Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆

4. Таулық аймақтар топырақтары және жайылма топырақтары классификациясы мен морфологиялық сипаттамалары.

Қазақстан территориясының 10 %-ға жуығын таулы аудандар алып жатыр және олар әртүрлі топырақтардан тұрады.

Климаты. Тауда әр 100 м көтерілген сайын орташа температура 0,50 °С-қа төмендейді, қысым да төмендеп, ауа ылғалдылығы мен жауын-шашын мөлшері біраз көбейеді. Климат таулардың етегіндегі субтропикалық белдеуден қар жатқан биіктіктердегі арктикалық белдеуге дейін ауысады. Таудағы пайда болған шөгінділерге байланысты, әртүрлі өсімдіктер формациялары мен микроағзалардың таралуы жүреді. Топырақтардың вертикал белдеулері. Климаттың ауысу заңдылықтарын, өсімдіктер мен топырақтың өзгеруі мен бұзылу типтерін және топырақ түзілуі бойынша ең алғашқы зерттеулерді В. В. Докучаев жүргізді. Ол Кавказ топырақтарын зерттеу барысында таудағы топырақтардың жалпы вертикал белдеулік заңдылықтарын белгіледі. Топырақтардың таудағы биіктік (вертикал) белдеулері ендік зоналықты қайталайды. Тау жүйелерінің биік белдеулерінің топырақтары – альпі, субальпі және орман топырақтары. Тау шалғындары топырақтары альпі және субальпі шалғындары астында пайда болады. Жауын-шашынның көп мөлшері, ауаның жоғарғы ылғалдылығы, қалың өсімдік жамылғысы топырақтарда органикалық заттардың жиналуына септігін тигізді. Термикалық бұзылудың басым болуы майда, күшті қаңқалы топырақтардың пайда болуына жағдай жасайды. Тау шалғындары топырақтарында 8-ден 20 %-ға дейін қарашірік бар, негізінде күлгінденбеген. Аңғарлардың төменгі бөліктерінде (300-ден 1200-м-ге дейін) жусанды-астық тұқымдастар астында сұр топырақтар, одан жоғарыда 1200-ден 3200 м-ге дейінгі тауаралық шатқалдарда – таудың қаратопырақтары, таудың күрең және құба топырақтары қалыптасады. Биік таулардағы құрғақ жазықтарда, 4 км-ден биік жерлерде тақыр тәріздес шөл топырақтары дамиды. 1600–2500 м биіктіктегі жақсы ылғалданған беткейлерде шалғынды-селеулі өсімдік жамылғысы астында қоңыр және күрең топырақтар, 2000 м-ден биікте – қаратопырақтар, ал шыршалы, қарағайлы ормандар астында орман топырақтары дамыған. 2800 м-ден биікте таудың шалғынды шымды және шымтезекті топырақтары дамиды, 5000 м-ден жоғарыда әр жерде таудың тундралық топырақтары кездеседі.

Таулы аймақтардың топырақтарын пайдалану. Оңтүстік таулы облыстарда егістіктер мен бақшалар басым, олар аумақтың 8 %-ын алып жатыр, жайылымдар мен шабындықтар – 55 %-ын, ал ормандар жалпы ауданның – 16 % -ын ғана алып жатыр. Тау шалғындары топырақтары шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады. Шөптесін өсімдіктер сел жүруінің алдын алуы арқылы эрозияға қарсы рөл де атқарады. Тау топырақтарында бидай, жүгері, мақта, жүзім, көкөністер өсіріледі. Тау топырақтары орман

  1. Біржылдық көкөніс дақылдарының тұқымшаруашылығы. Шалғам және қияр тұқымшаруашылығы..

Көкөніс дақылдары – көкөніс (шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр-жемісті өсімдіктер, баданалар) алу үшін өсірілетін өсімдіктер. Олардың 80 тұқымдасының 600-ден астам түрі бар. Жемісұрықтылар (қызанақ, қияр, бұрыш), жапырақтылар (капуста, салат), бадана (пияз және сарымсақ), тамыр-жемісті өсімдіктер (сәбіз, қызылша, ақжелкен) Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын аудандарында өсіріледі.

Шалғам (Raphanus satіvus) — орамжапырақ тұқымдасына жататын көкөніс; крестгүлділер тұқымдасына жататын көкөніс.[1]

Бір жылдық шалғам (еуроп. Сорт) сепкен жылы тамыртүйнек салады, тұқым береді. Екі жылдық шалғам (қыстық сорт) сепкен жылы тамыр-түйнек, келесі жылы тұқым береді. Көбіне бір жылдық шалғам өсіріледі. Жапырағы аздап тілімделген, тамыржемісі ұсақ (7 — 20 г), түсі қызыл, алқызыл, ақ, күлгін, сары. Тамыржемісінде 25 — 30 мг%, жапырағында 50 — 60 мг% С витамині бар. Тамыржемісі жастай тағамға пайдаланылады. Гүлі ақ, қызғылт. Сепкеннен кейін 50 — 70 тәулікте гүлдейді. Суыққа төзімді, айқас тозаңданады. 20°С-та сабақтанып, тамыржеміс түзеді. Құрамында органикөлі заттар мол, борпылдақ, құмдақ топырақта жақсы өседі. Шалғам жылыжайда, ашық жерлерде өсіріледі. Шалғамның Заря, Йыгева 169, Новинка 515, Красный великан, Дүнген 12/8, тағы басқа сорттары бар. Шалғам Қазақстанның оңтүстік облыстарында көп өсіріледі. Негізгі зиянкестері: крестгүлділер бүргесі, орамжапырақ шыбыны, аурулары: альтернариоз, жалған ақұнтақ кеселі.[2]