Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆
  1. Мәдени дақылдардың эколого-географиялық жүйеленуі. Мәдени өсімдіктердің шығу орталығы және қалыптасуы (н.И.Вавилов;п.М.Жуковский).

Мәдени өсімдіктердің эколого-географиялық систематикасы. Бір түрге жататын осімдік формаларыньщ биологиялық қасиеттері бойынша ерекшеленуіне байланысты селекцияда өте маңызды ұғым - экологиялық тип немесе экотип ұғымы қалыптасқан. ЭКО -ТИП (грекше eikos - үй, тұрғын жай, tipos - орын) өсімдіктің ұрпақ куалау тұрақтылығынан, топырақ-климат жағдайына және қалыптасқан тіршілікке бейімделген формасы Түрлі географиялык формадағы өсімдіктер әртүрлі жағдайда өсіп-өнуіне байланысты экологиялық форма ретінде сүрыпталу жолымен бейімделеді. Сондықтан географиялық формалар экологиялық формалар ретінде каралады. Дарвин іліміне толык, сәйкес келген эколого-географиялық систақырыптика, мәдени өсімдіктердің түрлі географиялық жағдайда эволюциялық өсуі адамның өндірістік кызметімен: сұрыптау және өсіру ісімен байланысты.Мәдени өсімдіктердің эколого-географиялық систақырыптикасы негізін қалаған - академик Н.И.Вавилов. Ол эколого-географиялық топтарға қарай түрлердің дифференциациялық заңдылығын анықтады. Әрбір эколого-географиялық топ барлық дақылдар үшін біріңғай табиғат-географиялық жағдайда сұрыпталу әсерінен қалыптасқан белгілердің ұқсастығымен сипатталады. Н.И.Вавилов эколого-географиялық принципке негізделген мөдени дақылдардың ішкі түрлі систақырыптикасының схемасын ұсынды:Түр, Эколого-географиялық түр, Ботаникалық әр түрлілік, Формалар мен сорттар. Эколого-географиялық систақырыптика селекционерге мәдени өсімдіктердің орасан сан алуандарының ішінен қажетті формалар мен сорттарды іздеп табуга мүмкіндік береді

Емтихандық билет № 15

  1. Солтүстік Қазақстанда тарының өсіру технологиясының ерекшеліктері.. Солтүстік Қазақстанда тарыны астық ретінде өндірудің технологиясы. Солтүстік Қазақстанда жарма алу үшін тары мен қарақұмық өсіріледі. Өңдеу нәтижесінде алынатын ақталған тары, арпа мен сұлы жармаларынан асып түсетін жоғары дәмділік сапасымен және қоректік қасиеттерімен ерекшелінеді.Далалық дақылдар арасында тары қуаншылыққа төзімділігі бойынша алғашқы орындардың қатарында, сондықтан құрғақшылық аймақтарда өсіру үшін таптыр-майтын дақыл. Солтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында, нақты айтқанда Павлодар облысында, тары өнімділігі бойынша астық дақылдылардан 2-3 ц/га артықөнім береді.Дақылдарды кезектестіріп орналастыру нұсқасына сай қатаң түрде алғы дақыл- дардан кейін орналыстырады.Тарының алғы дақылдары:көпжылдық шөптер,пардан кейінгі екінші дақыл топырақты аударылған қыртысы. Тұқымдық егістерді минералды тыңайтқыштармен тыңайтылған парда орналастыру қажет. Дәнді және дәндібұршақ дақылынан кейін тары егісінде күзгі топырақ өңдеу жұмыстары 12-14 см тереңдікте жүргізіледі. Көпжылдық шөптерден кейінгі топырақ қыртысын дайындау жартылай пар түрінде жүргізіледі. Бірінші өңдеу маусым айының 2-ші онкүндігінде 8 см тереңдікте; ал екінші өңдеу 15-ші маусым айында қыша себумен қатар 8-10 см тереңдікте; үшінші өңдеу қыркүйек айында 20-22 см тереңдікте жүргізіледі.Астық бағытындағы тары сорттары: Саратовское 6. Сорт Оңтүстік –Шығыс АШҒЗИ-да шығарылған. Сангвинеум түршесі. Сіпсебасы қысылған, антоциансыз. Дәні шар тәрізді, қызыл түсті. Мың тұқымның массасы 6,8-8,9г. Қауыздылығы 16,5%. Орташа мерзімде пісетін сорт, вегетациялық кезең ұзақтылығы 61-82 тәулік. Сорттың қара күйе ауруына төзімділігі жоғары. Жарма шығымдылығы 78%, дән толықтылығы 83%. Ақуыз мөлшері 14%. Сорт жапырылуға берік және шашылуға орташа төзімді. Ең жоғары өнімділігі 40,6 ц/ га.Шортандинское 7. А.И.Бараев атындағы АШҒЗИ-да шығарылған. Сангвинеум түршесі. Сіпсебасы қысылған, борпылдақ, сіпсебасы піскенде Саратовское 3 сортына қарағанда аз иіледі. Жастықшасы әлсіз байқалады. Дән ірілігі орташа,қызыл түсті. Мың тұқымның массасы 5,0-7,3 г. Қауыздылығы 15-19%.Орташа мерзімде пісетін сорт, вегетациялық кезеңі 77-83 тәулік, Саратовское 3 сортына қарағанда орташа 2-3 күнге бұрын піседі.Өсімдік биіктігі 83-112 см стандартқа сай. Жатып қалуға төзімді және шашылып қалуға төзімділігі 4 балл. Құрғақшылыққа төзімді. Сорт ерекшелігі - қара күйе ауруына төзімді.

  2. Тұқымның егістік сапасы және себу мөлшері. Егілетін тұқымның қажетті қасиеттеріне – тазалығы, өнгіштігі, өнгіштік күші тіршілігіне икемділігі, ылғалдылығы, мың дәннің салмағы, зиянкестермен ауру қоздырғыштарға шыдамдылығы жатады.Тұқымның тазалығы – тұқымның егуге жарамдылығының басты көрсеткіші болып саналады. Егуге арналған тұқымның тазалығы жалпы алынған үгіндінің ішіндегі негізгі дақыл тұқымның қанша % -ы екендігіне байланысты. Егер басқа сорттар дақылдарының, арамшөптері дәндерінің қосындылары аз болса, онда тұқымның тазалық көрсеткіші жоғары болғандығы. Таза тұқымның өнімділігі жоғары болады, әр гектарға себу мөлшері лас тұқымға қарағанда аз болады. 1 класс тұқымның тазалығы – 99%, 2 және 3 кластың тазалығы 97-98 % болуы қажет. 2) Тұқымның өнгіштігі деп тұқымның өнуіне қолайлы жағдай жасалғанда белгілі уақыттың ішінде (7-10 күн) бірыңғай көктеп шығу қасиетін, оның өнгіштігін атайды. Тұқымның өнгіштігімен қатар өнгіштік күшінде анықталады. Тұқымның өнгіштік күші деп оның бір уақытта бірыңғай түп тамырының пайда болуын айтады. Мемлекеттің талабына сай 1 кластық тұқымның өнгіштігі 95%-дан кем болмауы шарт. 3) Тұқымның өсу күші деп жас сабақтың белгілі топырақ қабатын бұзып шығуын және пайда болған 100 сабақтың салмағын айтады. Тұқымның күші егілгеннен кейінгі 10 тәулікте зақымданбай пайда болған көктерінің саны зертханада егілген үлгісінің қанша пайыз құрайтындығымен және өскен 100 сабақтың салмағымен анықталады. 4) Тұқымның тіршілігіне икемділігі деп себілетін тұқымдағы, өне алатын және егінді жинағаннан кейін пісіп жетілетін дәндермен бірге тірі болса да,өне алмаған дәннің пайыздық мөлшерімен сипатталады. Тұқымның сапасымен өну дәрежесінің төмен болу себебін анықтау қажет болған жағдайда тұқымның тіршілікке икемділігі зерттеледі. 5) Тұқымның ылғалдылығы – оның ұзақ сақталуына себепші болатын басты қасиеттерінің бірі. Ылғалдылық жоғары болса, тыныс алуы артып, тұқымның қызуы көтеріледі, аязды және жауынды күндерде тұқымның өнімділігін жоюға әкеп соқтырады. Кепкен тұқым ауаның жылы, суықтығына қарамастан өз өнімділігін жақсы сақтайды.

6) Тұқымның 1000 дәнінің массасы – тұқымның ірілігін, ішкі құрылысының толықтығын, тығыздығын көрсетеді. Практикада 1000 дәннің массасын білген жағдайда әр гектарға себілген тұқымның сан мөлшерін салмақ өлшемдеріне айналдыруға болады. Ол үшін 1 шаршы метрге себілген дәннің санын 1000 дәннің салмағына көбейтіп, егінге жарамдылық пайызына бөледі. Тұқымның тазалығы мен өнгіштік пайызын көбейтіп, оны 100-ге бөлгенде тұқымның шаруашылық жарамдылығы шығады. Мысалы, тұқымның тазалығы 98%, өнгіштігі 95% болса, оның шаруашылық (егуге) жарамдылығын былай табуға болады:=93,1 %. 7) Тұқымның зиянкес және ауру қоздырғышымен залалсыздануы себілген тұқымда жұқпалы аурудың және зиянкестердің болуы тұқымның өнгіштігін азайтады. Өнімнің тағамдық қоректік қасиеттерін төмендетеді. Егер себуге арналған тұқымда тірі зиянкестер не олардың дернәсілдері қаракүйе қаптары, бидай нематодтары кездессе, ондай тұқымды себуге болмайды. 8) Тұқымның себуге жарамдылығы дегеніміз – себуге алынған тұқымдағы осы дақылдардың %-бен көрсетілген өнгіштік қасиеті бар жарамды, таза дәндері.

  1. Қойма зиянкестері. Күресу және алдын алу жолдары. Астық зиянкестерінің түрлері өте көп. Олар тіршілік ету ортасына, қоректену мүмкіндігіне, т.б. Байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Көп зиян келтіретіндерінің бірі-қойма зиянкестері. Олар астықтың салмағын кемітіп қоймай, сонымен бірге, оны сақтауға, пайдалануға жарамсыз етіп, сапасын да түсіреді. Тұқымдық материалдардың өнгіштігін төмендетіп, егуге жарамсыз етеді. Азық-түліктік мақсаттағы астықтардың қоректілігін азайтып, нандық қасиеттерін нашарлатады. Зиянкеспен шектен тыс зақымданған астықты малға бергенде малдың ас қорыту ағзасы бұзылып, тіпті кей кездері оны улайды. Астық массасының зиянкестермен зақымдануы зерттеуге алынған үлгінің құрамындағы өсіп жетілудің кезкелген сатысындағы тірі зиянкестердің саны бойынша беріледі. Зиянкестермен зақымдану түрлерін 2 топқа бөледі: ашық түрде зақымдану; жабық түрде зақымдану; Ашық түрде зақымдануда алынған үлгі құрамындағы зиянкестер көзге көрінеді. Олар астық массасы қабатында, яғни дәннің сыртында тіршілік етеді. Астықтың мұндай түрде зақымдануын анықтау үшін тесігінің диаметрі 1,5 және 2,5 мм болатын екі елегішті бір-біріне кигізіп, 1 кг дәнді диаметрі 2,5 мм елегіштен өткен және 1,5 мм –лік елегіште қалған дәндерді ақ қағаздың үстіне қарап ірі зиянкестер санын анықтайды. Жабық түрде зақымдануды Брудной тәсілімен анықтауда орташа үлгіден 15 г дән алып, оны дән және лас қоспалардан тазалап, тор ыдысқа салады (7-сурет). Сонан соң температурасы 300С шамасындағы жылы суда 1 минут ұстап, тесіктің орнын ісіндіреді. Дайын болған үлгіні 20-30 сек 1 пайыздық калий қышқылы марганец (kmno4) ерітіндісіне батыру арқылы дәндегі тесік орнының қара түске боялғанын күтеді. Сол кезде зақымданған дәнде көлемі 0,5 мм шамасындағы қара дақ пайда болады. Осы белгі арқылы жабық түрде зақымданған дәндерді тез арада санап шығады. Егер, анықтау процесі созылып кетсе дәндегі қара дақ жоғала бастайды. Боялған тесік орнының жан- жағы қою қара түсті, ал ортасы ақшыл болса мұндай дәндерді есепке алмайды. Себебі ондай дәндерде зиянкес ұрпағы болмайды.

4. Топырақ ауасының құрамы. Топырақтың ауалық қасиеттері: диффузия, ауа өткізу, ауа сиымдылығы. Топырақтың ауа құбылымы топырақтағы ауа үш күйде кездеседі. Олар еркін ауа, сіңірілген (адсорбцияланған) және еріген ауа. Еркін ауа топырақтың қылтүтікті және қылтүтікті емес қуыстарында болып қозғалмалы келеді және атмосфера ауасымен алмасып тұрады. Адсорбцияланған ауа топырақтың қатты бөлігінің бетіне сіңген түрлі газдар. Қарашіріндісі мол, ауыр гранулометриялық құрамды құрғақ топырақта адсорбцияланған ауа мол болады.еріген ауа топырақ ылғалы құрамында кездесетін түрлі газдар. Олар қөмірқышқыл газы, аммиак, оттегі, күкіртті газ.ь топырақтың экологиялық қызметі белсенді жүруі үшін топырақ ауасымен атмосфера ауасы арасында газ алмасу құбылысы тұрақты өтіп жатуы қажет. Осы екі ауа арасындағы алмасу құбылысын газ алмасу немесе аэрация деп атайды. Аэрация жүруіне басты ықпал жасайтын диффузия құбылысы. Топырақ ауасында атмосфера ауасымен салыстырғанда оттегі концентрациясы кем, ал көмір қышқыл газы мөлшері артық, сондықтан диффузия әсерінен топыраққа оттегі сіңіп, ал одан көмір қышқыл газы ауаға бөлініп газ алмасу тұрақты жүреді. Аэрацияның қарымталы жүруіне топырақтың ауа қасиеттері – ауа өткізгіштігі және ауа сыйымдылығы әсерін тигізеді. Топырақтың ауа өткізгіштігі оның өз бойынан ауаны өткізу қабілетімен сипатталады. Қылтүтікті және қылтүтікті емес қуыстары мол, түйіртпекті топырақтың ауа өткізгіштігі жақсы болып келеді. Топырақтың жалпы ауа сыйымдылығы - деп түйіртпектілігі бұзылмаған құрғақ күйінде оның бір көлемінде бар ауаның пайыз арқылы сипатталған көрсеткіші. Қазақстанның басым көпшілік топырақ типтерінде оның ауа құбылымы жақсы қалыптасқан, тек қана ылғалы артық ойпат, батпақты жерлердің ауа құбылымы оны жақсартуды қажет етеді.

5. Арпа дақылының сорттық белгілері. Ақмола облысында аудандастырылған және өндіріске енгізілген сорттарының сипаттамасы. Ботаникалық сипаттамасы: Арпа (Hordeum) туыстасына, астық тұқымдасының туысына жатады. Оларда бір мәдени (hordeum vulgare) және 24 жабайы өсетін түрлері бар. Соңғылардың ішінен тек (H.spontsneum) дәнінің көлемімен мәдени түрге жақын. Ал басқалары өте ұсақ дәнді бір және көп жылдық мал азықтық өсімдіктер. Бұл түрлердің тобы, арпа шөптері (Subgenus Hordeastum /Doell/ Royemend Trof) түр тармағына жатады. Сорттардың белгілері. Сортты анықтағанда ботаникалық түршелерінен басқа морфологиялық белгілерін ескеру керек - масақ пішін мен оның иілуі; гүлдік қауызы мен негізінен түктенуі, т.б. Белгілеріне қосымша жататындар - сабақгың жуандығы, биіктігі, жапырылуға төзімділігі, балауыздың жапырақ қынабында, жапырақта және масақта қоюлануы, антоционды білінуі, иммунологиялык, биологнялқ, технологиялық және биохимиялық ерекшеліктері. Акмола облысында . Медикум түршесі. Орташа піскіш. Биіктігі 63-92 см, жатып қалуға орташадан жоғары (4 балл). Құрғақшылыққа төзімділігі өтежоғары. 1000 дәннің массасы 42-50г. Акуыздың мөдшері 14,5 -16,3 пайыз.