Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆

2.Солтүстік Қазақстанда астықты-сүрі жерлі ауыспалы егісті игеру

Солтүстік Қазақстандағы ең кең тараған дәнді-сүрі жер ауыспалы егісінің тәсімі: 1-сүрі жер, 2-жаздық бидай, 3-жаздық бидай, 4-арпа. Дақылдардың уақыт бойынша алмасуы, олардың белгілі бір танапта жыл сайык ауыспаліл егістің тәсіміне байланысты алмасып тұруын көрсетеді. Ауыспалы егістің бүкіл танаптарынан дақылдардың және сүрі жердің өтуі олардың территория бойынша алмасуын бейнелейді.

Осы аймақтың негізгі саласы бұл жаздық бидайдың тауарлы астығын өндіру болып табылады. Егістік аудандардың құрамында 60-70% дәнді дақылдар. Жаздық бидайдың ең жақсы алғы егісі таза немесе ықтырмалы сүрі жер. Оның егістерін сонымен қатар жүгеріні сүрлемге немесе жем шөпке, бір жылдық және көп жылдық шөптерден, дәнді бұршақ дақылдардан кейін орналастырады. Осы аймақта ең тиімдісі бұл қысқа айналымды сүрі жер дәнді, сүрі жер дәнді, отамалы және сүрі жер -шөпті-дәнді ауыспалы егістер. Көп жылдық шөптер (шықпа танап) негізгі дақылмен бірге себілмей (жамылғысыз) өсіріледі.

Ротация айналымының ұзақтығы және ауыспалы егістегі жердің меншікті келемі жауын-шашының мөлшеріне байланысты болады.

3.Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттері (астық массасының сусымалылығы, өздігінен сұрыпталуы, қуыстылығы, сорбциялық қасиеттері).

Астық массасымен астық өнімдерінің физикалық қасиеттері. Астық қорының толық сақталуы дәннің күйіне көп тәуелді. Астық массасының барлық қасиеттерін тәжірибеде келесідей екі топқа бөледі: физикалық; физиологиялық. Астық қабылдау мекемелеріне алуан түрлі дақылдардың астық топтары әртүрлі сапа көрсеткіштерімен келіп түседі: мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес, немесе шектеу кондициясының деңгейінде, немесе одан жоғары мөлшерде ауытқулармен болуы мүмкін. Қоймада орналастыру, егін жинағаннан кейінгі өңдеу әдістері, сақтау ережелері мен тәсілдері, мақсатты пайдалану т.б.түскен астық топтарының сапасына байланысты өзгереді. Стық егін алқабында қалыптастырылады және көптеген факторларға-сорттық ерекшеліктеріне, өсімдіктердің даму жағдайлары мен дәннің қалыптасуына, егін жинау ерекшеліктеріне, егін жинағаннан кейінгі алғашқы кезеңде, астықтың сақталу жағдайларына, астық қабылдау кәсіпорындарына оны жеткізу жағдайларына тәуелді болып табылады. Барлық астық топтары, дақылына қарамай мынадай физикалық қасиеттерімен ерекшеленеді: сусымалылығымен, өздігінен сұрыпталуынумен, қуыстылығымен, газдар мен булардың сорбциясы және десорбциясы, жыулылық-физикалық және масса алмасу қасиеттерімен. Астық массасының қасиеттерін ескермей астық сақтау, өндірістік үлкен шығындарға ұрындырады. Астық және астық массасының горизонталь жазықтыққа бұрыш жасай орналасқан бетте жылжуын олардың сусымалылығы деп атайды. Астық массасы жақсы сусымалылығымен ерекшеленеді, ал мұны конвейер, нория т.б. Құралдармен орын ауыстырғанда, бункерлермен силостарға астықты тиегенде және түсіргенде пайдаланады Астық массасының ауамен толтырылған бөлігін қуыстылық деп атайды.

4.Топырақ ерітіндісі реакциясы, қышқылдық және сілтілік реакция. Топырақ буферлігі.

Топырақтың сипатты қасиеті оның реакциясы, немесе топырақ ерітіндісінің реакциясы, ол Н және ОН1 иондар концентрациясының теріс арасалмағы, оны рн мөлшерімен белгілейді: рн = 3 - 4-ке тең болса тым қышқыл, 4 - 5 қышқыл, 5 - 6 сәл қышқыл, 7- бейтарап, 7 - 8 сәл сілтілі, 8 - 9 аса сілтілі топырақтар деп саналады. Топырақ ерітіндісінің реакциясы өсімдіктер тамырларының көмір қышқылы мен сутегі иондарын органикалық қалдықтарды ыдырату кезінде бөлуі, сонымен қатар микроорганизмдердің нитрификациялық іс-әрекеті барысында азот қышқылының пайда болуынан өзгеруі мүмкін.

Топырақтың қышқылдылығы – оның топырақ ерітіндісін қышқылдандыру қабілеті.

Топырақтың сілтілігі –топырақ құрамының сілті тарту қабілеті.

Топырақтың сілтілігі оның теріс қасиеттерінің бірі болып саналады, ол өсімдіктер мен микроорганизмдердің дамуын тежейді, коллоидтардың пептизациялануын арттырады және топырақтың қасиеттерін нашарлатады. Сілтізденген топырақтарға кебірлер, қара қоңыр топырақтар, боз немесе құба топырақтар, тақырлап, шөлейттің қоңыр топырақтары жатады.

Топырақтың буферлігі – топырақтың ортасын қышқыл немесе сілтімен өзгертуге қарсы тұру қабілеті, былайша айтқанда реакцияның өзгеруіне қарсы тұруы. Топырақтың буферлігі оның химиялық құрамына, сіңіру және алмаспалы катиондар сиымдылығына, топырақ ерітіндісінің қасиеттеріне, органикалық заттардың мөлшеріне және топырақтың механикалық құрамына байланысты болады

5. . Дақылдардың биологиялық-шаруашылық белгілерінің нашарлау себептері. Сорталмастыру және сортжаңарту. Маңызы, принциптері және жүргізу мерзімдері.

Сорт алмастыру және жаңарту, олардың мақсаттары, принциптері. Сорт деп, өнім түсімі мен енім сапасын көтеру мақсатында тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда өсіру үшін сұрыпталған әрі көбейтілген мәдени өсімдірстердің шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша ұқсас топтарын айтады. Сорталмастыру - мемлекеттік сынақтық қорытындысы бойынша өндірістегі ескі сортты өнімділігі мен сапасы жоғары жақа сортпен алмастыру. Сортжаңарту – сорттық, биологиялық қасиеттері төмендеген тұқымдарды сол сорттық жаға тұқымдарымен алмастыру. Тұқым жағарту негізі - элита болып табылады. Элита француз тілінен аударғанда - өте жақсы, деген мағынаны білдіреді. Сорттық ең жақсы сұрыпталып алынған өсімдіктерінің ұрпағы. Сорттық генетикалық тұрғыда сақталуын қадағалауда - жекелей және жаппай сұрыптаудың маңызы зор.Элиталы тұқым өсіру кестесі:I- жекелей сұрыптауда:І-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі2-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі1-4 жылғы көбейту питомнигі4)суперэлита5) Элита Жаппай сұрыптау: 1)1-2 жылғы көбейту питомнигі, суперэлита, Элита, Өздігінен және айқас тозанданатын элиталы тұқым өндіру жекелей сұрыптау әдісімен жүргізіледі. Осы әдіспен алынған сорттардың тұқымын өндіруде және болашағы бар, дефицитгі (тапшы) элита тұқымдарын өндіру жаппай сұрыптау әдісімен жүргізіледі.Сорттық бағалық, шаруашылық және биологиялық қасиеттерінің толығымен сақталып, жоғалмауы - сұрыптау кезінде жоғары өнімді, жақсы құрылған, сырт белгісі сортқа тән өсімдіктердің масақтары мен шашақ бастарын алу; жоғары агрофонда өсіру; тірлік және сорттық тазалауды жүргізу; сортқа сырт белгісі тән емес, нашар дамыған ауруға шалдыққан өсімдіктерді алып тастау арқылы жузеге асады. Жақсы ұйымдастырылған тұқым шаруашылығы тұқымдардың өнімін ұлғайтудағы өте қажетті сала. Сорттық өнімділік сапасы егістікті тек кана жоғары сапалы тұқым мен сепкенде байкалады. Егістік материалдық құндылығы тұқымның егістік және сорттық сапасымен бағаланады. Тұқымның егістпік сапасы - оның тазалығы, өскіндік қуаты, ылғалдылығы, 1000 тұқымның салмағы мен аурулар мен зиянкестермен зақымдану дәрежесімен сипатталады.

Емтихан билет №12

1Жармалық дақылдарының маңызы, олардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері (қарақұмық, тары мысалдары бойынша). Жармалық дақылдары сорттарының сипаттамасы.

Тары.Тары – жармалық дәнді дақылға жатады. Құрғақшылыққа төзімділігі жөнінен тары басқа далалық өсімдіктердің ішінде алдыңғы орынның біріне ие. Құрғақшылық аудандарға өте қажетті дақыл. Өндеу нәтижесінде алынатын ақталған тары арпа және сұлы жармаларынан асып түсетін жоғары дәмділік сапасымен және қоректік қасиеттерімен ерекшеленеді. Оның құрамында орта есеппен 81% крахмал, 12% ақуыз, 3,5% май, 0,15% қант, 1,04% клетчатка болады.Тары сабаны мен мекенінің құрамында 0,41 азықтық өлшем бар және мал азықтық құндылығы жағынан шалғындық пішенге таяу.Морфологиялық ерекшеліктері. Тамыр жүйесі – шашақты, 1,5 м дейін топырақ тереңдігіне және жан-жағына тарайды. Тамырдың негізгі массасы шашақтану кезеңі басталғанша қалыптасады, тірек ауа тамырлары түзілуі де мүмкін. Сабағы түкті. Жапырақтары – кең, қолайлы жағдайларда кеңдігі 3-4 см, ал ұзындығы 50-65 см дейін жетеді. Олардың беті түкпен көмкерілген. Гүлшоғыры - ұзындығы 10-40 см сіпсебас негізгі кіндікте 10-40 бұтақтар қалыптасады. Шашақтардың ұшар басында жалғыздан масақша орналасады. Гүлдері негізінен өздерінің аталықтарымен тозаңданады. Жемісі – дән, ұсақ, шар тәрізді, 1000 тұқымның массасы 5-8 г. Тұқымдылығы жоғары: бір сіпсебаста 300-ден 3000 мыңға дейін дән болуы мүмкін. Дәні қабықтылығы 15-25%.Кәдімгі тары көптеген түршелерден тұрады. Олар бес түр тармағына біріктіріледі: қомақты, тармақты, қысылған, немесе тығыз, сопақ және тұтас.Қысылған және тұтас тары жылуға жоғары талап қояды, ал қомақты және тармақты тарылар жылуға талабы айтарлықтай емес. Қомақты және тармақты тарының өсіп-өну кезеңі де қысқарақ болып келеді. Биологиялық ерекшеліктері.Тары жылу сүйгіш өсімдік. Тарының өне бастауына қажетті минимум температура 10-120C, алайда егін көгі 18-20 күн дегенде шығады. 15-160Cтемпературада өсімдіктің түптенуі қарқынды өтеді

Астық бағытындағы тары сорттары: Саратовское 6. Сорт Оңтүстік –Шығыс АШҒЗИ-да шығарылған. Сангвинеум түршесі. Сіпсебасы қысылған, антоциансыз. Дәні шар тәрізді, қызыл түсті. Мың тұқымның массасы 6,8-8,9г. Қауыздылығы 16,5%. Орташа мерзімде пісетін сорт, вегетациялық кезең ұзақтылығы 61-82 тәулік. Сорттың қара күйе ауруына төзімділігі жоғары. Жарма шығымдылығы 78%, дән толықтылығы 83%. Ақуыз мөлшері 14%. Сорт жапырылуға берік және шашылуға орташа төзімді. Сорттың ең жоғары өнімділігі 29,1 ц/ га.Саратовское 3. Сорт Оңтүстік –Шығыс ҒЗИ-да шығарылған. Сангвинеум түршесі. Орташа мерзімде пісетін сорт, 70-80 тәулікте пісіп жетіледі. Дәні шар тәрізді, ірілігі орташа, қызыл түсті. Мың тұқымның массасы 6,8-7,2 г. Қауыздылығы 17-18%, дән толықтылығы 88%, дән шығымы 31,6г, жарма шығымы 76%.

Тарының жемшөптік бағытында қолданылатын сорттары:Кормовая 89. Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Ауреум түршесі. 1993 жылдан бері Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында аудандастырылған. Сабағы нәзік, жақсы жапырақтанған, түктелген, ұзындығы 53 см-ге жетеді. Жапырағы ланцетті, кең ( 1,6-1,8 см ), жалаңаш, балауыз дағы жоқ, жасыл түсті. Жапырақ қынабы түкті. Тілшесі қысқа, кірпіктелген. Сіпсебасы борпылдақ, иілген, ұзындығы 24 см жетеді.Масақшасы -эллипс тәрізді, масақша қабығы үшкірленген жұмыртқа тәрізді. Дәні сопақша, сары түсті. Вегетация кезеңі орташа шаруашылықтық пісу-89 тәулік, жасыл балаусаға шабу мерзімі- 44 тәулік. Сорт өнімді.Омская 11. Сібір АШҒЗИ-да шығарылған. Флявум түршесі. Солтүсті Қазақстанда 1994 жылдан бері аудандастырылған. Сіпсебасы шашыраңқы, иілген. Дәні сары, шар тәрізді ұзынша. Мың тұқымның массасы 6,8-7,6 г, қауыздылығы 17-18%. Вегетация кезеңі 87-105 күн. Құрғақшылыққа төзімділігі орташа, жатып қалуға, қара күйе ауруына төзімді. Техникалық жіне жармалық сапасы жақсы. Толықтылығы 73%, жарма шығымы 76-78%. Ботқа түрі мен түсі- 4-4,5балл. Ақуыз құрамы 13-14%.

Қарақұмық

Қарақұмық жармасы жоғары қоректілік және диэтикалық қасиеттерімен бағаланады: оның құрамында 82 % дейін крахмал, 10-11 % ақуыз, 3 % май, 0,3 % қант, 2,1-2,5 % әртүрлі күлдік заттар бар. Қазақстандағы қарақұмық егістігінің көлемі 0,3 млн.га оның ішінде Павлодар облысында 0,2 млн.га, Қостанай 24 мың, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облысы 10,3 және Ақмола 0,1. Соңғы жылдары орташа өнім Қазақстан республикасында 4,3 ц/га болады.Морфологиялық ерекшеліктері.Мәдени қарақұмық – біржылдық шөптесін бұтақты өсімдік, іші қуыс сабағы қырлы, биіктігі 30-дан 150 см дейін. Қолайлы жағдайларда сабақ 10-12 бұтаққа дейін қалыптастырады. Далалық дақылдардың ішінде қарақұмық ылғал сүйгіштігімен ерекшеленеді. Т.к. 500-600.Қарақұмық құнарлы, борпылдақ, механикалық құрамы және орташа саздақ және құмдақ топырақтарда жақсы өседі.