Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆

2. Топырақты көктемде алғашқы өңдеу – ылғал жабу немесе тырмалау: мерзімі және орындау ерекшеліктері, құралдар, тереңдігі.

Топырақты көктемде алғашқы өңдеу, ылғал жабу, тырмалау,мерзімі, орындау ерекшелігі, құрал, тереңдігі. Топырақтан ылғалдың булануын азайту және тұқымдарды біркелкі сіңіру үшін - топырақты тегістеу. Топырақтан ылғалды жоғалтпау үшін ұсақ түйіршікті борпылдақ топырақ үстін жасау, кеуіп қалған қатты топырақ қабыршағын жару.Топыраққа арамшөптердің тұқымдарын және қодранды (падалица) сіңіру, олардың жақсы өніп-өсуіне және культивациямен қырқып тастауына жағдай жасау. Аңызды танаптарда бүл жұмыстар БИГ-3 инелі тырма және ЗКК-6А шығыршықты таптауыш арқылы жүргізіледі.БАШҒЗИ қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан қуаң даласында ерте көктемде топырақ өңдеу жұмыстары негізінен күзден тегістелмеген танаптарда жүргізілгені тиімді деп есептелінеді. Мұндай жағдайда алғы дақылдан сақталған аңыз бен өсімдік қалдықтары топырақты буланудан қорғайды,  арамшөп тұқымдары жақсы, бір уақытта өнеді. Басқа жағдайларда ерте көктемгі топырақ өңдеу жұмыстары топырақ қабатындағы ылғалдың жоғалуына да себеп болуы мүмкін Күзгі терең өңдеуден кейін танап беті негізінен ірі кесекті болып қалады. Танапты тырма мен өңдеудің алғашқы міндеті - ірі кесектерді жару, ұсату, топырақтағы саңылауларды жабу, топырақ үстін тегістеу. Егер күзде топырақтың ылғалдылығы қолайлы дәрежеде болса, жазықтілгіштермен өңдегеннен кейін танап беті ірі кесекті емес, тегіс болып қалады, бірақ мұндай жылдар сирек кездеседі. Сондықтан көктемгі топырақ өңдеу әдісі танаптың жалпы жағдайына байланысты және  осыған назар аударып, дұрыс  шешім қабылданғаны жөн. Егер күзде, өңделмеген танаптар болса, ерте көктемгі топырақ өңдеу жұмыстары сыдыра жыртқыш құралдармен (ЛДГ-10) жасалады, сыдыра жыртқышпен өңдеуден кейін топырақ міндетті түрде таптауышпен өңделеді. Қарасұлымен ластанған танаптардағы ерте көктемгі өңдеу жұмыстары теріс әсерін тигізу мүмкін. Қүралдармен өңделген борпылдақ топырақтардан ылғал ұшып кетіп, топырақтың беткі қабатында жатқан қарасұлы тұқымдары, бидайдың себу мерзіміне  дейін  өнбей қалады да, сепкеннен кейін өніп, егістерді ластайды. Осы себептен, мүндай танаптардағы топырақ күзден тегістелуі қажет Егер көктемде қарасүлыға қарсы гербицидтер енгізілетін болса, (триаллат, авадекс) ерте көктемгі өңдеу сыдыра жыртқышпен жасалады. Танаптағы аңыз және сабан қалдықтары жақсы туралып ұсатылуы қажет.Сортаңданған, құнарлылығы төмен, тез сазданатын топырақтарда ерте көктемгі өңдеу жұмыстары міндетті түрде қажет. Сортаңданған топырақтар құрғаған кезде топырақтың жоғарғы қабаты қатып, жарылады. Өңдеу жұмыстары топырақ бетінде борпылдақ, ұсақ түйіршікті қабатты қалыптастырады. 

3. Сақтау кезінде астық массасының өздігінен қызуы (ұялы, қабаттық, жаппай өздігінен қызудың түрі). Күресу жолдары.

Тұқым массасының өздігінен қызу құбылысы, оның мәні. Өздігінен қызудың түрлері және даму кезеңдері. Тұқым массасының өздігінен қызу құбылысы, физикалық және физиологиялық қасиеттермен тығыз байланысты. Өздігінен қызу құбылысы сақтау іс-санасында көп елдерде тараған. Бұл құбылыс әсіресе, күзігүні не жазғұтырым пайда болады. Бұл құбылыс дән массасының салмағын, оның дақылдық, азық-түліктік, жем-шөптік сапасын кемітеді.

Астық массасында жүретін физиологиялық процестердің нәтижесінде және жылу өткізгіштігінің төмендігінен ондағы температураның артуын өздігінен қызуы деп атайды. Бұл құбылыс табиғатта айтарлықтай кең тараған және астықты қоймаларда, қырмандарда сақтағанда, вагондар мен кемелерде тасымалдағанда болуы мүмкін. Өздігінен қызуға басқа да көптеген өсімдік және жануарлар өнімдері ұшырауы ықтимал.

Жәндіктер мен кенелердің тіршілік әрекеті де жылу бөле жүреді. Астықтың залалдануы жоғары болғанда және үйіндінің азғантай учаскісінде зиянкестердің мол шоғырлануынан да өте көпмөлшерде жылу бөлініп, өздігінен қызу байқалады.

Өздігінен қызу –кешенді құбылыс және ол астық массасындағы дәндер мен микроорганизмдердің тыныс алуының күшеюінің нәтижесі. Қалған тірі компоненттер астық массасында жылу бөлінуді күшейтеді. Астық массасының жылу өткізгіштігі төмендігінен онда жинақталатын жылу сыртқа шығатын жылудан артық болады да, астықтағы температураны арттырады. Астық массасының тамшылы – сұйық ылғалдың пайда болуынан оның беткі қабаты ылғалданады, ал мұның өзі микроорганизмдердің тіршілік әрекетін күшейте түседі. Астық пен оның қоспаларында бос су көп болған сайын, термогенезге қолайлы жағдай жасалады да, өздігінен қызу процесінің қарқындылығы артады.

Өздігінен қызу процесіне әсер ететін факторға астық массасының физиологиялық белсенділігін жатқызады. Егін жинағаннан кейінгі пісіп жетілу кезеңінен әлі өтпеген жаңа жиналған астық тобы, аяз ұрған, шала піскен, өнген дәндер, арамшөптердің тұқымдары жоғары физиологиялық белсенділікпен ерекшеленеді, олар сақтауға төзімсіз, оларда өздігінен қызу ерте басталады. Өздігінен қызудың негізгі себептері:\\\Ылғалдылықтың жоғары болуы.\\\Температураның көтерілуі.

Егін жинағаннан кейінгі пісіп жетілу кезеңінен әлі өтпеген жаңа жиналған астық сақтауға төзімсіз, оларда өздігінен қызу ерте басталады. Дән массасының өздігінен қызу құбылысы мынадай түрлерге бөлінеді:\\\Ұялы\\\Қабаттық\\\Жаппай

1) Ұялы. Өздігінен ұялы қызу астық массасының кез келген бөлігінде мына себептердің бірінен пайда болады: астық массасының белгілі бір учаскісінің шатырдың ақаулығынан немесе қойма қабырғаларының ылғалдан жеткіліксіз қымталуынан; бір қоймаға әртүрлі ылғалдылықтағы астықты құю және соның нәтижесінде жоғары ылғалды ұялардың (ошақтар) пайда болуы; астық массасында жоғары мөлшердегі қоспалар мен шаң тозаң, соның нәтижесінде микроорганизмдердің (учаскілердің) пайда болуы; үйіндінің бір бөлігінде жәндіктер мен кенелердің шоғырлануы және басқалары.

2) Қабаттық. Өздігінен қабатты қызу құбылысы қоймаларда, элеваторларда астықты үйіп сақтағанда туындауы мүмкін. Өздігінен қабатты қызу құбылысы қызған қабаттың орналасуына қарай 3- ке бөлінеді: төбелік, төменгілік және тік қабатты.