Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆

5.Сұрыптау және оның тәсілдері. Сұрыптау жүргізу кезінде туындайтын қиыншылықтар мен кедергілер.

Селекция (латын тілінен аударғанда selectio - сұрыптау немесе іріктеу) - жаңа сорттар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым.

Алғашқы кезде жаңа сорттар шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған.

Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар: будандастыру, полиплоидия, мутагенез, биотехнология сияқты басқа да әдістер кеңінен қолданылуда. Селекционердің жоғарғы мамандықтарын қажет ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқгы әдістерді пайдалану қазіргі күні басты бағытқа

Сонымен қатар, сұрыптаудың дәстүрлі әдістері де дамытылу үстінде, оларддың негізінде жаңа бағыгтар жасалып, іске асырылып жатыр.

Бірінші бағыт. Бір, екі, үш қысқа сабақтылық гені бар бидай, қара бидай, сұлы, арпа және басқа да дақылдардың қысқа сабақты сорттарын шығару.

Екінші. Бұршақтың масағынан төгілмейтін сорттарын шыгару, бұл үшін осындай төзімділігі анықталған донор пайдаланылады.

Үшінші. Күздік бидайдың қатты және күшті сорттарын шығару.

Төртінші. Бойында амин қышқылы — лизиннің құрамы таптырмайтьн құрғақ протеинге шаққанда 4,1 — 4,5 процент және одан да көп болатын арпа мен жүгерінің сорттары мен будандарын шығару.

Бесінші. Ауыл шаруашылық дақылдарының тыңайтқыштарға аса сергек сорттары мен будандарын шығару

Алтыншы. Экологиялық қауіпсіз минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдану тәжірибесіне мүлде жаңа тұрғыдан қарауды талап етеді.

Жетінші. Сұрыптауда гетерозисті пайдалануды кеңейту.Жүгеріге қоса күнбағыс будандарын шығару жөнінде де жұмыстар жүргізілуде.

Сегізінші. Қазақстан үшін күздік бидай мен қара бидайдың сорттарын шығару — ауыл шаруашылығы үшін ежелгі әрі көкейтесті мәселелердің бірі.

Тоғызыншы. Өнімділігі мен қолайсыз факторларға төзімділігін арттыратын жеке бағалы қасиеттері бар сорттар мен гибридтер шығару

Оныншы. Шөл жағдайында және қатты тұзданган топыраққа бейімделген галофит өсімдіктер шығару.

Он бірінші. Суарылатын және құрғатылған жерлер үшін сорттар мен гибридтер шығару

Емтихандық билет № 13

  1. Солтүстік Қазақстанда қарақұмықтың өсіру технологиясының ерекшеліктері.

Солтүстік Қазақстанда қарақұмық өсіру технолгиясының ерекшеліктері. Солтүстік Қазақстанда жарма алу үшін тары мен қарақұмық өсіріледі. Өңдеу нәтижесінде алынатын ақталған тары, арпа мен сұлы жармаларынан асып түсетін жоғары дәмділік сапасымен және қоректік қасиеттерімен ерекшелінеді.Дақылдарды кезектестіріп орналастыру нұсқасына сай қатаң түрде алғы дақыл- дардан кейін орналыстырады. Қарақұмық дақылының алғы дақылдары:пардан кейінгі жаздық бидай, пар, отамалы және дәнді бұршақ дақылдары.А.И.Бараев атындағы ашғзида қарамқұмық егісінде топырақты (14-16 см тереңдікте) күздік өңдеу кезінде ең жақсы нәтиежелер алынған, өнімділігі 7.9 ц/га, ал топырақты қайырмалы өңдеуде (20-22 см ), сәйкесінше 5.1ц/га құрады. Қысқы мерзімде қар тоқтату, ал көктемде қар еру жұмыстарын реттеу жүргізіледі. Көктемде топырақтың физикалық пісіп жетілу кезінде екі ізбен тырмалау шаралары өткізіледі. Бірінші қопсыту 8-10 см тереңдікте тырмалау мен топырақты нығыздаумен бірге, екінші себу алдындағы қопсыту тұқым сіңіру терендігінде жүргізіледі.Топырақтағы ылғал қорының жетімсіздігінде себу алдындағы қопсыту жұмыстары топырақты нығыздаумен қатар жүреді. Орташа мерзімде пісетін тары сорттары үшін себудің қолайлы мерзімі мамыр айының 3-ші онкүндігі, ал кеш пісетін сорттар үшін мамыр айының 2-ші онкүндігі. Тары дақылы үшін алғашқы вегетациялық кезеңнің өтуі баяу, сондықтанда себу шараларын арашөптермен ластанған танапта жүргізбеген жөн. Мұндай жағдайда себу жұмыстарын мамыр айының соңына маусым айының басына қалдырып, тағыда бір мәрте қопсыту жүргізген дұрыс. Механикалық құрамы жағынан жеңіл топырақтарда қолайлы тұқымды сіңіру тереңдігі 5-6 см, ал ауыр топырақтарда 4-5см.Қарақұмық мамыр айының 2-3-ші онкүндігінде себіледі. Солтүстік аудандарда 28-30 мамыр, оңтүстік аудандарда 20-25 мамыр аралығы. А.И.Бараев атындағы АШҒЗИ мәліметтері бойынша қарақұмықта ең жоғарғы өнім 18-28 мамыр аралығында себілген егістен алынған. Кең қатарлы егістен (45 cм) себу мөлшері 2.5-2.7 млн.өнгіш тұқым гектарына. Ауыр саздақты топырақтарда тұқымды сіңіру тереңдігі 3-4 см, қара топырақтарда 5-6 см сепкеннен кейін топырақты нығыздау шаралары жүргізіледі. Қарақұмық дақылынан жоғары өнім алу үшін 1га жерге 2-3 балара омартасын орналастыру негізі жағдай болып табылады. Себуге егістік стандарт бойынша бірінші класқа жататын тұқымдар қолданылады.