруашылықтарда ВП-4, ВЗПК-1, ПВЗ-10Д, «Гигрорекорд» электр ылғал өлшегіштері қолданылады. Олардың барлығы дерлік алып жүруге қолайлы, салмағы жеңіл, әрі пайдалануға ыңғайлы. Электр ылғал өлшегіштер егіннің пісіп жетілу кезеңін, яғни, егінді бастыруға болатынын немесе болмайтынын анықтауға, бір түрге жататын ұсақ партия астықтарды біріктіріп, ірі партия құрауға немесе қоймада жатқан астықтың жай-күйін тексеріп отыруға қолайлы. Термостатты-кептіру тәсілі. Мемлекеттік стандарт бойынша негізгі тәсіл кептіру тәсілі болып табылады. Ол үшін арнайы кептіргіш шкафтар қолданылып, өнімді белгілі бір температурада қыздыру арқылы кептіреді. Элеваторларда, астық қабылдау орындарында бұл мақсатта СЭШ-1, СЭШ-2 немесе СЭШ-3М шкафтары қолданылады. СЭШ-3М (электр кептіргіш шкаф- 3 модификация, модернизация жасалған) шкафы ішінде қатарынан 10 бюксты қоюға арналған айналып тұратын орнықшасы бар негізгі корпустан, реттегіш реледен, оған жалғанған жалғанбалы термометрден және желдеткіштен тұрады.