Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆

3. Жарма өндіру тәсілдері және технологиялық үрдістердің сұлбасы, сапасын анықтау көрсеткіштері.

Жарма өндіру тәсілдері технологиялық үрдістердің сұлбасы , өсімдік майының сапасын, жарма сапасын анықтау. Қазіргі уақытта астықты ұнға тарту өңдеу үшін өнімділігі жоғары ұнтақгағыш машиналар /жанышқыш станоктар/, сорттаушы және елегіш машиналар, механикалық және пневматикалық т.б тасымалдағыш құрылымдар жасалған. Ірі кәсіпорындармен бірге соңғы кезде, әсіресе ауылдық жерлерде кішігірім диірмендер де пайда болды. Астықты ұнға тартатын құралдар мен машиналар жиынтығын диірмендер деп атайды. Біздің елімізде мемлекеттік диірмендер ұн тартатын зауыттар деп аталады. Олардың көпшілігінің тәуліктік өнімділігі 250-500 т. Сапалы пісірілген нан өнімдерінің әртүрлі сорттарын өндіру- күрделі биологиялық және физикалық-химиялық процесс. Ұннан өндірілетін нан және басқа бұйымдарды өндіруде негізгі екі тәсіл қолданылады: аралық өнімді /қамырды/, ашытпай тұщы өнімдер дайындау: нан өнімдерін қамырды бірнеше сағаг бойы ашыту /биологиялық/ тәсілімен дайындау. Ұнның тұщы өнімдеріне макарон, вермишель, кеспе, пряниктердің кейбір түрлері, тоқаш өнімдері мен нанның ұлттық сорттары жатады. Нан өнімдерінің негізгі бөлігі қамырдың ашу кезеңінен өтеді. Қамырды биологиялық тәсілмен дайындағанда ұнның құрғақ заттарының 2-3% жоғалады. Нанның сапасы көп жағдайда қопсытылғыштығының деңгейі мен дұрыстығына, жұмсағының саңылаулылығына байланысты. Қамырды дайындағанда негізгі қопсытқыштарға ашытқылар жатады. Олар аэробты жағдайда да, анаэробты жағдайда да дамып көбейеді. Нан пісіруде пішінделген немесе сығымдалған /престелген/ және кұрғақ ашытқылар, сонымен бірге сұйық ұйыткылар қолданылады.

4. Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтары классификациясы мен морфологиялық сипаттамалары.

Субтропика белдеуінде ылғалды - орман аймағы 20 %, ксерофитті орман және бұталық дала аймағы 30 %, шөлейт және шөл аймағы 50 % құрайды. Жаз және күз кезеңдерінде 2000 мм-ден артық жауын-шашын болуы мүмкін. Құрлықта топырақ жамылғысы төрт аймаққа бөлінеді. Оның екеуі солтүстік жарты шарда – Солтүстік Америкалық және Шығыс Азиялық – Қытай, Тайвань аралы, Жапония, ТМД елдерінде, Түркия, Марокко т.б. Мемлекеттерде кездеседі. Оңтүстік жарты шарда да екі аймақ орналасқан. Оңтүстік Америкалық – Бразилияның оңтүстігі, Парагвай, Уругвайлардың бір бөлігі және Австралиялық – Тынық мұхиттың жағалауы және Жаңа Зеландия Солтүстік аралы. Субтропикалық ылғалды-орман аймағында сары және қызыл топырақтар кең таралған. Бұл топырақтарға ферраллитті, сиаллитті–ферраллитті құрам тән, су құбылымы – шайылатын, реакциясы қышқыл рн - 4,5-5,5 төменгі қабаттарында қышқылдығы азайған, сіңіру сыйымдылығы көп емес (туынды минералдар-каолинит, иллит т.б. Байланысты), негіздермен қанығуы 80-85%. Сары және қызыл топырақтардың жоғарғы қабаттарында төменгі қабаттарына қарағанда лай аз мөлшерде болады, сондықтан олардың түсі ақшыл көрінеді. Құрғақ субтропикаға жақын, жылдық жауын-шашын мөлшері 800-1000 мм болған жерлерде субтропикалық прерийдің қызғыш-қара топырақтары қалыптасқан. Топырақтардың жоғарғы қабаттарында қарашірінді мөлшері 10 %-ға дейін болады, қалыңдығы 50-60см-ге жетеді.