Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆
  1. Топырақтың негізгі агрофизикалық қасиеттері, егіншіліктегі мәні және оларды реттеу әдістері.

Топырақтардың физикалық қасиеттері және онда жүретін физикалық үдерістер топырақтың түзілу үдерісіне, топырақтың құнарлылығына, өсімдіктердің өсуіне және дамуына зор әсер етеді. Физикалық қасиеттер барлық уақытта физикалық, химиялық, физикалық-химиялық және биологиялық үдерістердің әсер етуінен, сонымен бірге адамдар жүргізетін агротехникалық шаралар әсерінен өзгеріп отырады.

Топырақтардың физикалық қасиеттері негізгі және функционалдық болып бөлінеді. Негізгі өз кезегінде – жалпы физикалық және физикалық-механикалыққа; ал функционалдық – сулық, жылулық, ауалық болып бөлінеді.Топырақтың жалпы физикалық қасиеттеріне көлемдік салмақ, меншікті салмақ, кеуектілік немесе саңылаулылық жатады.

Топырақтың көлемдік салмағы (КС) деп сұлбасын бұзбай алған 1 см3 абсолютті құрғақ топырақтың грамм түріндегі салмағын айтады. Көлемдік салмақ топырақтың структурасына және ондағы қарашірік құрамына тәуелді. Топырақ құрамында қарашірік көп болса, көлемдік салмақ аз болады; топырақ структурасы айқын болған сайын, оның қопсуы мен көлемдік салмағы да аз болады.Топырақтың көлемдік салмағы қарашірікті горизонттарда өте аз болады – әдетте, 1,0-1,2 г/см3, орман төсенішінде және шымтезекте 0,2-0,4 г/ см3-не дейін түседі, төменгі минералдық горизонттарда 1,4-1,7 г/см3 дейін өседі. Едәуір көлемдік салмақ батпақтанған топырақтың глейлі горизонттарында – 1,7-1,9 кейде 2 г/см3-ке дейін байқалады.

Топырақтың меншікті салмағы (МС) деп топырақтың қатты бөлшектері салмағының 4°С температурадағы осындай көлемдегі су салмағына қатынасы айтылады. Меншікті салмақ топырақ құрамындағы қарашірікке және минералдық бөлшектердің сапалық құрамдарына тәуелді. Ендеше қарашіріктің меншікті салмағы 1,4-1,8-ге тең, ал топырақты құрайтын минералдық бөлшектердің салмағы 2,2-ден 3,7-ге дейін барады. Ірі түйіршікті шымды құмдауыт топырақтың көлемдік салмағы 1,8-ге, ал меншікті салмағы 2,65 тең; кәдімгі қара топырақта 10% қарашірінді болады, соған сәйкес 1,04 және 2,37. Көптеген топырақтардың орташа алғандағы меншікті саламағы 2,5-2,7-ге тең, ал көп қарашірікті жоғарғы горизонттарда – 2,4-2,6.

Кеуектілік немесе саңылаулылық (Н) деп топырақтардағы кеуектердің жалпы көлемі және белгілі көлемдегі берік топырақ бөлшектері мен түйіршіктер структурасындағы бос аралықтарды атайды. Кеуектілік – табиғи құрылымын бұзбай алынғаннан топырақтың жалпы көлемінің пайызбен өрнектелген мәні. Топырақтардың өте жоғары кеуектілігі жоғарғы (қарашірікті) горизонттарда 55­70%-ға тең, ал шымтезектер мен орман төсеніштерінде, тіпті – 90%. Тереңдеген сайын кеуектілік кемиді. Жоғарғы горизонттардың кеуектілігі қарашірік құрамымен, структура болуымен, өсімдік тамырлары мен қазғыш жәндіктердің әсер етуімен айқындалады.Кеуектілікке топырақтардың механикалық құрамы да әсер етеді. Кеуектілік балшықта 50­55%-ға тең, саздақта 50­40%, құмда – 30-35%. Топырақтардың глейлі горизонттарында кеуектілік өте төмен – 25-30%. Топырақтың жалпы кеуектілігі топырақтың меншікті және көлемдік салмақтарының мәндері бойынша (топырақтың жалпы көлемінен пайыздық мөлшері) анықталады.

Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері.Топырақ өңдеу үдерісінде ауылшаруашылық құрал­жабдықтарының әсер етуіне байланысты топырақ едәуір өзгерістерге ұшырайды да, ауылшаруашылық өсімдіктерінің өнімділігіне ықпал етеді.

Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттеріне байланыстылығы, иленгіштігі, ісінуі, жабысқақтығы, сығылуы, тығыздығы және жетілуі жатады.

Топырақтың байланыстылығы – топырақ бөлшектерін механикалық күштердің ажыратуына кедергі жасайтын топырақ қабілеті. Топырақтың байланыстылығы оның үзілуге, мыжылуға, майысуға кедергісінің мәнін өлшеумен анықталады және 1 см2-граммен өрнектеледі. Мысалы, қаратопырақтың байланыстылығы 12-16% ылғалдылық кезінде сығылуға қарсылық мәні бойынша 1080 г/см2-ге жетеді, 21-23% ылғалдылық кезінде – 61,8 г/см2. Ылғалдылық өскен сайын балшықты қара топырақтың байланыстылығы барлық көрсеткіштері бойынша төмендейді. Топырақтың байланыстылығы өңдеу сапасы мен машиналарға, өңдеуші қондырғыларға, жекелей алғанда соқаға кедергі келтіреді.

Топырақтың иленгіштігі – ылғалды жағдайда иленуі, оған берілген форманы сақтау қабілеттілігі. Бұл қасиетке тек саздақ және балшықты топырақтар, аздап құмдақ топырақтар ие, құмдауыт топырақтар иленгіш емес. Құрғақ жағдайда топырақтың иленгіштік қасиеті болмайды. Жоғары иленгіштігі бар топырақтардағы иленгіштік саны 17-ден көп, саздықтарда 17-7; құмдақтарда 7-0; құмдарда – 0.

Топырақтың жабысқақтығы деп ылғалды жағдайда топырақтың өңдеу жабдықтарының бетіне жабысу қабілеттілігін айтады. Жабысқақтық топырақтың механикалық құрамы мен структурасына тәуелді. Жабысқақтық мәні өңдеу құралдарынан топырақты бөліп алу үшін керек болатын күшпен, 1 см2граммен өлшенеді. Ауыр батпақты топырақтарда бұл мән 300-350 г/см2-қа жетеді. 

Топырақтың физикалық жетілуі (пісуі) деп оның өңдеуге қолайлы болатын, кесектері жақсы үгітілетін және ең аз тарту күші болатын күйін атайды.

Топырақтың тығыздығыдегеніміз – әртүрлі формадағы денелерді (конус, цилиндр, т.б.) Топыраққа күшпен енгізуге көрсететін кедергісі. Тығыздық 1 см2-қа түсетін килограммен өрнектеліп, тығыздық өлшегішпен анықталады. Топырақтың тығыздығы топырақ бөлшектерінің санына байланысты және де ылғалдылық жоғарылаған сайын азаяды.

Топырақ ісінуі дегеніміз – ылғалданған топырақтың көлемінің артуы. Бұндай қасиеттерге құрамында органикалық (әсіресе, қарашірік), минералдық коллоидтар және сіңірілген натрий бар топырақтар ие. Құрамында коллоидты бөлшектер мүлде аз құмдауыт топырақтар ісінбейді. Топырақ ісінуіне ерекше әсер ететін қарашірік, себебі оның көлемі ылғалданғанда едәуір ұлғаяды. Натрий катиондарымен қаныққан топырақтар – кебірлер ісінуге ерекше бейімді. Керісінше, сіңірілген натрийді кальциймен ауыстырғанда, ісіну төмендейді.

Топырақтың сығылуы дегеніміз – оның кебуі кезіндегі көлемінің кішіреюі. Ылғалданған кезде қатты ісінетін топырақтар, кепкенде көлемі біршама кішірейеді. 

3. Көкөніс және жемісті өңдеу тәсілдері. Көкөністердің, жемістердің бір бөлігін өсірілген орындарда өңдеу тағам ресурстарын сақтаудың маңызды жолы. Шаруашылықтың өндірістік іс әрекетінің экономикалық тиімділігін арттыруда да оның маңызы зор, осының нәтижесінде маусым аралықтарында бағалы өнімді толық және тиімді сатуға, жұмыскерлер күшін дұрыс пайдалануға мүмкіндік жасалады.

Көкөністер мен жемістерді өңдеудің тәсілдері сан қилы. Шикізатқа әсер ету және онда жүретін процестерге байланысты олар мынандай топтарға бөлінеді: биохимиялық ашыту, тұздау, жібіту, жеміс-жидек және жүзім шараптарын өндіру, химиялық антисептикалық әсері бар заттармен /күкіртті және сорбикалық қышқылдармен, пропионаттармен т.б/ консервілеу және маринадтау, стерилизация / консерві өндірісінде/, кептіру, мұздату, сәулелік стерилизация, т.б.

Өңделген өнім сапасы жөнінен мемлекеттік мөлшерлеу талаптары мен санитарлық нормаларға сәйкес келуге тиіс. Шикізаттың кез келген түрлерін өңдегенде міндетті түрде технологиялық процестердің барлық талаптарын орындайды және тиісті технохимиялық бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді.

Көкөністі және жемістерді өңдегенде өнімнің сапасына әсер ететін факторларға жататындар: шикізат дайындау, сорттық ерекшеліктері, шикізатты өңдеуге дайындауда технологиялық операцияларды сақтау, өнімге енгізілетін қосымшалардың /рецептің/ құрамы, технологиялық процестің кескіні мен режимін сақтау, өнімді орналастыратын ыдыс түрі, оның күйі және дайындау сапасы.

Жоғары саплы өнім алу үшін шикізат пісіп жетілу деңгейі, түсі мен мөлшері бойынша біркелкі болғаны дұрыс. Осыған байланысты көптеген өңдеу түрлерінде аталған белгілеріне қарай ол сұрыпталынады және іріктелінеді. Осылайша дайындалған шикізат жақсы өңделеді, онда жүретін әртүрлі процестер /физикалық, химиялық, биохимиялық, микробиологиялық/ бірқалыпты өтеді, өнім жақсы түрге енеді және дәмді сааға ие болады және әдетте, ыдыстарға жинақы орналасады.

Кез келген азықтық шикізатты өңдеудің маңызды шарты оны тиісті санитарлық күйге келтіру. Көкөністер, көптеген жемістер әр уақытта белгілі бір деңгейде ьопырақ қалдықтарымен ластанған және көп мөлшерде эпифиттік және топырақ микроорганизмдері кездеседі, олардың ішінде шіруді қоздыратындары да, әдетте өңездену саңырауқұлақтары да болады. Сондықтан шикізатты мұқият түрде ауызсумен жуған жөн. Су шығыны орта есеппен 0,7 л/кг, әртүрлі типтегі арнаулы жуғыш машиналар /қалақты, жұдырықты, элеваторлы, барабанды т.б./ қолданылады. Жуғыш машиналар болмағанда шикізат көлбеу елеуіштерде ағын сумен жуылады. Қортынды кезеңі бүріккіштің астында жуу.

4. Тұзданған топырақтар. Сорлар мен солодтардың классификациясы мен морфологиялық сипаттамалары. Тұзданған топырақтарға кебірлер, сорлар және солодтар жатады. Олар интразоналық топырақтар, яғни олардың өз топырақ зонасы жоқ және әр түрлі зона топырақтары арасында араласа кездеседі.

Сортаңдар Сортаңдарға жоғарғы горизонтында мәдени өсімдіктер өсуіне зиян келтіретін суда еритін тұздары көп мөлшерде болатын топы­рақтар жатады.

Сортаңдар құрамында неше түрлі тұздар кездеседі, бipaқ жиі кездесетіндері Mg, Са, Na тұздары, тұз, көмір және күкірт қышқылдарының тұздары. Сортаңдардың топырақтар ерітіндісіне бейтарап тұздар рн 7,0-7,5 реакциясын берсе, сілітілік (содалы) тұздар - күшті сілітілік ре­акция береді (рн 9-11). Барлық сортаңдарды аниондар мен катиондар және олардың тұздарының, сонымен қатар морфологиялық сипаттарына қарай жiктeйдi.

Аниондарына байланысты хлоридті, сульфатты, содалы және аралас сортаңдарға,

Катиондарына бай­ланысты натрийлі, магнийлі және кальцийлі сортаңдарға жіктеледі.

Морфологиялық сипаттарына байланысты

  1. Қабыршақты - құрғақшылық кезінде әртүрлі тұздардан тұратын, хлоридтерге байланысты ақ түсті, тығыз, қытырлақ қабыр­шақ түзеді.

  2. Борпылдақ - құрамында құрғақ, шаңдауыт Na2S04 тұзы бар, қалыңдығы 5-7 см беткі горизонты болады

  3. Шалғынды - минерализацияланған жер асты сулары жақын орна­ласқан шалғын өсімдіктері астында қалыптасады, қарашірік мөлшері 6-8 %, азотқа бай, бipaқ фосфор мен калий мөлшеpi жеткіліксіз.

  4. Тақыр - бөлек төбелдер ретінде кездеседі. Оларда өсімдіктер мүлде өспейді десе де болады, тығыз, беттері жарылып кетеді, тұзды горизонты кесекті, бірталай мөлшерде хлоридтер мен сульфаттар кездеседі.

Солодтар

Кебірлердің солодтарға айналу жолын К.К. Гедройц анықтады. Кебірлердің солодтарға айналу үpдici солодтану деп аталады. Солодтардың пайда болуы микроойпаңдарда, қар суы және жауын суымен топырақтың ұзақ уақыт шайылуы арқасында жүреді. А1 қарашірік горизонты астында бозғылт элювиалды солодтанған А2 горизонты, одан төмен - иллювиалды қалдықты-кебірленген В горизонты қалыптасады.

Солодтар :

  • Кәдімгі солодтарға - анық айқындалған А2 горизонты жоқ;

  • Шымды солодтар - айқындалған қарашірінділі А4 горизонты бар;

  • Шымтезекті солодтар - шымтезекті қабаты бар;

  • Кебірлеу және сортаңдау солодтар болып бөлінеді.